Пятница, 20 сентября

КЕЛЕСТІК 11 БАЛАНЫҢ АНАСЫ АУЫЛШАРУАШЫЛЫҚ САЛАСЫНА ДЕН ҚОЙДЫ

0
20

Түркістан облысы тұрғындарына бүгінде түрлі бағытта қолдау көрсетіліп келеді. Өңір басшысы Дархан Сатыбалдының тікелей тапсырмасымен халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталған «Ауыл аманаты» бағдарламасы түсіндіріліп, кәсіп бастағандар қатары көбеюде. Ал біразы жер алып, диқаншылықпен айналысуда.

«Өңірде «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында 2024 жылға республикалық бюджеттен 10,6 млрд. теңге қаражат бағытталып отыр. Жобаға 62 ауылдық округ пен 62 кооператив қатысады. Жалпы жобаны іске асыру нәтижесінде 1 215 жобаға қолдау көрсетіліп, 1 701 жұмыс орны құрылмақ. Сонымен қатар, биыл бағдарламаны электронды AMANATNESIE.KZ платформасы арқылы жүзеге асыру көзделуде. Қазігі таңда Республикалық бюджеттен 1 млрд. теңге қаржы бөлініп отыр.

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды Келес ауданының тұрғындарымен өткен кездесуінде Біртілек ауылдық округі, Аққорған елді мекенінің тұрғыны, көпбалалы ана Дилфуза Абдраимова атаулы әлеуметтік көмек алудан бас тартып, аймақ басшысынан 2 гектар суармалы жер сұраған болатын. Бүгінде көпбалалы ананың сұранысы қанағаттандырылып, егістік жеріне егін егіп, алғашқы өнімін алуда.

– Облыс әкімінің кездесуінен кейін жергілікті әкімдік өкілдері сұранған жерімді рәсімдеуде қажетті сүйемелдеулерді көрсетті. Нәтижесінде 2 гектар суармалы жерге конкурс негізінде қол жеткізіп, бала-шағаммен бірге диханшылықпен айналысуды бастап кеттік. 1,5 гектарға қарбыз ектік. Ал, қалған жарты гектар аумаққа картоп және пияз өнімдерін өсірудеміз, — дейді 11 баланың анасы.

Жалпы Түркістан облысында 2030 жылға қарай су үнемдеу технологияларын 216,3 мың гектарға енгізу жоспарланған. Биыл алты ай көлемінде облыста 13,1 мың гектарға су үнемдеу технологиялары енгізілген. Оның ішінде, 8,1 мың гектарға тамшылатып суару, 5 мың гектарға жаңбырлатып суару технологиялары орнатылған.

Leave a reply