ТҮРКІСТАН: ОРДАБАСЫ АУДАНЫНДА КҮЗГІ ТАЛ ЕГУ НАУҚАНЫНА ДАЙЫНДЫҚ ПЫСЫҚТАЛДЫ
Биыл айында аудан көлемінде 30 мыңға жуық ағаш көшеттері отырғызылса, оның 58 пайызы ғана жерсінген. Осы жылдың күз мезгілінде жоспар бойынша 6 200 дана көшет егілмек. Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды ағаштарды күтіп-баптау, өсіру ісін сапалы атқаруды, елді мекендерді көгалдандыруға қатысты жұмысты күшейте түсуді тапсырған болатын. Осы орайда Ордабасы ауданында күзгі тал көшеттерін егу жоспары және 2022-2023 жылдары егілген тал көшеттерінің өнімділігі бойынша жиын өтті. Жиында күзгі тал егу науқанына дайындық жұмыстар талқыланды.
Аудан әкімі Азат Оралбаев аудан аумағын жасылдандыру бойынша әсіре науқаншылдықтан арылып, салалық бөлім жауаптыларына әрбір тал көшеттерінің отырғызылуынан бастап, өсіп, өнуіне дейін мұқият қадағалауды тапсырды.
Облыста экологиялық бағытта 4 үкіметтік емес ұйым жұмыс жасайды. «Өгем» қоғамдық бірлестігін тарапынан табиғи аймақты сақтап қалу мақсатында экоагротуризмді дамыту бойынша жаңа жоба іске асуда. Аталған жоба өңірге келген туристерге «жасыл» технологияларды күнделікті өмірге ендіру бойынша шебер-сыныптар көрсетіліп, демоучаскелерде 16 саяхат жүргізілді. Табиғи жолмен энергия көзін ашып, өңірдің экологиялық жағдайын жақсарту бойынша да бірқатар шаралар атқарылды. «Өгем», «ЭКО-Атамекен» қоғамдық бірлестіктері Сайрам-Өгем, Қаратау қорықтарындағы табиғатты қорғау мақсатында 7 экоакция өткізіп, жергілікті тұрғындар мен туристердің экологиялық мәдениетін қалыптастыруда үлесі ерекше болды.
Алдағы уақытта «Қазавтожол» Ұлттық компаниясы» АҚ арқылы Түркістан облысы аймағында орналасқан ақылы автожолдардың бақылау бекеттерінен өткен автокөлік иелеріне «Құрметті жол жүргізуші, тазалық сақтап, жол бойында қоқыс тастамауларыңызды сұраймыз! Бұл – біздің Қазақстан, бұл – Таза Қазақстан!» мәтінді SMS-хабарламаларды жіберу жоспарлануда. Облыс әкімі Дархан Сатыбалдының бастамасымен «Үлгілі ауыл» облыстық байқауы бастау алды. Бұл өз кезегінде «Таза Қазақстан» экологиялық акциясының жалғасы болып табылады.