Четверг, 19 сентября

КЕНТАУ ҚАЛАСЫНДА ЖОЛ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРУДЕ

0
22

Кентауда 50-ге жуық жол жөндеуден өтеді. Биыл наурыз-сәуір айларында қаланың орталық 19 көшесіндегі 34,6 шақырым жолға шұңқырларды жамау, жаяу жүргіншілер өткелдерін жаңарту жұмыстары жүргізілді. Сондай-ақ, «Ауыл – ел бесігі» жобасы аясында Қарнақ ауылындағы 10 көшеге орташа жөндеуге 87,2 млн.теңге республикалық бюджеттен қаржы қаралған. Бүгінгі таңда мердігер мекеме анықталып, келісім шарт құру жұмыстары жүргізілуде.

Субвенция есебінен қаланың 7 көшесіндегі жалпы 3 шақырым жолға орташа жөндеу жұмыстары жүргізілмек. Түркістан облысындағы автомобиль жолдарының жақсы және қанағаттанарлық жағдайы алдағы 5 жылда 99,5%-ға жеткізілмек. Облыстағы жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдары мен елді мекен көшелерінің сапасын арттыру мәселесі облыс әкімі Өмірзақ Шөкеевтің бақылауында. Түркістан облысында алдағы 5 жылда 2,3 мың шақырым жол салынып, жөндеуден өтеді. Облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуының 2021-2025 жылдарға арналған Кешенді жоспары аясында оңтүстік-батыс айналма жолы, Сарыағаш қаласын айналма жолы, Түркістанның Шығыс айналма жолы, сондай-ақ Түркістан-Шымкент-Ташкент жүрдек теміржол магистралі салынады. Түркістан облысында жыл соңына дейін жақсы және қанағатты жағдайдағы облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының үлесін 79 %-дан 81,4%-ға арттыру көзделуде. Бұл көрсеткішті 2025 жылға дейін 90%-ға арттыру жоспарланған. Биыл автомобиль жолдарын жөндеуге бөлінген қаражаттың басым бөлігі жергілікті маңызы бар жолдарға бағытталады. Құрылыс-жөндеу жұмыстарымен жалпы 300-ден астам нысан, не 1200 шақырымға жуық жолдар мен көшелер қамтылған. Жыл соңына дейін 700 шқ. жол пайданалуға беріледі.

Мақтаарал, Жетісай, Келес аудандары аумағында ұзындығы 478 шқ. жолдар күрделі және орташа жөндеуден өткізілуде. Одан бөлек, осы аудандарда облыс әкімінің тапсырмасымен жалпы ұзындығы 180 шқ. асатын 11 облыстық маңызы бар автомобиль жолдары жөндеуден өткізілуде. Бұл жолдарды қыркүйек айында толықтай пайдалануға беру жоспарлануда. Жолдар Қазығұрт, Түлкібас, Созақ, Бәйдібек аудандары мен Арыс қаласында да жүргізіліп жатыр. Биыл Түркістан-Балтакөл, Кентау-Ащысай, Шымкент-Қарамұрт, Ақсукент-Қарамұрт, Шымкент-Сайрам, Шарапхана-Жаңабазар бағыттарындағы жолдарды пайдалануға беру және Мақтаарал, Жетісай, Келес аудандарындағы облыстық маңызы бар автомобиль жолдарын жөндеу жұмыстары аяқталады.

Leave a reply