КЕНТАУДА 44 АДАМ МЕМЛЕКЕТТІК ГРАНТ ИЕГЕРІ АТАНДЫ

0
6

«Еңбек нарығын дамытудың 2024-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы» шеңберінде жүзеге асырылатын “Мемлекеттік қайтарымсыз грант” бағдарламасы аясында 2024 жылы II лекте Кентау қаласы бойынша 117 адам грант алуға өтінім берген.
Жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін мемлекеттік гранттар алуға үміткерлердің өтініштерін қарастыру бойынша комиссия отырысы 01-02 тамыз күндері Кентау Жастар ресурстық орталығының ғимаратында өткізілді.
Онда тұрғындар өз кәсіптерін қорғап, бағыт-бағдарларын түсіндірді. Мемлекеттік қайтарымсыз грант алуға өтінім бергендердің ішінен 101 адам комиссия мүшелерінің алдында өз бизнес жобаларын қорғады. Оның 16 адам комиссия отырысына келмеді. Нәтижесінде 44 адам комиссия мүшелерінің оң шешімімен грант иегерлері атанды.
Осы ретте Кентау қаласы тұрғындарының назарына қайтарымсыз грант туралы аз-кем ақпараттарды ұсынбақпыз.
Грант алу үшін бірқатар шарттарға сай болуы керек.
Жаңа бизнес-идеяны жүзеге асыруға арналған мемлекеттік грантқа үміткер бола алады:
тіркелген жұмыссыздар;
жеке кәсіпкерлер (тіркелгеніне үш жылдан аспауы керек).
Бұл жағдайда өтініш беруші келесі халықтың әлеуметтік осал санаттардың біріне жатуға тиіс:
1) атаулы әлеуметтік көмек алушылар;
2) төрт және одан да көп бірге тұратын кәмелетке толмаған балалары бар көпбалалы отбасыларға, оның ішінде жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында жалпы білім беретін немесе кәсіптік бағдарламалар бойынша күндізгі оқу нысанында оқитын балаларға, олар он сегіз жасқа толғаннан кейін білім беру ұйымдарын бітірген уақытқа дейін ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы алушылар (бірақ жиырма үш жасқа толғанға дейін) және (немесе) оның жұбайы (зайыбы);
3) асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлем алушылар;
4) қоныс аударушылар;
5) қандастар;
6) еңбекке қарсы көрсетілімдері жоқ мүгедектігі бар адамдар;
7) мүгедектігі бар бала (мүгедектігі бар балаларды) тәрбиелеп отырған адамдар және (немесе) оның жұбайы (зайыбы).
Үміткерде “Бастау Бизнес” жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқыту туралы сертификаты (үш жылдан аспайтын) болуы керек.
Қанша рет грант алуға болады?
Өтеусіз және қайтарымсыз негіздегі грант сомасы – 400 АЕК (2024 жылы 1 476 800 теңге). Әр қатысушы оны тек бір рет қана ала алады.
Гранттар не үшін беріледі?
Грант қаражаттары жаңадан бастаған кәсіпкерлерге бизнес әлеуетін іске асыруға, өндірісті жолға қоюға және дамытуға, сол арқылы өзін тұрақты табыспен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Қалай өтініш беруге болады?
Өтініш беру үшін:
– порталда тіркелу;
– грант алу шарттарына сәйкестігін тексеруден өту;
– бизнес-жоспар үлгісін жүктеп алып, оны толтыру және порталға жүктеу;
-өтініш формасын толтырып, ЭЦҚ кілтімен қол қою керек.
Порталға қалай тіркеледі?
Порталға электронды пошта немесе ұялы телефон нөмірі арқылы тіркелуге болады.
Enbek.kz порталында бұрын тіркелген аккаунтыңыз болса, онда қайта тіркелудің қажеті жоқ.
Пайдаланушыны сәйкестендіріп, тіркеуді аяқтау үшін ЖСН көрсету керек.
Одан кейінгі қызметтерді алу ұшін ЭЦҚ қажет ЭЦҚ болмаса оны eGov порталынан қашықтан алуға болады.
Бизнес-жоспар қалай жасалады?
Бизнес-жоспар – бұл бизнесті құрудан бастап нақты мақсаттарға жетуге дейінгі нұсқаулық. Ол неғұрлым жақсы пысықталған және қазіргі жағдайларға бейімделген болса, оны іске асыру және грант түрінде қаржылық қолдау алу мүмкіндігі соғұрлым жоғары болады.
