ТӨЛЕБИДЕ 500 ОРЫНДЫҚ БІЛІМ ОШАҒЫ КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕУДЕН ӨТУДЕ

0
32

Түркістан облысында жалпы саны 300-ден аса білім ошағы бар. Жаңа оқу жылдың басталуына санаулы күндер қалды. Аудан әкімі Төлеген Тұртайұлы білім ошағы ғимараты күрделі жөндеуден өтіп жатқан Екпінді елді мекеніндегі Т.Назарбеков атындағы және Кеңесарықтағы Б.Биболатұлы атындағы жалпы орта мектебі ғимаратының күрделі жөндеуден өткізу барысын қадағалады.

Осы тұста Төлеби ауданының әкімі Төлеген Телғараев күрделі жөндеуден өтіп жатқан білім ошақтарын аралап, жай-күйімен танысты. Аудан әкімі мердігер мекеме өкілі, білім бөлімінің мамандарымен бірге ғимараттағы құрылыс жұмысының қарқынына назар аударды. Б.Биболатұлы жалпы мектебі 500 оқушыға арналған. Бұл білім ұясын күрделі жөндеуге жобалық-сметалық құжат дайындалып, сараптаманың оң қорытындысы алынған. 2024 жылға 400 млн. теңге қаржы қаралды. Жұмыстар жыл соңына дейін аяқталуы тиіс.

Төлеген Тұртайұлы ғимараттардың құрылысына жауапты мердігерлерге нысандар талапқа сай болуы және кестеден кешікпеу қажеттігін ескертіп, жобадан ауытқымай жасалуы қажеттігін айтты. Б.Биболатұлы жалпы мектебін күрделі жөндеуден мердігер – «Vek-Stroy-Com» ЖШС өткізуде.

Жалпы білім ошақтарын жөндеу жұмыстары облысқа қарасты аудан, қала аумағында қарқынды жалғасуда. Айта өтсек, еліміздегі әрбір 7-ші оқушы Түркістан облысында тұрады. Мектеп тапшылығын жою бағытында ауқымды жұмыс жүріп жатыр. Қоса кететіні, еліміз бойынша білім нысаны ең көп салынып жатқан өңір – Түркістан. Бүгінде жергілікті бюджеттен 20 мектептің құрылысы жүргізілуде. Жыл соңына дейін 13-і пайдалануға беріледі. 2023-2025 жылдары «Жайлы мектеп» жобасы аясында 63 мектеп салу көзделген. Оның ішінде 29-ы биыл тапсырылады деп жоспарланған. Мектеп салу бағытындағы жұмыс жалғасады.

Өңірде тозығы жеткен білім ұялары көп. Талай жыл бойы қордаланған бұл мәселені шешу бағытында жүйелі жоспар жасалған. Білім саласында инфрақұрылымды жақсарту жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Қазіргі таңда 22 мектеп күрделі жөндеуден өтуде. Құрылысқа «Ауыл — Ел бесігі» бағдарламасы және облыстық бюджеттен жалпы қаржы қаралған. 11 мектеп 1 қыркүйекте ел игілігіне тапсырылып, оқушыларды қабылдайды деп күтілуде. 200-дей білім ұйымы ағымдағы жөндеуден өтуде. Ғимараттардың құрылыс сапасы қатаң бақылауда. 106 мектептің жылу қазандықтарын газ жүйесіне ауыстыруға да қаржы қаралып, тиісті жұмыстар жүргізілуде.

Leave a reply