Пятница, 20 сентября

САРЫАҒАШТА «ЖАЙЛЫ МЕКТЕПТІҢ» ҚҰРЫЛЫСЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРУДЕ

0
43

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен елімізде «Жайлы мектеп» жобасы жүзеге асады. Ұлтық жоба аясында Түркістан облысында 2023-2025 жылдары 63 жаңа мектеп бой көтереді. Аталған бағытта Сарыағаш ауданының әкімі Арман Абдуллаев ауданға қарасты Дербісек және Жаскешу елді мекендерінде салынып жатқан «Жайлы мектептің» құрылыс жұмыстарының мән-жайымен танысты.

Дербісек елді мекеніндегі 900 орындық мектеп ғимаратына ішкі әрлеу, ішкі сантехникалық жүйе орнату және электр сымдарын тарту жұмыстары жүргізілуде. Жалпы нысанда 162 құрылысшы құрылыс жұмыстарын жүргізуде. Жаскешу елді мекеніндегі 900 орындық мектептің 1-ші және 2-ші қабатына электр сымдарын тарту, ішкі әрлеу жұмыстары жүргізілуде.

Бүгінгі күнге дейін атқарылған құрылыс жұмыстарының жағдайын саралай келе аудан басшысы, мердігер мекеме өкіліне құрылыс жұмыстарының қарқынын күшейтуді, құрылыс жұмыстарына сапалы материалдарды қолдану қажет екенін ескертті.

Айта кетсек, Мемлекет басшысының арнайы тапсырмасымен үш ауысымды, апатты, ескі мектептер мәселесін шешу бағытында «Жайлы мектеп» пилоттық ұлттық жобасы әзірленді. Жоба шеңберінде заманауи мектеп ғимаратының құрылысы жүргізіліп, ауыл және қала мектептерінің айырмашылығын едәуір азайту көзделген. Осы жоба аясында Сарыағаш ауданында 10 мектеп салу жоспарланған.

«Жайлы мектеп» Ұлттық пилоттық жобасын іске асыру шеңберінде 2023-2025 жылдары Түркістан облысында құрылысы салынатын 63 мектептің (жобалық қуаттылығы 49 000 орын) іс-шара жоспары бекітіліп, бекітілген іс-шара жоспарына сәйкес жаңа мектеп құрылысын салуға тиісті құжаттар Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігіне ұсынылып, жұмыстар атқарылған. Сондай-ақ 2023-2025 жылдары құрылыс жұмыстары жүргізілетін елді мекендердегі мектептерді инженерлік инфрақұрылыммен (су, электр, жылу желілері, кәріз жүйелері, кірме жолдар, интернет желілері, қоғамдық көліктер және т.б.) қамтамасыз ету шаралары қабылданып, инфрақұрылым жоспары бекітілді.

Leave a reply