ЖЕТІСАЙ: ЖОЛ САЛУ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

0
84

Соңғы жылдары елді мекендер мен ауданаралық жолдарды қалпына келтіру, тас төсеп, асфальттау, тозығы жеткен немесе жаңадан салынған көшелерде тұрғындарға ыңғайлы жағдай жасау мақсатында Жетісай ауданында ауқымды жұмыстар атқарылуда. Ауданның кіре беріс қақпасы саналатын Ш.Ділдәбеков ауылдық округінің 13 елді мекенінде жалпы ұзындығы 77,6 шақырымды құрайтын 114 көше бар.

Өткен жылы «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы аясында округтегі Сұлубұлақ елді мекеніндегі жалпы ұзындығы 4,07 шақырымды құрайтын 6 көшеге, жергілікті бюджет есебінен Қызылтаң елді мекеніндегі ұзындығы 0,94 шақырымды құрайтын Балдаурен көшесіне орташа жөндеу жұмыстары жүргізілсе, биылғы жылы Сырабат елді мекеніндегі жалпы ұзындығы 7,2 шақырымды құрайтын 10 көшеге орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде.
Аудан әкімі Серік Үсенұлы Мамытов жауапты сала басшыларымен жаңадан салынған жолдардың сапасы мен барысын көріп, арнайы танысып шықты. Тұрғындармен тілдесіп, ұсыныс-пікірлерін тыңдады.

Сонымен қатар, қазіргі таңда Байдала елді мекеніндегі жалпы ұзындығы 1,2 шақырымды құрайтын Есімов, Қызылтаң елді мекенінде ұзындығы 0,65 шақырымды құрайтын Тазалық, Кемер елді мекеніне қарасты жалпы ұзындығы 1,56 шақырымды құрайтын Азаттық, Табыс, Бағбан көшелеріне орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін сметалық құжаттамасы әзірленіп, ведомстволық сараптама қорытындысын алу жоспарлануда.

Leave a reply