ТҮРКІСТАН: АГРОСАЛАНЫҢ ӨРКЕНДЕУІ ЭКОНОМИКАҒА ОҢ ӘСЕРІН БЕРЕДІ

0
25

Өңірде «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында 2024 жылға республикалық бюджеттен 10,6 млрд. теңге қаражат бағытталып отыр. Жобаға 62 ауылдық округ пен 62 кооператив қатысады. Жалпы жобаны іске асыру нәтижесінде 1 215 жобаға қолдау көрсетіліп, 1 701 жұмыс орны құрылмақ. Сонымен қатар, биыл бағдарламаны электронды AMANATNESIE.KZ платформасы арқылы жүзеге асыру көзделуде. Қазігі таңда Республикалық бюджеттен 1 млрд. теңге қаржы бөлініп отыр. Бұдан бөлек, биыл өңірде ауыл шаруашылығы дақылдары 873 мың гектар аумаққа егілген. Республикада астықты ору науқаны Түркістан облысынан басталды. Бүгінде жоспарланған егіс көлемінің 248,2 мың гектары орылып, 624 мың тонна астық жиналды. Ал, өңірде жылыжайлар көлемі 1 640 гектарды құрайды. Бүгінгі күнге жылыжайлардан 152,4 мың тонна өнім шықты. Сондай-ақ, облыс мал шаруашылығын дамытуда елімізде жетекші орында. Республикадағы ірі қара мал санының 14 пайызы, қойдың 23 пайызы, жылқының 11 пайызы, түйенің 15 пайызы, өндірілген еттің 12 пайызы, сүттің 14 пайызы Түркістан облысының үлесінде. Ет экспорты бойынша да облыс республикада көш бастап келеді.

Атап айтқанда, егіс көлемін 860 мың гектарға, бір алқаптан 2-3 өнім алу жобасын 9303 гектарға жеткізу көзделген.
Қосымша 93 гектарға жылыжайлар салу жоспарланды. Су үнемдеу технологиялары ендірілген алқапты 39,2 мың гектарға жеткізу, жаңадан 665 гектарға қарқынды бау, 120 гектарға жүзім отырғызу межеленген. Сақтау қуаттылықтарын қосымша 29,3 мың тоннаға арттыру, 1346 бірлік а/ш техникаларын алу жоспарланды. Жылына 40 мың тонна жеміс-көкөніс өңдеу, 17 мың тоннаға ет өңдеу, 37 мың тоннаға сүт өңдеу кәсіпорындары ашылады. 1000 бастан жоғары 13 бордақылау алаңы, 200 бастан жоғары 4 сүт фермасы ашылады. 4 ірі құс фермасы ашылады және жалпы 270 мың басқа отбасылық құс шаруашылықтарын ашу көзделген.
Биыл Түркістан облысында 4 тоқыма, тігін және 6 жүн, тері өңдеу кәсіпорындары ашылады. Нәтижесінде, ауыл шаруашылығы негізгі капиталына 75,2 млрд. теңге, тамақ өнеркәсібіне 11 млрд. теңге жеке инвестициялар тартылып, жалпы өнім көлемі 1 трлн. 127 млрд. теңгеге жеткізіледі.

Ауыл шаруашылығы саласы негізгі 6 бағытты дамиды. Олар: ауыл шаруашылығы дақылдарын әртараптандыру, жылыжай шаруашылығын дамыту, қарқынды бау шаруашылығын дамыту, жеміс – көкөніс өнімдерін сақтау жүктемелерін арттыру, мақта кластерін дамыту, мал шаруашылығын дамыту, қайта өңдеу саласын дамыту және серпінді инвестициялық жобалар.
Басқосуда өңірдегі ірі ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілері өз тәжірибелерін ортаға салды. Дамыған елдердің озық тәсілдерімен бөлісті. Жиналыста облыс ғалымдары оңтүстіктің климатына аса қолайлы саналатын жүзім өсіру кәсібін дамытуға назар аударуды атап өтті. Жоңышқа өсіруді жетілдіруді жеткізді.

Leave a reply