КЕЛЕСТЕ ӘЛЕУМЕТТІК НЫСАНДАР ОРНАЛАСҚАН КӨШЕЛЕРГЕ АСФАЛЬТ ТӨСЕЛДІ

0
33

Келес ауданына қарасты Бірлік ауылдық округінде әлеуметтік нысандар орналасқан көшелерге асфальт жабындысы төселуде. Елдің талап тілегін ескерген жергілікті атқарушы орган өкілдері өткен жылы мектеп, балабақша, емхана орналасқан көшелерді орта жөндеуден өткізу мақсатында қажетті шараларды қабылдады.

Жалпы Бірлек ауылдық округі бойынша 28 көше болса, соңғы үш жылда 12 мың метр көшеге шағал тас, 1 200 метр көше асфальттанды. Сонымен қатар биыл Бірлік елді мекенінде дәрігерлік амбулатория салынуы жоспарға енген.

Нәтижесінде ауылдық округінің орталығы саналатын Бірлік елді мекеніндегі Жаңақұрылыс және Жангелдин көшелері биыл асфальттанды.

Айта кетейік, Бірлік ауылдық округіне қарасты елді мекендерді табиғи газға қосу бойынша сыртқы магистрал жүйесіне қаржы қаралып, тиісті жұмыстар атқарылуда. Елді мекендердің ішкі жүйелері толық табиғи газ жүйесімен қамтылған соң ішкі көшелер жоспар бойынша орта жөнднуден өткізілетін болады.

Түркістан облысында биыл облыстық маңызы бар 612,7 шақырым жол мен 1 көпірге жөндеу жұмыстары жүргізілетін болады. Жол – өте маңызды сала. Өңірдің экономикасының дамуына тікелей әсер етеді. Аудан, қалаларды аралау барысында тұрғындар үшін осы мәселенің өзекті екеніне тағы да көз жеткіздік. Жолдарды салу жұмысын тездету керек. Сапа басты назарда болуы тиіс. Жергілікті жолдардың қанағаттанарлық жағдайдағы үлесін 95 пайызға жеткізу міндеті жүктелген.

Leave a reply