Адал еңбек — биік белеске бастар жол

0
34

Кәсіпкерлік саласы — табандылық пен тұрақты еңбекті қажет ететін жауапты бағыт. Бұл салада жетістікке жету үшін тек кәсіби біліктілік қана емес, өз ісіңе деген шынайы сүйіспеншілік пен жауапкершілік те аса маңызды. Осындай қасиеттерді бойына сіңірген жандардың бірі — «Алдабергенова» жеке кәсіпкерлігінде еңбек етіп жүрген Ахметова Татьяна.

Күнделікті жұмысына тыңғылықты дайындықпен келетін Татьяна әр ісіне зор ықыласпен қарап, жауапкершілікті серік еткен. Түсірілім кезінде-ақ оның өз міндетіне деген жан-тәнімен берілгені, әр тапсырманы шын ықыласпен атқаратыны бірден байқалды. Әріптестері де Татьянаның еңбекқорлығын, ұқыптылығын, адалдығын жоғары бағалайды.

Татьяна – жұмысты таңдамай, қай іске де бел шешіп кірісетін, пысық та жігерлі қыз. Ол үшін әрбір күн – жаңа мүмкіндік, жаңа белес. Кәсіп иесінің сенімін ақтап, өз ісін тиянақпен атқарып жүрген оның бойындағы қажыр мен еңбекке деген сүйіспеншілік көптеген жастарға үлгі боларлық.

«Адал еңбектің наны әрдайым тәтті» дейді дана халқымыз. Бұл сөздің шынайы мағынасын Татьяна сынды еңбек адамдарының күнделікті тіршілігінен анық байқауға болады. Ол бүгінгі атқарған жұмысының ертеңгі жетістікке бастар баспалдақ екенін жақсы түсінеді. Өйткені табысты болудың жолы – адал еңбек пен үздіксіз даму.

Осындай еңбекқор жастарымыздың арқасында еліміздің кәсіпкерлік саласы да өркендей түспек. Татьяна сынды жандардың табандылығы мен өз ісіне деген сүйіспеншілігі болашақта үлкен жетістіктерге жетелейтініне сенім мол.

Бүгінгі кішкентай қадам — ертеңгі үлкен жетістікке бастайтын жол. Ал бұл жолда Татьяна сынды еңбекқор жастардың алар орны ерекше.

Leave a reply