ТҮРКІСТАН: КЕЛЕСТЕ 12 ШАҚЫРЫМ ЖОЛ ЖӨНДЕЛДІ

0
42

Келес ауданына қарасты Бірлік ауылдық округінде әлеуметтік нысандар орналасқан көшелерге асфальт жабындысы төселуде. Елдің талап тілегін ескерген жергілікті атқарушы орган өкілдері өткен жылы мектеп, балабақша, емхана орналасқан көшелерді орта жөндеуден өткізу бойынша қажетті шараларды қабылдады.
Биыл Түркістан облысындағы автомобиль жолдарын жақсартуға бюджеттен 37,6 млрд теңге қаржы бөлініп, құрылыс-жөндеу жұмыстарымен жалпы ұзындығы 1100,3 шақырымды құрайтын жолдар мен көшелер немесе 244 нысанды қамту жоспарланып отыр. Жыл қорытындысымен 546,6 шақырым болатын 149 нысан пайдалануға беріледі деп жоспарланған.

Нәтижесінде биыл Бірлік елді мекеніндегі Жаңақұрылыс және Жангелдин көшелеріне асфальт төселді. Айта кетейік, бүгінде Бірлік ауылдық округіне қарасты елді мекендерді табиғи газға қосу бойынша сыртқы магистрал жүйесіне қаржы қаралып, тиісті жұмыстар атқарылуда. Елді мекендердің ішкі жүйелері толық табиғи газ жүйесімен қамтылған соң ішкі көшелер жоспар бойынша орта жөндеуден өткізіледі деп күтілуде.
Жалпы Бірлік ауылдық округі бойынша 28 көше болса, соңғы үш жылда 12 мың метр көшеге шағал тас, 1 200 метр көшеге асфальт төселді. Оған қоса биыл Бірлік елді мекенінде дәрігерлік амбулатория сал жоспарлануда.

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының төрағалығымен өткен апталық аппарат жиынында облыс бойынша 2024 жылға жоспарланған автомобиль жолдары саласын дамытудың орындалу барысы туралы баяндалды. Облыс басшысы сапаны назарда ұстамаған, жұмыс барысында орын алған кемшіліктерді қалпына келтірмеген аудан, қала басшылары мен жауапты тұлғаларды сынға алып, тиісті тапсырмалар берді.

Облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысы Қуатжан Жұматаевтың мәлімдеуінше, 368,1 шақырымды құрайтын 34 облыстық маңызы бар жолдар құрылыс-жөндеу жұмыстарымен қамтылады. Жыл соңына дейін 19 нысан немесе 163,6 шақырым жол, 4 көпір, 4 құбыр пайдалануға берілмек. Бүгінгі таңда 3 нысан: 10,6 шақырым жол, 1 көпір, 1 жарықтандыру пайдалануға берілді.

Leave a reply