Сауран ауданында 33 елді мекен таза ауыз сумен қамтылған

0
68

Сауран ауданында 33 елді мекен ауыз сумен қамтылған. (Егізқара елді мекені құдық арқылы). 2023 жылы Ойық елді мекенінде ауыз су құбырының құрылысы жүргізіліп, пайдалануға берілді. Тәулік бойы ауыз сумен қамту мақсатында, ауыз су тарату орталықтарындағы 68 дана тозығы жеткен су насостары ауыстырылып, 8 елді мекеннің ауыз су берілу уақыттары 24 сағатқа ұзартылды. Сонымен қатар, Ескі Иқан, Шорнақ, Қосмезгіл, С.Қожанов елді мекендердегі ауыз су мәселесін шешуге 5 жоба әзірленіп, республикалық бюджетке – 8,8 млрд. теңгеге қаржы бөлуге ұсынылды. Сондай-ақ, Еңбекші Дихан, Қаражон, Ынталы, Бершінтөбе, Қосқорған елді мекендерін сапалы ауыз сумен қамту мақсатында жобалары әзірленуде.

Электр қуатымен қамту бойынша аудандағы елді мекендердегі электр желілері мен бағаналары 70-ші жылдары салынып, тозығы жеткен. Қазіргі таңда, 32 жоба әзірленіп, 17 жобаға сараптаманың оң қорытындысы алынды (5.7 млрд. теңге) Аталған жобаларды қаржыландыруға республикалық бюджетке өтінім жолданды. Сонымен қатар, 2023 жылы бюджет есебінен 39 дана трансформатор орнатылды және 2024 жылға 20 данасын алу жоспарлануда.

«Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС-мен «Қайта құру және жаңғырту» бағдарламасы бойынша 2024-2027 жылдар аралығында 68,6 шақырым электр желілері (ВЛ-35кВ, ВЛ-10кВ, ВЛ-0,4кВ) жаңартылып, 20-дана трансформатор орнатылуы жоспарлануда.

Газбен қамту бойынша ауданның 10 елді мекеніне табиғи газ құбыры жүргізіліп, қамтамасыз ету деңгейі 31,4 пайыз. 2020 жылы жеке әріптестік арқылы салынған газ құбыры өз шешімін көп жылдар бойы таппай келген. Жыл басында Бершінтөбе, Ойық, Ибата елді мекендері табиғи газға қосылды.

(Нұртас, С.Қожанов, Жалаңтөс, А.Үсенов, Шаға, Қазақстан 30 жылдығы, Ескі Иқан, Ибата, Бершінтөбе, Ойық). Сонымен қатар, Оранғай, Қарашық, Жүйнек, Шорнақ ауылдық округтеріне магистральды және ішкі құбырларына жобалар әзірленіп, сараптаманың оң қорытындысы алынды. (Жоба құны – 22,6 млрд.теңге). Аталған жобаларды қаржыландыруға республикалық бюджетке өтінім жолданды.

2024 жылы Бабайқорған, Майдантал, Жібек Жолы ауылдық округтеріне магистральды газ құбырын жүргізуге жобалық-сметалық құжаттамалары әзірлеуді жоспарлап отырмыз.

Санитарлық тазалықты қамтамасыз ету бойынша 6 полигонға қоршаулар мен қарауылханалар салынды және 74 ыстық нүктелер мен көп жылдар бойы жиналған 137 гектар бей-берекет қоқыс полигондары жойылды.

Абаттандыру: ағымдағы жылы 6 елді мекенде балалар ойын алаңшалары, 2 футбол алаңы мен желілік саябақ және 13 көшеге түнгі жарық шамдары орнатылатын болады. Әкімшілік іскерлік аумағының орталығынан Рәміздер алаңы мен «Орталық саябақ» құрылысына жобалар әзірленуде.

Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары. Аудандық маңызы бар жолдар 119 шақырым және елді мекен жолдары 731 шақырымды құрайды. 65 пайыз асфальттанған. 2023 жылы «Ауыл-Ел бесігі» жобасы аясында 28 көшеге 23 шақырым жолға орташа жөндеу жұмыстары жүргізілсе, ағымдағы жылы 26 көшеге яғни, 58,6 шақырымға асфальт жол салынады. Сонымен қатар, 72 шақырым тас төсеу жұмыстары атқарылып, 2024 жылы 48 шақырым жолға топырақ жолға тас төселеді. (Елді мекендерде аяқжол салу қажет ететін 24 шақырым аяқжолдың 9 шақырымы ағымдағы жылы, қалған 15 шақырымы 2025 жылға жоспарланған. 12 ауылдық округте жалпы 97 көпір бар. Оның ішінде, 5 көпірді 2023 жылы, 2024 жылға 10 көпір, 2025 жылға 24 көпірді жөндеу жоспарлануда). Қоғамдық көліктер бойынша, аудан тарапынан ауданішілік жолаушылар тысамалына 6 бағыт жоспарланып, 3 бағыт бойынша қызмет көрсетілуде. «Құмайлықас – Шорнақ», «Ескі Сауран – Шорнақ», «Шорнақ – Нұртас, «Қаражон – Шорнақ – Қазақстанның 30 жылдығы, «Абай – Шорнақ – Қазақстанның 30 жылдығы»; «Жалаңтөс – Қазақстанның 30 жылдығы»

Сауран ауданында ауыл шаруашылығы саласында 2023 жылы 101,9 млрд.теңгенің өнімі өндіріліп, нақты көлем индексі – 106,1% құрады. 2023 жылы 44 082 гектарға ауыл шаруашылығы дақылдары егілді. Өткен жылмен салыстырғанда 1945 гектар артты.

Leave a reply