ТҮРКІСТАН: САЙРАМ АУДАНЫНДА ЕТ ЭКСПОРТЫ ДАМЫП ЖАТЫР
Түркістан облысында Сайрам ауданын жыл басынан бері 700 тонна етті экспортталған. Ет Өзбекстан, Ресей және Иран елдеріне экспортталған.
Түркістан облысының Сайрам ауданы ет өндіруде еліміз бойынша алдыңғы қатарлы аудандардың бірі саналады. Індетке байланысты жарияланған төтенше жағдайға қарамастан мұндағы мал өсіріп,ет өнімін өндіретін шаруа қожалықтары жұмысын тоқтатқан жоқ. Нәтижесінде Сайрам ауданынан 2020 жылдың I тоқсанында Өзбекстан, Иран, Ресей мемлекеттеріне 465 бас мүйізді ірі қара мал мен 75 бас жылқы, 57 бас уақ мал тірідей және 506 тонна сиыр еті, 71,4 тонна қой еті сойыс салмағында экспортталған. Бұдан бөлек, 566 тонна мал азықтық құрама жем Өзбекстан және Ауғанстан мемлекеттеріне жөнелтіліпті. Экспорттан бөлек, сайрамдық ет өндірушілер өз өнімдері мен Шымкент қаласы мен Түркістан облысының және де Алматы, Нұр-Сұлтан, Қарағанды, Тараз, Ақтөбе сынды қала тұрғындарын да қамтамасыз етіп келеді.
Жалпы ауданда мал бордақылау ісі қолға алынған. 1038 мал бордақылау орындарында бір мезгілде 42 мың бас мал бордақыланады. Биылғы жылдың 10 айында барлығы 15,8 мың тонна ет экспортталды. Оның ішінде 11,0 мың тонна ірі қара мал еті және 4,8 мың тонна қой еті.
Ет экспорты бойынша Түркістан облысы республикада көш басында. Экспортқа шығарылатын ірі қара мал етінің 80%, ұсақ мал етінің 75% облыстың еншісінде (2023 жылы 10,9 мың тонна ІҚМ, 5 мың тонна қой еті экспорталды). Өткен жылы мал шаруашылығы өнімі 470 млрд теңгеге жетіп, республикада 1-орынға шықты немесе үлесі 11% құрады.
Еліміздегі ірі қара мал санының 13 пайызы, қойдың 22 пайызы, жылқының 11 пайызы, түйенің 15 пайызы, өндірілген еттің 13 пайызы, сүттің 16 пайызы — өңірдің үлесінде. Облыстағы қой басының 14%, ІҚМ, жылқының 5%, түйенің 7% — асыл тұқымды. 2024 жылдың 4 айында ірі қара мал саны — 1 млн 232,5 мың бас болды, ал қой мен ешкі — 5 млн 502,4 мың, жылқы — 484,8 мың бас, түйе — 44,5 мың бас, құс — 2 млн 085,5 мың бас. 78,4 мың тонна ет, 235,33 мың тонна сүт, 78,3 млн дана жұмыртқа өндірілді.