ТҮРКІСТАН: ТҮЛКІБАСТА RC СОLA СУСЫНДАРЫ ӨНДІРІЛЕДІ
Жаңа жобаның жалпы құны – 7 млрд 600 млн теңге. Зауыт соңғы үлгідегі неміс технологиясымен жабдықталуда. ЖШС-інде 100-ге жуық жаңа жұмыс орны ашылады деп күтілуде. Ауданға іссапармен барған Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды зауыт басшылығымен және жауапты сала жетекшілерімен кездесіп, өндірістік инженерлік инфрақұрылыммен қамту бойынша жұмыс барысын талқылады. Жұмыстарды ширатуды тапсырды.
Сонымен қатар туризм саласын дамыту мақсатында аудан аумағынан 80 га жерге спорт, мәдени, емдік-сауықтыру бағытында Иірсу, Жабағылы рекреациялық аймақтарын құру бойынша жұмыстар жүргізілуде. Аймақта киіз үйлер қалашығын, коттеджді қалашықтар, қонақ үйлер, ойын-сауық орындары, жабық спорттық залдар, ашық спорт алаңдарын және тағы басқа нысандар орналастыру үшін жер телімдері ұсынылатын болады.
Жобалар толық іске қосылғанда, 400-ге жуық жаңа жұмыс орны ашылады. Одан бөлек, төсек-орын саны қосымша 640 бірлікке артып, салық түсімдері ұлғаяды деп күтілуде.
Әлемнің сүйікті алкогольсіз сусыны Түркістан облысында да шығарылады. Түлкібас ауданындағы RC Сola атауымен алуан түрлі ауыз су және хош иісі бар сусындар шығаратын «Beibarys Bottlers» ЖШС-і биыл іске қосылады деп жоспарлануда. Жаңа зауыт заманауи өндірісте қолданылатын көп сатылы су тазарту жүйесі судың мінсіз сапасына кепілдік береді. Су зауыт аумағында орналасқан тереңдігі 170 метр ұңғымалардан алынады. Итальяндық технологиямен тазартылады. Су сапасына АҚШ және Италияның атақты зертханаларының сапа қорытындысы берілген.
Атап айтқанда, электр желісі және газ құбыры 2021 – 2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобасы аясында жүзеге асуда. Сонымен қатар кәріз жүйесі мен оны тазарту қондырғысының жобасы іске асып жатыр.