Пятница, 20 сентября

ТҮРКІСТАН: ӨНЕРКӘСІП САЛАСЫ ҚАРҚЫН АЛҒАН

0
14

«Жыл басынан бері салаға 88,5 млрд теңге инвестиция тартылды. Егістікті әртараптандыру нәтижесінде көкөніс, бақша өнім­дерінен рекордтық 3,3 млн тонна жиналып отыр. Нарықты отандық өнімдермен қамтамасыз ету мақсатында биыл 25 жобаны іске асыру көзделсе, жыл басынан бері нақты 22-сі іске қосылды. Салада жаңа технологиялар кеңінен қолданылуда. Қарқынды бау көлемі 5 405 гек­тарға жеткізілді.

Түркістанның әлеуметтік-экономикалық ахуалы бүтін республикаға әсер етер күшке ие. Өйткені Оңтүстік облыс географиялық тұрғыда қолайлы орналасқан, ондағы халық тығыздығының деңгейі жоғарғы және кейінгі жылдары қолға алынған іргелі бастамалар біршама.

«Облыстың әлеуметтік-эко­номика­лық дамуына келетін болсақ, осы жыл­дың 10 айында оң өсім бар. Жалпы өңір­­лік өнім көлемі 3 трлн теңге­ден асты. Өнеркәсіп өнім көле­мі 2 пайызға артып, 758 млрд теңгені құрады. Өсімге негізі­нен сүт, тоқыма және электр жабдықтары өндірісі үлес қосты. Бұл ретте Түркістан облысы бө­лін­генде не­гізгі өндіріс орындары Шымкент қа­ласы аума­ғын­да қалып қойғанын атап өт­кен жөн.

Өңір басшысының айтуынша, «ҚазАтомпром» ұлттық компаниясы Созақ ауда­нында күкірт қышқылын өн­діретін зауыт салуды жоспарлап отыр. Құны 100 млрд теңге болатын жобаның жүзеге асуы аймақта 250 жаңа жұмыс орнын ашуға септігін тигізбек. Қазір жер телімі анықталып, компания техникалық-экономикалық негіздеме әзірлеуге кіріскен. Облыстың өзіндік кірісін арттыратын бұдан өзге бірнеше жобадан хабардар етті. Нақтыласақ, бұлар – «Ocean Energy Company» ЖШС-ның Қазығұрт ауданында Каскад ГЭС құрылысы, «Эко-Культура» АӨХ-нің Келес ауда­нындағы жылыжай кешенін салуы, «Standard Petroleum&Cо» ЖШС-ның Ордабасы ауданында мұнай өнімдерін өңдеу за­­­­у­ы­­ты, «ARM WIND» ЖШС-ның Оты­рар ауданында күн электр стансасының зауыты, «Састөбе химиялық кешені» ЖШС-ның Түлкібас ауданындағы каус­тикалық сода, ПВХ, кальций карбиді, әк цемент өндіру зауыты бар. Сонымен қатар бұл аудан­да газ электр стансасының, Сауранда күн электр стансасы­ның, Со­зақта фосфорит кендерін өңдеу зауы­ты­ның құрылысы жоспарға кірген. Об­лыс бас­шылығы Сайрамда бу-газ қон­дыр­ғысын салуды да ойластырып отыр.

«Биыл қосымша 20 елді мекенге жаңа­дан ауыз су құбыры салынады, 11 елді мекеннің то­зығы жеткен су жүйелері жаңар­­тылады. Нәтижесінде, қамту дең­гейі 88,6 пайызға жетеді. Қал­ған елді мекендерді алдағы 3 жылда толық қамту жоспарланып отыр. Сонымен бірге, 465 елді мекенге газ жүргізіліп, қамту деңгейі 56 пайызға жетті. Биыл 63 нысанның құрылысы аяқталып, қосымша 52 елді мекен табиғи газға қосылуға мүмкіндік алады.

Leave a reply