ҚАЗЫҒҰРТТА МЕДИЦИНАЛЫҚ НЫСАНДАРДЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ҚАРҚЫНДЫ

0
86

Денсаулық сақтау саласы адам өміріне ең қажетті аса маңызды саланың бірі екені баршаға мәлім. Қазіргі таңда республикамыз бойынша денсаулық сақтау саласына ерекше көңіл бөлініп, медициналық нысандарды көбейту, материалдық жағдайын жақсарту, жақсы мамандар оқыту бағыттары бойынша ауқымды істер атқарылуда.

Дәл осы денсаулық сақтау саласы бойынша бүгінгі күні Қазығұрт ауданында 5 нысан салынып жатыр. Оның ішінде 1 медициналық пунк, 1 дәрігерлік амбулатория және 3 фельдшерлік-акушерлік пунк бар. Сондай-ақ, бірнеше медициналық нысанға жөндеу жұмыстары жасалуда.

Бұл бағыттағы жұмыстардың қарқынын көріп, сапасын бақылау мақсатында аудан әкімі Азизхан Исмаилов Қазығұрт, Сарапхана және Жаңабазар ауыл округтеріне арнайы іс-сапармен барды. Жұмыс сапары барысында Қазығұрт ауыл округі Ащыбұлақ елді мекеніндені дәрігерлік амбулаторияның құрылысын, Сарапхана ауыл округінің Майлыошақ елді мекенінде орналасқан медициналық пунк пен Махамбет елді мекенінде орналасқан ФАП құрылысын, Жаңабазар ауыл округінің орталық ауруханасын ағымдағы жөндеу жұмыстарын көрді.
Аудан басшысы Азизхан Азимханұлы әрбір нысан басында құрылысты жүргізіп жатқан мердігер мекеме басшыларымен кездесіп, халықтың және өзінің ұсыныстарын жеткізді.

Leave a reply