КЕНТАУ: «ӨНЕГЕЛІ ҰРПАҚ» АКЦИЯСЫ АЯСЫНДА ЕҢБЕК АРДАГЕРІНІҢ АУЛАСЫНДА ТАЗАЛЫҚ ШАРАЛАРЫ ӨТТІ

0
17

Әр ұлттың қай кезеңде болмасын алдында тұратын ұлы міндеттерінің ең бастысы өзінің ісін, өмірін жалғастыратын салауатты саналы ұрпақ тәрбиелеу. Болашақ қоғам иелерін жан-жақты жетілген, ақыл парасаты мол, мәдени, ғылыми өрісі озық етіп тәрбиелеу аға буынның қоғам алдындағы зор борышы. Ал жастарды жан-жақты қабілетті азамат етіп өсіруде халықтық салт дәстүрлердің тәлім -тәрбиелік білім танымдық ролі зор. Қазақ халқы — рухани зор байлықтың мұрагері. Ежелгі ата-бабаларымыздың күмбірлеген күміс күйі, сыбызғы сырнайының үні, асқақтата салған әсем әні, ғашықтық жырлары мақал-мәтел, шешендік сөз, айтыс өлеңдерінің сан ғасыр бойы өз ұрпағын сегіз қырлы, бір сырлы, өнегелі де өнерлі адамгершілік ар-ожданы жоғары намысқой азамат етіп тәрбиелеп келгені тарихи шындық. Осындай темірдей тәртіппен өскен кез — келген қазақ баласы қай заманда да үлкенге ізет көрсетіп, жасы үлкені кішісіне ізет көрсетуден аянбақ емес. Қазақтың қасық қаны бойына сіңген ұрпағымыз да бүгінде бұл жолдан адаспай келуде. Сөзімізге дәлел жуырда ғана «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы барысында атқарылған істер. Айта кетейік, Бұл акция бір айдан сәл асады және өте үлкен және жаңа форматта өтеді. Бес тақырыптық апта ішінде «Таза өлке», «Киелі мекен», «Жасыл аймақ», «Өнегелі ұрпақ» және «Мөлдір бұлақ» атауларымен әр елдімекенде аулалар мен көшелерді санитарлық тазарту, аумақтар мен тарихи ескерткіштерді абаттандыру, жас көшеттер отырғызу, ардагерлер аулалары мен қарттар үйлерін жинау, өзендер мен көлдердің жағалауларын қоқыстан тазарту шаралары өткізіледі. Кентау қаласы бойынша акцияға мұғалімдер, тәрбиешілер, этнобірлестіктер, орталық кітапхана қызметкерлері қатысты.
Жалпы, экоакцияның бірінші күні жергілікті тұрғындар жүзден астам туя көшеттерін отырғызды, арықтарды тазартты, іргелес аумақтарды абаттандырумен айналысты. Республикалық эстафетаны он округтің тұрғындары да алды. Мұнда «Таза өлкенің» бірінші аптасы барлық ауылдық амбулаториялардың және медициналық мекемелердің аумағын тазалаудан басталды. «Тазалық – денсаулық кепілі» акциясы аясында.
Адамзат табиғатпен және жердегі барлық тіршілікпен байланысты. Бұл тепе-теңдікті сақтау керек. «Таза Қазақстан» экологиялық челленджі – осындай қадамдардың бірі. Жақсы дәстүрлер жас ұрпаққа сақталуы және берілуі керек, ал табиғатқа деген ұқыптылық балабақшадағы балаларға сіңірілуі керек. «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы қарқын алуда. Әр елдімекеннің тазалығы тұрғындардың қатысуына байланысты, өйткені әр көше, әр үй, әр аула сіздің ауылыңыздың, қалаңыздың және ауданыңыздың айнасы. Міне осындай игі бастама аясында қаламыздың еңбек ардагері «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық науқанының «Өнегелі ұрпақ» апталағында Жұмахан Сопиевтің үйінде тазалық шаралары ұйымдастырылды. Атқарылған жұмыстар барысында тұрғын үй ауласындағы қоқыстар жиналып, жер аударылды. Тазалық жұмыстарына облыстық «Қоғамдық келісім» КММ Кентау қалалық филиалының қызметкерлері мен мектеп оқушылары қатысты.
