СОЗАҚ АУДАНЫНДА АУЫЛ КӨШЕЛЕРІНЕ АСФАЛЬТ ТӨСЕЛІП, ЖАРЫҚШАМДАР ОРНАТЫЛЫП ЖАТЫР

0
43

Биыл Түркістан облысындағы автомобиль жолдарын жақсартуға бюджеттен 37,6 млрд теңге қаржы бөлініп, құрылыс-жөндеу жұмыстарымен жалпы ұзындығы 1100,3 шақырымды құрайтын жолдар мен көшелер немесе 244 нысанды қамту жоспарланып отыр, деп хабарлайды Dalanews.kz Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жыл қорытындысымен 546,6 шақырым болатын 149 нысан пайдалануға беріледі деп жоспарланған. Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының төрағалығымен өткен апталық аппарат жиынында облыс бойынша 2024 жылға жоспарланған автомобиль жолдары саласын дамытудың орындалу барысы туралы баяндалды. Облыс басшысы сапаны назарда ұстамаған, жұмыс барысында орын алған кемшіліктерді қалпына келтірмеген аудан, қала басшылары мен жауапты тұлғаларды сынға алып, тиісті тапсырмалар берді.

Созақ ауданы Сызған ауылына арнайы барған аудан әкімі 4 шақырымды құрайтын ішкі көшелеріне салынып жатқан жолдың құрыс-жұмыстарымен танысты. Сондай-ақ елді мекенде тұрғындарды сапалы ауызсумен қамту жұмыстарын да бақылады. Аймақ басшысы жергілікті тұрғындармен тілдесіп, алда атқарылар жоспарларымен бөлісті.

Сонымер қатар, биыл КХ-110 “Мардан-Қозмолдақ-Сызған” облыстық автомобиль жолының 13,3 шақырымына жөндеу жұмыстары жүреді. Ал Жуантөбе ауылында жалпы ұзындығы 5,2 шақырымды құрайтын Қазыбек би, Қ.Омарұлы мен Ә. Жақсыбайұлы көшелеріне асфальт жабындысын төсеу жұыстары жүруде. Осылайша ауылдың негізгі көшелеріндегі топырақ және тас жол мәселесі оң шешімін тауып, ішкі автомобиль жолдары 100 пайыз асфальтпен қамтылады. Сондай-ақ, ауылдың ішкі көшелеріне де биыл толық жарықшамдар орнатылады.

Leave a reply