ТҮРКІСТАН: СОЗАҚТА ЭКОЛОГИЯЛЫҚ МӘДЕНИЕТТІ ҚАЛЫПТАСТЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ ҮРДІСКЕ АЙНАЛУДА

0
93

Аудан аумағында экологиялық мәдениетті қалыптастыру жұмыстары үрдіске айналуда. Әр күні бөлім, мекеме қызметкерлері тазалықты жанына серік етіп, “Таза Қазақстан” шарасына белсене атсалысуда. Бұған қоса, жергілікті тұрғындар мен белсенді жастар да қоршаған ортаның тазалығына аса жауапкершілікпен қарап, тазалық жұмыстарын тұрақты түрде өткізіп келеді.

Жалпы сенбілік қоршаған ортаны таза ұстауға, экологиялық тазалықты сақтауға атсалысу, туған жерге деген сүйіспеншілікті оятуға бағытталған. Сондай-ақ аудан, қала тұрғындарының экологиялық мәдениетін қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылған.

Түркістан облысында «Таза Қазақстан» акциясы жалғасып, тұрғындардың экологиялық сауатын көтеру, қоршаған ортаны таза ұстауға бағытталған іс-шаралар жүйелене түседі.

Бүгінгі ұйымдастырылған сенбілік жұмыстары барысында әлеуметтік нысандардың ауласы мен әр мекеме өздеріне белгіленген сектор аумағын абаттандырып, негізсіз өскен арам шөптер оталды. Аяқ жолдар ретке келтіріліп, тұрмыстық қалдықтардан тазартылды.

Жалпы Түркістан облысы бойынша акция шеңберінде 150 мың түп ағаш отырғызылып, 175 мыңға жуық ағаш әктелді. 40 мың шаршы метр аяқжолдар тазаланып, 350-ге жуық саябақ пен скверлер ретке келтірілді. Сонымен қатар 302 мыңнан астам жеке үй мен 1500-ден астам әлеуметтік нысанның ауласы тазаланды. Оған барлығына 67 мыңнан астам адам қатысты.

Leave a reply