ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДАҒЫ БІЛІМ ОШАҚТАРЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫС ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫН АЛДЫ

0
130

Өңірде жаңа оқу жылы қарсаңында бірқатар білім ошақтарында, сонымен Шардара қаласындағы «Шардара» мектеп-лицейінде газдандыру жұмыстары жүргізіліп жатыр. 171 мұғалім, 46 кіші қызметкер бар. Жобалық қуаты 1196. 1440 оқушы екі ауысымда білім алуда. Оқу ғимараттары 1979 жылы салынған. Жұмыстар бүгінде толығымен аяқталған. 19 тамызда тапсырылады деп күтілуде. Сонымен қатар «№1 Таңшолпан» және «Балауса» бөбекжай бақшасының газдандыру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Мұнда 7 жұмысшы құрылыс жүргізуде. Қыркүйек

Облыс әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаев Шардара және Қазығұрт аудандарына жұмыс сапарымен барып, бірнеше әлеуметтік нысанды аралап көрді. Күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстарымен танысты. Жауапты мердігерлермен тілдесіп, тиісті мамандарға міндеттер жүктеді.Шардара ауданының Көксу ауылында күрделі жөндеу жұмыстары жүріп жатқан Т.Айбергенов атындағы мектеп-гимназиясына барды. Мұнда 187 мұғалім 91 кіші қызметкер жұмыс істейді. Жобалық қуаты 750 оқушыға арналған мектепте 984 оқушы екі ауысымда білім алады. Оқу ғимараттары 1972-2006 салынған. Бүгінде жұмыстың жартысынан көбі аяқталған. Жүзге жуық жұмысшы бар. Ай соңында тапсырылады. Келісім-шарт бойынша нысан 2025 жылға өтпелі.

Жұмыс сапары әрі қарай Қазығұрт ауданында жалғасты. Қызылқия ауыл округіне қарасты Атажұрт елді мекенінде 150 орындық жаңа мектеп соғылып жатыр. 2020 жылы наурыз айында басталған құрылыс биыл шілде айында аяқталу жоспарланған. Нысанда 42 адам және 3 техника жұмыс істеп жатыр.Қазығұрт елді мекенінде орналасқан Қ.Тұрсынқұлов атындағы мектеп-гимназиясының ғимараты 1973 жылы пайдалануға берілген. Қуаттылығы 960 орындық. Типтік ғимаратта 1500-ге жуық оқушы білім алуда. Биыл ішкі әжетханасына ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

Жіңішке елді мекеніндегі 1992 жылы пайдалануға берілген Д.Қонаев атындағы жалпы білім беретін мектеп ғимаратына ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Қуаттылығы 180 орындық білім нысаны типтік ғимаратта орналасқан. 300-ден оқушы білім алуда.

Leave a reply