ТҮРКІСТАН: БИЫЛ “АУЫЛ АМАНАТЫ” БОЙЫНША 30 МЛРД ТЕҢГЕНІҢ ӨНІМІ ӨНДІРІЛГЕН

0
25

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ауылдарды дамыту жөнінде нақты тапсырма берген болатын. Бұл орайда, биыл елімізде халықтың табысын арттыру бағдарламасын орындау мақсатында «Ауыл аманаты» жобасы жүзеге асырыла бастады.

«Ауыл аманаты» жобасына облыстың 16 ауданынан 32 ауылдық округінің тұрғындары қатыса алады. Бағдарламаны жүзеге асыруға биыл облыс шаруалары үшін бюджеттен 20 млрд. теңгеге жуық қаражат бөлінді. Жалпы өңірімізден орташа есеппен алғанда 2500-ден аса азамат бағдарламаға қатыса алады деп жоспарланып отыр.

Дәл осы «Ауыл аманаты» жобасы бойынша өткен жылы атқарылған жұмыстардың қорытындысы және биылға қойылатын талаптар мен өзгерістер жайында жыл басында облыс әкімінің сол тұстағы орынбасары Ермек Кенжеханұлының төрағалығымен өткен жиында кеңінен талқыланғаны белгілі. Сол жиынға облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Әсия Темірбаева, ауыл шаруашылығы басқармасының қызметкерлері, аудан, қала әкімнің орынбасарлары мен ауыл шаруашылығы бөлімнің басшылары, жобаға қатысатын ауылдық округтердің әкімдері, Мансап орталықтарының бөлім басшылары, «Түркістан ӘКК» АҚ және «Ырыс МҚҰ» өкілдері қатысқан болатын. Ермек Кенжеханұлы «Ауыл аманаты» жобасының ауылдарда жүзеге асыру нәтижелеріне тоқталып, жүктелген міндеттерді тиісті деңгейде орындамаған ауыл әкімдерін сынға алғанын айта кеткен жөн. Биыл несие алушыларға қойылатын талаптарға тоқталып, тиімді ұсыныстар айтты.

Жобаға пилоттық түрде 64 ауылдық округі қатысты. Нәтижесінде 3413 жаңа жұмыс орындары құрылды, атаулы әлеуметтік көмек алушылар саны 340 адамға қысқартылды, табыс көзі орташа жалақы 20 пайызға ұлғайды, шағын кәсіпкерлер саны 2 544 бірлікке артқан. 64,2 мың бас мал басы сатып алынып, 19 қайта өңдеу кәсіпорны ашылып, 16,4 га алқапқа 328 жылыжайлар салынған. Осы жобалар есебінен 30 млрд. теңгенің өнімі өндірілген. Осы көрсеткіштер негізге алынып, «Ауыл аманаты» бойынша Түркістан өңіріне бөлінетін қаржы көлемін ұлғайту жөнінде ұсыныс берілді. Себебі, нақты іс, қозғалыс, ең бастысы, ауыл тұрғындары тарапынан қызығушылық бар. Бұл бағытта жұмыс қарқыны бәсеңдемейді.

Бағдарлама аясында үлестірілген қаржының мақсатты жұмсалуын тексеру мақсатында «Ырыс» МҚҰ» ЖШС мониторинг бөлімінің менеджерлері мониторинг жұмыстарын жүргізді. Бірқатар кемшіліктер анықталып, несие қаражатын мақсатты жұмсамаған несие алушыларға кемшіліктерді жою үшін қосымша 1 ай мерзім берілді. Белгіленген мерзімде кемшіліктерді жоймаған 6 несие алушының іс-әрекеті несие комитетінде қаралып, тиісті іс-шаралар жүргізілуде.Биыл 62 ауылдық округ жобаға қатысып, 62 коператив құрылады. Нәтижесінде 2640 жоба жүзеге асырылып, 4416 жаңа жұмыс орны ашылады деп күтілуде.

Leave a reply