ТҮРКІСТАН: САРЫАҒАШ АУДАНЫНДА ИНФРАҚҰРЫЛЫММЕН ҚАМТУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

0
72

Сарыағаш ауданы, Шеңгелді елді мекенінің жерасты су қорын іздеу, барлау жұмыстары мердігер мекеме «Өмірзақ» ЖШС-гі тарапынан жүргізілуде. Қазіргі таңда 952 метр тереңдікте бұрғылау жұмыстары аяқталып, ұңғымадағы суды сорғылау жұмыстары атқарылуда. Бүгін аудан басшысы Арман Абдуллаев Жылға ауылдық округіне арнайы барып, Шеңгелді елді мекенін ауыз сумен және сапалы электр энергиясымен қамтамасыз ету мақсатында жүргізіліп жатқан құрылыс жұмыстарының барысын бақылады.

Сонымен қатар, аудан басшысы аталған елді мекендегі сапалы электр желісімен қамту жұмыстарын жүргізуші мердігер “Андас групп” ЖШС-ның басшысымен кездесіп, құрылыс жұмыстарын тездетіп бастап, жоспарға сәйкес жүргізуді тапсырды. Жобаға сәйкес 27,7 шақырым электр желісін жүргізу және 6 дана электр трансформаторларын орнату қарастырылған.

Құрылыс жұмыстарымен танысқан аудан басшысы мердігер мекеме өкілдеріне құрылысты жоспар бойынша мерзімінде, сапалы аяқтауды, сонымен қатар, тиісті бөлім қызметкеріне жұмыс барысын баяндап отыруды тапсырды. Оған қоса Жаңаарық елді мекеніндегі А.Дүйсенбиев көшесіне асфальт жамылғысын төсеу жұмыстары басталды. Сметалық құжаттамаға сәйкес 2,9 шақырымда орташа жөндеу жұмыстары қарастырылған.
Жол құрылысында болған аудан басшысы мердігер мекеме өкіліне асфальт жамылғысын сметалық құжаттамаға сәйкес төсеуді және жұмыстарды жоспарға сай мерзімінде сапалы аяқтау қажет екенін атап өтіп, ауылдық округ әкіміне бақылауды күшейтуді тапсырды.

Leave a reply