Saturday, November 23

Жарқын болашаққа жетелейді

0
28

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына арнаған кезекті Жолдауын мұқият оқып шықтық. Президент Жолдауда орта мерзімді кезеңге арналған жұмыстың негізгі бағыттарын белгіледі, Үкіметке жаңа міндеттер қойып, нақты тапсырмалар берді.

Сондай-ақ, елімізде атқарылған нәтижелі жұмыстар мен оңды істерді атап өтті. Әсіресе, «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасының көптеген мәселеге қозғау салып, халық тарапынан қолдау тауып отырғандығын алға тартты. Әділетті Қазақстанды болашақ ұрпаққа аманат ету баршамызға ортақ міндет екендігін баса айтты.
2025 жылды «Жұмысшы мамандықтар жылы» деп жариялайтынын мәлімдеген Мемлекет басшысы осы уақыт ішінде техникалық және кәсіби білім беру жүйесін реформалау қажеттігін де атап өтті. «Адал әрі табанды еңбегімен табысқа жеткен адамдар қашанда құрметті, сыйлы болуы керек. Бұл біз ұсынып отырған «Адал азамат – Адал еңбек – Адал табыс» қағидатына толық сай келеді» деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Президенттің пікірінше, елімізде әлеуметтік қолдауға мүлде мұқтаж емес ауқатты отбасылар да мемлекеттен көмек алады. Мұндай жайттар аз емес. Осыны ескере отырып, Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке алдағы жылдың басынан бастап «Әлеуметтік әмиян» жобасын жүзеге асыруды тапсырды.
«Мемлекет басшысы ретінде осы міндетті орындауға бар күш-жігерімді саламын. Сіздер де ортақ мақсатқа жету үшін табанды еңбек етесіздер деп сенемін» деді Президент.
Бұқараның билікпен жақын екендігін аңғартатын бағыттың нәтижесі маңызды екені белгілі. Көптеген келісті мәселелерді қамтыған Жолдау мемлекетімізді жарқын болашаққа жетелейді. Сондықтан Жолдауда айтылған ұсыныстарды жүзеге асыру үшін бүкіл қоғам болып атсалысу керек. Ендеше, шешуші кезеңде үлкен-кіші демей, бәріміз де белсенділік танытуымыз керек.

Қалмұхамет АБДУЛЛАЕВ

Leave a reply