Шымкент қаласында шомылу маусымына байланысты түсіндірме жұмыстары жүргізілуде

0
120


Жаз мезгілі бастала салысымен қала аумағындағы шомылатын өзен, су жағалауларында демалатын халықтың қарасы көбейеді. Төтенше жағдай қызметі мен полиция қызметкерлерінің судағы қауіпсіздік ережелерін сақтау туралы ескертулеріне қарамастан, суға кету және жарақаттану жағдайлары жиі кездеседі. Суға батып кетудің негізгі себептері – қарапайым қауіпсіздік ережелерінің сақталмауы, тыйым салынған орындарда шомылу, суға мас күйінде түсу, сондай-ақ, балаларды қараусыз қалдыру жағдайларының кесірінен орын алады.
Осыған орай, Шымкент ҚПД Жергілікті полиция қызметі басқармасының қызметкерлері Еңбекші АПБ учаскелік полиция инспекторларымен бірлесіп рейдтік іс-шара жүргізді. Олар Бадам су қоймасының аймағына келіп демалушыларға «Судағы қауіпсіздік шаралары мен ережелері» туралы толығырақ түсіндірді. Жас балалардың суда жүзе алмауы, адамдардың судағы қауіпсіздік ережелерін орындамауы – орны толмас қайғы мен өкінішке айналатын кездер көп.
Шымкенттік қаласы Полиция департаменті осындай келеңсіз оқиғаларды болдырмау үшін, төмендегі ережелерді сақтауға кеңес береді:
– суда балаларды қараусыз қалдырмауға;
– қоршау белгілерінен аспауға;
– көпірлерден, дамбалардан, қайықтан суға секіруге;
– судың тереңдігін тексермей сүңгуге;
– таныс емес орындарда шомылуға;
– тек рұқсат етілген жерлер мен жағажайларда шомылуға.

Leave a reply