ТҮРКІСТАН: САРЫАҒАШТА ЖЫЛЫЖАЙ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ҚАРҚЫН АЛҒАН

0
28

Түркістан өңірінде кәсіптерін дөңгелетіп отырған еңбек адамдары аз емес, диқаншылықты кәсіп еткен еңбек адамдарының жұмысымен аудан әкімі танысып қайтты, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған 4tagan.kz ақпараттық агенттігі.
Сарыағаш ауданында жылыжай шаруашылығы жылдан-жылға аса қарқынмен дамып келеді. Қазіргі таңда аудан диқандары көкөністерді өсіріп, көктемгі нарыққа шығаруға дайындалып жатыр. Солардың бірі – Қабланбек ауылдық округі аумағындағы «Занджаниджад» шаруа қожалығы.

Мемлекет басшысы «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Қазақстан халқына Жолдауында – келер жылы 100 мың жасты жұмысқа орналастыру. Қазіргі жұмыссыз жүрген жастарды кәсіппен баулып, жұмыспен қамту – ұлттың болашағына жасалып жатқан үлкен қадам. Сондай-ақ, Жолдауда Мемлекет басшысы қарапайым еңбек адамдарына құрмет көрсету туралы айтты.

Айта кетсек, шаруақожалық төрағасы 1,5 га аумаққа жылыжай тұрғызып, бүгінде өз кәсібін дөңгелетіп отыр. Қызанақ және гүл өсірумен айналысатын жылыжайда 10 адам тұрақты жұмыспен қамтылған. Аталған жылыжай жылына 12 мың түп гүл және 200 тонна қызанақ өндіруге қуатты. Өнімдерін еліміздегі басқа да облыстарға саудалап жатыр.

Аудан әкімі Арман Абдуллаев «Занджаниджад» шаруа қожалығына қарасты жылыжайға арнайы барды. — Жылыжай шаруашылығымен айналысу өте қиын. Өйткені үлкен төзім мен еңбекті талап етеді. Жылыжайды жылы ұстау, ауа райының түрлі сынақтарынан өнімді аман сақтау оңай емес. Желтоқсан айында жылыжайға көшетін отырғыздық. Осы айда өнім аламыз деген үміт бар. Бүгінгі таңда жылыжайда қызанақ және гүл өсіру жұмыстары жүріп жатыр, – дейді Рустем Занджаниджад.
Шаруашылық жұмысымен танысқан аудан басшысы:

Leave a reply