Пятница, 20 сентября

ТӨЛЕБИДЕ ТАЗАЛЫҚ ШАРАЛАРЫ ЖАЛҒАСЫН ТАБУДА

0
15

«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық науқаны аясында Төлеби ауданы аумағында тазалық шаралары жалғасын табуда. Ауданға қарасты 1 қала, 12 ауылдық округіндегі елді мекендерде жол бойы, халық көп шоғырланатын орындарда сенбілік өткізілді. Сенбілік барысында аялдамалар сырланып, қураған шөптер орылды. Сондай-ақ, акция аясында егілген көшеттерге күтіп баптау жұмысын жалғасын тауып, жол бойы жабайы шөп, тікендерден тазаланды. Барлық елді мекен атаулары мен көше аншлагтарын қалпына келтіру жұмыстары жүргізілді.

Аудан аумағында тұрғындардың, еріктілердің қатысуымен аптаның кез келген күні тазалық шаралары ұйымдастырылып, барлық ауылдар, әрбір үйдің аулалары, көше бойлары, саябақтар мен гүлзарлар, өзен жағалаулары тазартылуда.

Елімізде «Таза Қазақстан» республикалық акциясы басталды. Экологиялық шара әр апта сайын белгілі бір тақырып аясында өтеді. Мәселен, бірінші апта «Таза өлке» деп аталады.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы «Қалалар мен ауылдардың сәулетті, саябақтар мен ауланың таза болуы, ең алдымен, басқа біреуге емес, өзімізге керек. Азаматтарымыз қоғамдық орындар мен қоршаған ортаға жанашыр көзбен қарауға тиіс» – деген болатын.

Leave a reply