ОРДАБАСЫДА ТАРИХИ-МӘДЕНИ ОРЫНДАРДА СЕНБІЛІКТЕР ӨТУДЕ

0
86

«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында тарихи-мәдени мұра обьектілерінде сенбілік жұмыстары жүргізілуде. Бекітілген кестеге сәйкес, Темірлан елді мекенінде орналасқан, 1903 жылы салынған оқушылар үйінің (ескі аурухана ғимаратында орналасқан) ауласының шөптері шабылып, қоқыстардан тазартылды. Жиналған қоқыстар «Темірлан абаттандыру» мекемесінің арнайы техникасымен полигонға тасымалданды.
Аталған жұмыстарға ауданға арнайы бекітілген облыстық мәдениет және туризм басқармасына қарасты «Оңтүстік фильм» мекемесінің, аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің, мәдениет үйінің, орталық кітапхана мен “Темірлан” спорт клубының, Тарихи өлкетану музейінің және “Қажымұқан Мұңайтпасұлы” атындағы облыстық спорт музейінің қызметкерлері белсене қатысып, ауданның көркейе түсуіне септігін тигізді.

Арнайы бекітілген жоспарға сәйкес, алдағы күндері Қажымұқан, Шұбар, Бадам, Қараспан ауылдық округтеріндегі тарихи-мәдени орындарға тазалық жұмыстары жүргізілетін болады.
Аталған іс-шара ауданымыздағы тарихи-мәдени орындарды таза ұстау, тазалық мәдениетін қалыптастыруға және санитарлық жағдайын жақсартуға бағытталған.

Аудан көлемінде жүргізіліп жатқан тазалық жұмыстарына барлық мекеме қызметкерлері бір кісідей атсалысып, әрбір ұжым бөлінген аумақтарда, көшелерде тазалық жұмыстарын қарқынды жүргізді. Яғни олар өздеріне бекітіліп берілген аумақтарда (көшелерде) жол жиектері мен арық-атыздарды қоқыстан тазартып, жабайы өскінділерді шапты. Сондай-ақ ағаштарды ақтап, қабырғаларды сырлады.
Акцияға елді мекендердің тұрғындары да атсалысып, үйлерінің аумақтарын, көшелерін қоқықстардан тазартты.

Leave a reply