Еңбек ардагері Жұмахан Атайұлы 1941 жылы дүниеге келген. 83 жастағы қария 45 жыл бойы білім саласында қызмет етіп, зейнетке шыққан. Жұбайы Алмагүл Сұлтанова екеуі 3 бала өсіріп, 10 немере көріп отырған бақытты отбасы. Айта кететін тағы бір мәселе, Табиғи ресурстарға бай Қазақстан ауқымды экологиялық өзгерістердің қарсаңында. «Таза Қазақстан» бастамасы бұл үдерісте үкіметтің, бизнестің және азаматтық қоғамның таза әрі тұрақты ортаны құру үшін күш-жігерін біріктіре отырып, шешуші рөл атқарады.
Сөзден іске: «Таза Қазақстан» акциясының астарында не жатыр?
«Таза Қазақстан» акциясы – бұл жай ұран емес, еліміздің өзекті экологиялық мәселелерін шешуге бағытталған кешенді бағдарлама. Ол кең ауқымды іс-шараларды қамтиды:
Аумақты тазалау: қалаларды, саябақтарды, ормандарды және су қоймаларын қоқыстан жүйелі түрде тазалау.
Көгалдандыру: ағаштар, бұталар отырғызу және жаңа жасыл аймақтарды құру.
Су объектілерін тазарту: өзендердің, көлдердің және теңіздердің ластануымен күресу.
Экологиялық тәрбие: Барлық жас топтары үшін оқу іс-әрекетін жүргізу.
Қалдықтарды бөлек жинау: қалдықтарды бөлек жинау және қайта өңдеу жүйелерін енгізу.
Биоәртүрлілікті сақтау: өсімдіктер мен жануарлардың сирек кездесетін және жойылып бара жатқан түрлерін қорғау.
Неліктен әрекет соншалықты маңызды?
Таза қоршаған орта – халық денсаулығының кепілі. Табиғатты аялау оның байлығын болашақ ұрпақ үшін сақтауға мүмкіндік береді. Таза қалалар мен табиғи ландшафттар туристерді тартады. Ағаш отырғызу және парниктік газдар шығарындыларын азайту климаттың өзгеруімен күресуге көмектеседі. Экологиялық жауапкершілік Қазақстанның халықаралық беделін арттырады.
«Таза Қазақстан» акциясының болашағы өте оптимистік. Мемлекеттің, бизнестің және азаматтық қоғамның бірлескен күш-жігерінің арқасында Қазақстан экологиялық тұрақтылық саласында басқа елдерге үлгі бола алады. «Таза Қазақстан» бір реттік шара емес, мемлекеттің, бизнес пен азаматтық қоғамның тұрақты қатысуы мен қолдауын талап ететін ұзақ мерзімді бағдарлама екенін атап өткен жөн.
2024 жылдың жазы «Таза Қазақстан» экологиялық бастамасының тарихындағы тағы бір жарқын кезең болды. Бүкіл ел бойынша мыңдаған адамдар ортақ үйімізді таза әрі қауіпсіз ету үшін күш біріктірді.
Дәстүр бойынша жазда аумақтарды қоқыстан тазартуға, су айдындарын тазартуға және аумақтарды абаттандыруға бағытталған көптеген сенбіліктер өткізілілді. «Таза өлке» жобасы бойынша Кентау қаласында әлі де қаланы тазалау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Оған қаламыздың белсенділері де атсалысуда. Олар жастарға қоршаған ортаны таза ұстауды маңызы туралы айтып, істерімен үлгі көрсетті.
