ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА «САҚАЛДЫ» ҚҰРЫЛЫСҚА АЙНАЛҒАН 44 ТАБИҒИ ГАЗ НЫСАНЫ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

0
29

Түркістан облысында соңғы 10 жыл аралығында құрылысы жүргізіліп, іске қосылмаған 46 табиғи газ нысаны бар болатын. Оның ішінде 40 елді мекен, 2 көше, 2 автоматты газ тарату станциясы бар. Өткен жылдың қорытындысымен оның 44-і іске қосылды.
Тиісті жұмыстарды жүргізу есебінен екі жылда 144 мың халық тұратын 54 елді мекен газбен қамтылды. Бұдан бөлек, биыл 54 нысанның құрылысы аяқталып, қосымша 47 елді мекен табиғи газға қосылуға мүмкіндік алады. Нәтижесінде «көгілдір отынмен» қамтылған елді мекендер саны 557-ге жетіп, қамту деңгейі 67,2 пайызды құрайды.

2018 жылдан бері республикалық және облыстық бюджет қаражаты есебінен 5 аудандағы 800 мың халықты сапалы электр қуатымен қамтитын «Қызыләскер» қосалқы станциясының құрылысы жүргізіліп, аяқталған. Сонымен қатар, осы қосалқы станциядан қуат алатын 110 киловольттық, 91 шақырым электр желісінің құрылысы қыркүйек айында аяқталады деп жоспарлануда.
Кентау қаласындағы №5 жылу орталығы 2012 жылдан бері жөндеу көрмей, 85 пайызға тозған. 6 қазандықты реконструкциялау жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар бюджет есебінен 6,6 шақырым магистралды жылу құбыры қайта жаңартылуда.
Созақ ауданы «Шолаққорған су» МКК кәсіпорны жылыту маусымына қазандықтарды сапалы дайындау мақсатында жергілікті бюджеттен Мазут қазандығы мен жылу желілерін ағымдағы жөндеу жұмыстарына қаржы қаралып, қазандықтарға ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

Түркістан облысының тұрғындарын табиғи газбен қамту жұмыстары кезең-кезеңімен жүзеге асуда. 2023 жылдың басында жалпы облыс бойынша 832 елді мекеннің 465 елді мекені (55,9 %), яғни 1 537 588 тұрғын (72,6 %) табиғи газбен қамтамасыз етілді. Биыл құрылысына қаржы бөлінген 107 нысанның 62 нысанның (50 е.м., 3-АГТС, 3 жеткізуші газ құбыры, 12 шағын аудан, 115 845 тұрғын) құрылысы осы жылы аяқталады. Қалған 45 нысанды келесі жылы аяқтап, ел игілігіне пайдалауға беру жоспарлануда. Өткен жылы 11 елді мекен газға қосылған болса, биыл жүйелі жұмыстардың нәтижесінде 50 елді мекеннің халқы «көгілдір отынға» қол жеткізбек.

Leave a reply