ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА «АУЫЛ АМАНАТЫ» БОЙЫНША 250-ГЕ ЖУЫҚ ЖОБА МАҚҰЛДАНДЫ

0
33

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ауыл шаруашылығы ел экономикасының жаңа қозғаушы күші екенін айтып, ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерді жан-жақты қолдаудың маңыздылығын атап өткен болатын. Осы мақсатта елімізде «Ауыл аманаты» жобасы қолға алынып, өңірлерде пилоттық жоба ретінде жүзеге асып келеді. Биыл аталған жоба Түркістан облысында жүзеге асады деп күтілуде. Оған республикалық бюджеттен 11 млрд. теңге бөлінбек. Бұл жобаға өңірдегі 16 ауданның 32 ауылдық округіндегі жергілікті тұрғындар қатысады.

Жобаны қаржыландыруға республикалық бюджеттен жыл басында 11 млрд. теңге, наурыз айында республикалық бюджетті нақтылауда қосымша 8,9 млрд. теңге қарастырылып, жалпы 19,8 млрд. теңге бөлінді. Облыс бойынша негізгі 6 бағытты қаржыландыру көзделуде. Нәтижесінде 3 220 бірлік жобаға қолдау көрсетіліп, кемінде 3413 бірлік жаңа жұмыс орындары құрылады. Несие қаржысын таратушы ретінде сенім білдірген өкіл «Түркістан ӘКК» АҚ-ы белгіленді. Өтінім қабылдау «Түркістан ӘКК» АҚ-ы еншілес мекемесі «Ырыс»ШНҰ» ЖШС арқылы жүргізілуде. Жобаны іске асыруда өңірде жеке қосалқы шаруашылықтарды кооперативтер негізінде дамытуға басымдылық беріледі. Пилоттық жобаны жүзеге асыруға барлық ауылдық округтерде скрининг жұмыстары жүргізіліп, бірінші кезекте (11 млрд. теңгеге) жобаға қатысатын 16 ауданнан 32 ауылдық округі анықталды. 44 кооператив анықталып, әлеуетті несие алушылардың тізімі жасақталды. Кооперативтердегі мүшелер саны – 3406 адам. Бүгінгі күні 425 жоба қабылданып, 1,1 млрд. теңгеге 236 жоба мақұлданып, қаржыландыру жұмыстары жүргізілуде.

Талдауға сәйкес 90 % өтінімдер мал шаруашылығы саласын дамыту бағыттында өткізілген немесе 425 жобадан 380 жоба мал шаруашылығы, 40 жоба егін шаруашылығы, 5 жоба балық шаруашылығын дамытуға бағытталып отыр. Жиында құс шаруашылығын дамыту, балық шаруашылығын дамыту және жобаларды әртараптандыру бойынша тапсырмалар берілді. Сонымен бірге осы қолдау арқылы АӘК алушылар санын азайтып, кәсіпкерлер санын көбейту міндеті де күн тәртібінде екені мәлімделді.

Жобаның негізгі мақсаты — ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді жан-жақты қолдау, ауыл тұрғындарын аграрлық бизнеске барынша тарту, азық-түлік қауіпсіздігіне және азаматтардың өмір сүру сапасын жақсартуға байланысты мәселелерді шешу. Жобаның міндеттері: ауыл халқын агробизнеске тарту;ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілерді жан-жақты қолдау;азық-түлік қауіпсіздігіне байланысты мәселелерді шешу;азаматтардың өмір сүру сапасын арттыру; ауылдардың экономикалық әлеуеті мен мамандану бағыттарын анықтау.

Түркістан облысында «Ауыл аманаты» бағдарламасына қосымша ауылдық округтер қосылмақ. Түркістан облысына 2023 жылы «Ауыл аманаты» жобасын іске асыруға Түркістан облысына республикалық бюджеттен 11,0 млрд. теңге несие қаражаты бөлінген болатын. Енді өңірге қосымша 8,7 млрд. теңге қаражат қарастырылып отыр.

Leave a reply