Бұл «Таза Қазақстан-2024» акциясы аясында жүзеге асырылып жатқан жобалардың шағын ғана тізімі екенін айта кеткен жөн. Еліміздің әр аймағы қоршаған ортаны сақтаудың ортақ ісіне өз үлесін қосты. Бастапқыда Президенттің тапсырмасымен 8 сәуір мен 13 мамыр ара­лығында жарияланған «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы бүгінде жалпыхалықтық сипат алып келеді. Өйткені межелі уақыт біткенімен, көше тазалығына атсалысамын деген ұжымдар мен еріктілердің қатары көбеймесе, азаймай тұр. Тіпті, халықтық екпінмен жылдарға жалғасқандай сыңайы бар. Өйткені белгілі спортшылар, өнер жұлдыздары, танымал тұлғалар, қоғам қайраткерлері, депутаттар, әкімдіктер мен министрліктердің қызметкерлері, кәсіпорындар мен ұйымдардың ұжымдары және тағы да басқа ел өміріне бей-жай қарай алмайтын замандастарымыздың ынтасы жоғары. Ал солардың барлығынан да жастардың арыны басым. Бұл болашақ саналы ұрпақ қалып­тасып келе жатқанын білдірсе керек. Ал ол идеяны көтеріп отырған, ең бірінші кезекте Президентіміз.

«Шын мәнінде, елімізді көгалдандыру, абаттандыру – үлкен мемлекеттік маңызы бар іс. Бұл бүгін шығып, ертең ұмытып кететін бір реттік науқан емес. Аталған жұмыс тұрақты түрде жүргізіледі. Туған жерімізді таза ұстауымыз керек. Бұл – жалпыұлттық мәселе. Қазақстанымыз таза болуы қажет. Лас елге қонақ ретінде, инвестор ретінде ешкім келмейді. Бірақ ең алдымен, Қазақстанның таза, көрікті болғаны біз үшін, яғни халық үшін керек. Бұл күнделікті өмір салтына айналуы қажет. Сондай-ақ бұл жұмыс елорда және ірі қалаларда ғана емес, шағын қалаларда, аудандар мен ауылдарда да ұдайы ұйымдастырылады. Бүкіл Қазақстанды таза ұстау өзімізге, жастарға байла­нысты. Мен жас­тарға сенемін. Сондықтан жастарға зор үмітпен қарай­мын», – деді Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев. Қалай болғанда да табиғат анаға деген махабб­аттың төңірегіне топтасқан қазақстандықтардың әр құлшынысынан сабақтастық байқадық. Оның бір айшығы – науқаншылдықты іліп әкеткен халық пен Президентті қолдай кеткен жастар. Ал бұл сабақтастық 8 сәуір күні бас­­талып, бастапқыда бес аптаға созы­лады деп жоспарланған болатын. Олардың әрқайсысы белгілі бір тақырыпқа арналады. Мәселен, 8-13 сәуір «Таза өлке» деген атпен өтті. Жеті күн ішін­­де елді мекен тұрғындары, қоғам қызметкерлері, ұйымдар мен кәсіпорындардың қызметкерлері іргелес аумақтар мен аула­­ларды қоқыстардан тазартты. Ал «Киелі ме­кен» деп аталған 15-20 сәуір аралығы тарихи-мәдени ескерткіштердің аумағын абаттандыру жұмыстарына арналды. 27 сәуірге дейін қазақстандықтар «Жасыл аймақ» тақырыбы аясында ағаш көшет­терін отырғызып, ағаштарды әктеді. 29 сә­уір – 4 мамыр күндері «Өнегелі ұрпақ» деп аталды. Бұл аптада зейнеткерлердің аулала­ры мен қарт­тар үйлерінің аумақтарын жи­нау және абаттандыру жұмыстары ұйымдас­тырылды. Ал ак­­цияның соңғы аптасы «Мөлдір бұлақ» деген атаумен су айдындарының айналасын қоқыстан тазартуға бағытталды. Одан кейін де бұл акция тоқтамай жалғасып келеді. Әр аптаың атаулардан акцияның ауқымын аңғаруға болады. Тазалық және тал егу жұмыстары тек облыс орталықтары мен ірі қалалар ғана емес, алыс ауданауылдарда да жүруде.

Leave a reply