Бизнес-жоспар үлгісін жүктеп алып, оны бизнес-жобаңыз туралы деректермен толтырып, грантқа онлайн өтініш берген кезде пайдалану қажет.
Грантты қандай мақсаттарға алуға болады?
Грантты қажетті еңбек құралдарын, мүкәммалды, технологиялық жабдықты, жануарларды, көшеттерді, бұталарды, тұқымдарды, көшеттерді сатып алу және үй-жайларды жалға алу мақсатында алуға болады.
Бұл ретте жұбайынан, жақын туыстарынан сатып ала алмайды, жалға ала алмайды.
Грант ақшасын қандай мақсаттарға
жұмсауға болмайды?
Гранттар:
– тұтынушылық мақсаттарға;
– кредиттік қарыздарды өтеуге;
– жылжымайтын тұрғын үй сатып алуға және салуға;
– жер учаскелерін сатып алуға;
– акцизделетін өнімдер өндіруге берілмейді.
Байқау нәтижесін қайдан білуге болады?
Комиссия шешімі өтініш берушінің порталдағы жеке кабинетіне жіберіледі.
Грант қаржысын қалай алады?
Комиссия грант беру туралы шешім қабылдаған кезде грант алуға үміткер тиісті хабарламаны алған сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес салық органдарында өз қызметін тіркейді және Порталдағы дара кәсіпкердің банк деректемелері бар банк шотын ұсынады, ол “Еңбек нарығы” ААЖ-ға жіберіледі.
Көрсетілген мерзімде Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес салық органдарында өз қызметін тіркемеген және дара кәсіпкердің банк шотын ұсынбаған грант алуға үміткерге Комиссияның грант беру туралы бұрын алған шешіміне қарамастан грант берілмейді. Бұл ретте үміткер келесі лектерде грантқа қайта өтінім бере алады.
Еңбек мобильділігі орталығы осы Қағидалардың 20-тармағына сәйкес грант алушыға тіркелген дара кәсіпкердің банк деректемелері бар банк шотын алған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде жаңа бизнес идеяларды іске асыруға грант беру туралы шартқа (бұдан әрі – Шарт) қол қояды және грант алушының Порталдағы жеке кабинетіне жібереді.
Грант алушы осы Қағидалардың 21-тармағына сәйкес шартты алған сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде Порталда, жеке кабинетте Шартқа электрондық цифрлық қолтаңбамен қол қояды, ол “Еңбек нарығы” ААЖ-ға жіберіледі.
Егер грант алушы белгіленген мерзімде Порталдағы жеке кабинетте Шартқа қол қоймаса, онда автоматты түрде грант алмайды, сондай-ақ ағымдағы қаржы жылында грант алуға одан әрі өтініш бере алмайды.
Еңбек мобильділігі орталығы шарт жасалғаннан кейін 5 (бес) жұмыс күні ішінде грант алушға тіркелген дара кәсіпкердің ағымдағы банк шотына ақша қаражатын аударуды жүзеге асырады.
Қаражатты мақсатты пайдалану туралы есеп беру қажет пе?
Грант беру туралы шартқа қол қойылған сәттен бастап грант иегері мен Еңбек мобильділігі орталығы арасында шарттық міндеттемелер басталады. Шартқа сәйкес бір жыл ішінде грант қаражатын мақсатты пайдаланғаны жөнінде тоқсан сайынғы есептерді ұсынып отыру керек. Сонда бір жылда барлығы 4 есеп тапсыру қажет.
Есептерді онлайн форматта, пайдаланушының жеке кабинетінде “Есепті тапсыру” функционалы арқылы тапсыруға болады.
Есеп туралы ақпарат интеграция арқылы мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінен келіп түседі. Грант иесіне тек жүзеге асыратын бизнестің кейбір көрсеткіштерін көрсетіп, растайтын құжаттарды тіркеп, үш сауалға жауап беруі қажет.
Есеп ұсынылмаса, қосымша растайтын құжаттар берілмесе немесе есепте көрінеу жалған мәліметтердің бары анықталса, Еңбек мобильділігі орталығы есептелген грант қаражатын қайтаруды талап етуге құқылы.

Leave a reply