ТҮРКІСТАН: САРЫАҒАШТА КӘРІЗДЕРДІ МЕХАНИКАЛЫҚ ТАЗАРТУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА

0
55

Ауданда тұрғындардың тарапынан көптеген ұсыныс пікірлері мен ұсыныстарының бірі егістік жерлерді ағын сумен қамтамасыз ету болатын. Ағын су каналдары тазаланбағандықтан, жаз айларында сумен қамтамасыз етуде қиындықтар туындап, ауданда ағын су жетіспеушілігі туындайды.

Бұл ретте, егістік жерлерге толық ағын су жеткізіп беру және төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында аудандық бюджет есебінен облыстық «Тұран-су» МКК арқылы 3 экскаватор сатып алынып, «Сарыағаш ауданы су шаруашылығы» МКК-і Қабланбек ауылдық округіндегі ұзындығы 0,8 шақырым құрайтын «Хожахан» каналын механикалық тазалау жұмыстарын жүргізуде. Аудан әкімі Арман Абдуллаев Сарыағаш қаласында жүргізіліп жатқан кәріздік тазарту қондырғысының құрылыс жұмыстарына арнайы барып, жай-күйімен танысты. Құрылыс барысымен танысқан аудан әкімі тиісті бөлім басшысы мен мердігер мекеме өкіліне құрылысты жүйелі түрде жүргізіп, сапалы аяқтауды тапсырды.

– Құрылыс жұмыстарына үлкен жауапкершілікпен қарай отырып,мерзімінде аяқтау қажет. Себебі алдағы уақытта қаланың дамуын ескеретін болсақ, көп қабатты тұрғын үйлердің кәріз жүйесіндегі мәселелерді шешуде нысанның орны маңызды.-, деді аудан басшысы.

Сонымен қатар, Сарыағаш қаласындағы кәріздік тазарту қондырғысы тәулігіне 3400 текше метр су тазартуға қауқарлы. Кәріздік тазарту қондырғысын салу қаланың санитарлық-эпидемиологиялық ахуалын жақсартады.

Айта кетсек, жобалаушы мекеме «IMPYLS» ЖШС тарапынан жобалау-сметалық құжаттамасы әзірленіп, сараптаманың оң қорытындысы алынған. Қазіргі таңда, бюджеттен құрылыс монтаж жұмыстарына қаржы қаралып, мердігер мекеме «Сарыағаш Аман» ЖШС тарапынан құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Құрылыс нысаны 2022 жылы басталып, ағымдағы жылдың соңында аяқтау жоспарлануда.

Leave a reply