«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН»: ҰЛТТЫҚ ЖОБА АЯСЫНДА ТҮРКІСТАНДА 100- СЕНБІЛІК ӨТТІ
“Таза Қазақстан” ұлттық жобасының басты мақсаты – экологиялық мәдениетті қалыптастыру. Ал, экологиялық мәдениет ең әуелі табиғатқа жанашырлық танытудан басталады.
Бұл бағытта Түркістан қаласында жұмыстар жүйелі атқарылуда. Қазіргі таңда барлық салаға тазалық күні бекітіліп берілді. Осы бекітілімге сәйкес Түркістанда тазалық жұмыстары күнделікті атқарылады.
Бүгін «Таза Қазақстан» ұлттық жобасы аясында қала әкімдігінің ұйымдастыруымен 500-ден астам түркістандық сенбілікке шығып, секторлардағы орталық 15 көшенің бойын тазалады. Ағаш бұталып, әктеліп, жолдардың бойы шөптен аршылды. Қоқыстарды артып тасымалдауға 20-ға жуық техника жұмылдырылды.
Жоба басталғалы бұл 100-ші сенбілік. Бүгінге дейін қала аумағындағы орталық маңызы бар көшелердегі кәсіпкерлік нысандар мен қасбеттерін реттеу бойынша қалалық әкімдіктің 14 мекемесіне 32 көше бекітіліп, мердігер мекемелерді ұйымдастыру арқылы тиісті жұмыстар атқарылды.
Нәтижесінде 3839 нысан сараланып, жөндеуді қажет ететін 1562 нысан анықталды. Оның барлығы ретке келтірілді. Көп қабатты үйлердің қас беттері мен аулалары және суару жүйелері қайта жаңартылды. Көп қабатты үйлер алдына жаңадан 297 дана қоқыс салғыштар орнатылды. Орталық көшелер бойына жаңадан орындықтар мен қоқыс салғыштар (110 дана) орнатылды Саябақтар мен скверлерге толық тазарту жұмыстары жүргізілді.
Тазалық мәдениетін қалыптастыру, халықты тазалыққа үйрету мақсатында учаскелік полиция инспекторы, сектор маманы және қоғам белсенділерін тарта отырып, 10 мобильді топ құрылды.
Мобильді топ жұмысының нәтижесінде, жыл басынан бері:
– Ортақ пайдалану орындарда ластау дерегімен ӘҚБтК 434-2 бабы бойынша 4729 хаттама толтырылды.
– - Абаттандыру қағидатын бұзу дерегімен ӘҚБтК 505- бабы бойынша 1164 хаттама толтырылды.
– - Жол жабындысын бүлдіру дерегімен ӘҚБтК 630-бабы бойынша 510 хаттама толтырылды.
Салынған айыппұл мөлшері 81 млн. теңгеден асты. Атқарылған жұмыстар өз нәтижесін беруде. Тұрғындар белгіленбеген орынға қоқыс тастамауға, қоқысты кестеге сәйкес шығаруға дағдыланып келеді.