ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ: «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» ЭКОАКЦИЯСЫНЫҢ АЙМАҚТАРДА САПАЛЫ ЖҮЗЕГЕ АСУЫНА ӘКІМДЕР ТІКЕЛЕЙ ЖАУАПТЫ

0
39

Ел президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Қазақстан халқына Жолдауында бірқатар маңызды мәселелерді көтеріп, алдағы уақытта шешілуі тиіс екенін мәлімдеген еді. Мемлекет басшысы ерекше назар аударған салалардың бірі еліміздің экологиялық ахуалын жақсарту болып табылады. Ол жыл басынан бері жүргізіліп жатырған «Таза Қазақстан» экологиялық акциясының маңыздылығын айтып, әлі де бұл науқанның жалғасын табуы керектігін тілге тиек етті. Сонымен қатар, акцияға әрбір азамат жауапты екенін айтып, өңір басшыларына сапаға басты назар аудару керектігін жеткізді.
«Таза Қазақстанның» аймақтарда сапалы жүзеге асуына әкімдер тікелей жауапты. Олар жұртқа істің мән-маңызын түсіндіріп, жұмысты дұрыс үйлестіруге міндетті. Аймақ басшысы тек шаруашылықпен ғана айналыспайды. Әкім қоғамдық, рухани мәселелерді әрдайым назарда ұстауға тиіс. Әрбір басшы елмен етене жұмыс істеуі керек, тұрғындармен сенімді байланыс орнатуы қажет. Сонда жұрт та оның бастамаларын қолдайды, ел үшін пайдалы іске жұмыла кіріседі. Әкімнің абырой-беделі дегеніміз де – осы»- деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Үкіжан Садықбекова

Leave a reply