Қазақстанның Қызыл кітабына үш жануар енді
Қазақстан Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі елдің Қызыл кітабына тағы үш жануар енгенін мәлім етті. Оған жолбарыс, Оңтүстік-Батыс Азия қабыланы және керқұлан (Пржевальский жылқысы) кірді, – деп хабарлайды “Хабар 24”.
Телеарна мәліметінше, Оңтүстік-Батыс Азия қабыланының бүкіл әлем бойынша саны – 870-1,3 мың. Қазақстанда бұл жануар Үстірт мемлекеттік табиғи қорығында ғана кездеседі. Сонымен қатар, бүгінде министрлік Балқаш аймағында жолбарысты көбейту бағдарламасын жасады, ол 15 жылға есептелген. Бұл бағдарлама бойынша, тіршілік ету ортасын дайындалады, кейін жолбарыстарды сонда жібереді, артынша бағдарламаның орындалуын бақылап отырады.