ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЕҢ ІРІ ЖЫЛЫЖАЙ САЛЫНБАҚ

0
27

Ауыл шаруашылығы саласында жетекші аймақтардың бірі Түркістан облысында 240 мың тонна көкөніс өсіретін жылыжай кешені салынбақ. Бұл ақпарат Үкімет басшысы Олжас Бектенов пен ресейлік «ЭКО-мәдениет» агроөнеркәсіптік холдингінің басшысы Александр Рудаковпен келіссөздер барысында белгілі болды.

Жылыжай кешенінің құрылысы Түркістан облысының Келес ауданында жүргізіліп жатыр. Бүгінде 28 мың тонна қызанақ өндіруге тиіс аймақта салынп жатыр. Кездесуде жылыжай кешенін 500 гектарға кеңейту мәселесі де қозғалды. Осылайша жыл сайынғы өнім көлемі 240 мың тоннадан асады деп жоспарланып отыр. Өнім алдымен ішкі нарықты қамтамасыз етуге жіберіледі. Содан соң логистикалық мәселелер шешіліп, экспорттауға да мүмкіндік берілмек. Жылыжай құрылысының бірінші кезеңі келер жылдың соңына дейін аяқталады деп жоспарлануде. Холдинг басшысы Александр Рудаковтың айтуынша, бұл жылыжай іске асыру қорытындысы бойынша әлемдегі ең ірі жылыжайға айналмақ. Жұмыс орындары да ашылады. Жалпы саны 7 мың адамға жұмыс беріледі. Сол арқылы жергілікті тұрғындарға еңбек жағдайы жасалып, әлеуметтік мәселелер шешілмек.

Аталған компания 13 жылдан бері ауыл шаруашылығы саласында көптеген жетістіктерге жетіп, экологиялық таза өнім өндірумен айналысып келеді. Ірі агроөнеркәсіптік кешен ретінде бір жылдың ішінде 300 мың тоннадан астам өнім өндірген. Бұл өз кезегінде баға тұрақтылығы мен реттеуге қосқан үлес болып есептеледі. Қазақстан үшін де пайдалы әрі тәжірибелі холдингпен іскерлік қарым-қатынаста болу аса маңызды.

«Азық – түлік қауіпсіздігі, халқымызды сапалы әрі қолжетімді бағада өнімдермен қамтамасыз ету – негізгі мақсатымыз. Бұл Үкімет жұмысының негізгі басымдықтарының бірі.

Leave a reply