ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА “АУЫЛ ЕЛ – БЕСІГІ” БАҒДАРЛАМАСЫМЕН ОРТАЛЫҚ КӨШЕЛЕР ЖӨНДЕЛУДЕ

0
44

Биыл Түлкібас ауданы аумағындағы 11 елді мекеннің 36,8 шақырымды құрайтын 27 көшесіне «Ауыл Ел-бесігі» мемлекеттік бағдарламасы аясында орташа жөндеу жұмыстары жүргізіледі.

Бүгінде жөндеу жұмыстары басталды. Біршамасының мердігері анықталып, асфальт жабындысын төсеу жұмыстары қолға алынған. Бұл жұмыстар толық аяқталған жағдайда аудан аумағындағы ішкі жолдардың қанағатты жағдайы 88 пайыздан асады деп күтілуде.

Оған қоса өткен жылы Шардара ауданында «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы аясында бірқатар жұмыстар атқарылды. Соның бірі Шардара ауданына қарасты Жаушықұм ауылдық округінде 3 көше, Қ.Тұрысбеков ауылдық округінде 7 көше және Достық ауылдық округінде 7 көшеге орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді. Оған қоса облыстық бюджеттен Қоссейіт елді мекеніне кіреберіс 1,6 шақырымды құрайтын аудандық маңызы бар жолдың орташа жөндеу жұмыстарын аяқтауға қаржы қаралып, шілде айында мемлекеттік қабылдау жұмысы қаралады деп күтілуде.

Бүгінде мемлекеттік сатып алу жұмыстарын жүргізу мақсатында құжаттар әзірленуде. Бұдан бөлек, жергілікті бюджеттен қаржы қаралып, Шардара қаласындағы жалпы ұзындығы – 6,5 шақырымды құрайтын 12 көшеге орташа жөндеу мен тас төсеу жұмыстарын жүргізу көзделген. Оның ішінде ұзындығы 3,7 шақырымды құрайтын 6 көшені орташа жөндеу қалған 6 көшеге тас төсеу жұмыстары жоспарланған.

Айта кетейік, жергілікті бюджет есебінен Шардара қаласы мен ауылдық округтердегі 40 көше орташа жөндеуден өтіп, тас төсеу жұмыстары жүргізіліді. Оның ішінде Шардара қаласы мен ауылдық округтердегі ұзындығы 8,73 шақырымды құрайтын 16 көшені орташа жөндеу және 25 көшеге тас төсеу жұмыстары жүргізілді.

Leave a reply