ТӨЛЕБИ АУДАНЫНДА ЖАЛПЫАУДАНДЫҚ СЕНБІЛІК ӨТТІ
Қоршаған ортаның тазалығына жауапкершілікпен қарау – әрбір азаматтың басты міндеті. Осы орайда Түркістан қаласында “Менің туым – менің елім” акциясы аясында “Менің таңдауым – таза қала” экологиялық айлығы басталды. Төлеби ауданында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық науқаны аясында тазалық шаралары жалғасын табуда. Бүгін, аудандағы 1 қала, 12 ауылдық округте жалпыаудандық сенбілік ұйымдастырылды.
Аудан әкімі Төлеген Телғараев барша жерлестерді табиғатты аялауға, тазалықты сақтауға шақырды. Тазалық табалдырықтан басталатыны ескертіліп, жергілікті әкімдік мамандары учаскелік полиция қызметкерлерімен бірігіп, «Таза Қазақстан» акциясы аясында тұрғын үйлерге өз аулаларын қоқыстардан тазарту туралы түсіндірме жұмыстары жүргізіп, ескертпе берілді.
Сенбілікке мемлекеттік мекеме қызметкерлері, жастар, ардагерлер, зиялы қауым өкілдері, этнос өкілдері мен еріктілер жалпы 1 мыңға жуық адам қатысты. Аудандағы экологиялық мәдениетті қалыптастыру және тұрғындардың табиғатқа деген сүйіспеншілігін арттыру мақсатындағы тазалық шарасы барысында қураған ағаштар жиналып, жол бойлары, көшелер қоқыстан тазартылды. Сондай-ақ, шөп, тікендер орылып, жасыл желектер әктеліп, суғарылды.