Thursday, December 5

АУДАН ОРТАЛЫҒЫНДА ӨТКЕН КЕЗДЕСУДЕ ТЕРІСКЕЙДЕ АТҚАРЫЛҒАН ТЫҢ ІСТЕР АШЫҚ АЙТЫЛДЫ

0
12

Биыл Шолаққорған ауылдық округінде ауқымды жобалар жүзеге асырылып, инфрақұрылымның дамуы үшін тың қадамдар жасалуда. Аудан көлемінде әр сала бойынша белсенді жұмыстар жүргізіліп, жыл соңына дейін бірқатар маңызды жобаларды аяқтау жоспарлануда.

Балдысу және Қарабұлақ елді мекендерінде ауыз су құбыры желілерінің құрылысы аяқталып, тұрғындар орталықтандырылған ауыз сумен қамтамасыз етілуде. Ішкі көшелерге орташа жөндеу жұмыстары жүргізіліп, көшелерді жарықтандыру мен абаттандыру сынды жобалар іске асырылуда. Аудан орталығында және Жеткіншек елді мекенінде 16 көшеге асфальт жабындысы төселіп, 35 көшеге жаңа жарықшамдар орнатылды.

Сонымен қатар, жеке инвесторлар арқылы екі пәтерлі 24 тұрғын үйдің құрылысы аяқталуға жақын. Бұл үйлер әлеуметтік жағынан осал топтағы тұрғындарға арналып, олардың тұрғын үй жағдайларын жақсартуға бағытталған. Аудан орталығында демеушілердің қолдауымен 5 кіші футбол алаңы ашылып, Ж. Ерімбетов көшесі мен Жеткіншек және Қарабұлақ елді мекендерінде балалар ойын алаңдары салынып жатыр. Бұл бағыттағы жұмыстар келер жылы да жалғасатын болады.

Бұл жөнінде бүгін аудан әкімі Мұхит Тұрысбеков Шолаққорған ауылдық округі тұрғындарымен өткен кездесуде мәлімдеп, алдағы жоспарларымен бөлісті. Келер жылы барлық ауылдардың ішкі көшелерін 100 пайыз жарықпен қамтамасыз етіп, барлық округтерді тазалыққа қажетті техникалармен қамту жоспарланып отырғанын айтты.

Кездесу барысында тұрғындар аудан көлемінде іске асырылып жатқан жобалармен танысып, атқарылған жұмыстарды жоғары бағалады. Бірнеше тұрғындар жеке мәселелері бойынша жүгінді. Бірқатары тұрғын үй мәселесін алға тартты. Аудан басшысы тұрғындардың әрбір мәселесін мұқият тыңдап, заңдылықтарды түсіндірді.

Жиынға аудан әкімінің орынбасарлары, құқық қорғау органдары мен бөлім, мекеме басшылары қатысты.

Аудан орталығында атқарылған шаруалар жайында аз-кем айта кетейік. Шолаққорған ауылдық округі бойынша барлық жер көлемі-270419 га. Құрайды. Оның ішінде: Егістік жерлер: Ауылдық округі бойынша үй іргелік суармалы жер көлемі   506 гектарды құрап отыр: қазіргі таңда үй іргелік жерге егілген егіс көлемі 503,3 га болса 88,5 гектарға жүгері, 97 гектарға картоп, 104 гектарға көкөніс, 91 гектарға бақша, 83 гектарға жаңа жоңышқа егілген және өткен жылдардан бері 39,8 гектар ескі жоңышқа бар.

Сондай-ақ, жоспар бойынша агроқұрылымдар меншігіндегі барлығы     2359,88 гектар жердің 853,7 гектарына егіс егілді: оның ішінде жүгері – 63,5 гектар,  картоп – 36 гектар, көкөніс – 35 гектар, бақша – 47 гектар, жаңа жоңышқа –217 гектар болса, ескі жоңышқа 455,2 гектар.

Үш жақты келісім шарт бойынша 2023 жылы егістік жерді игеру тапсырмасы 1357 гектарды құраса, орындалуы 1357 га болып 100 пайызды құрап отыр.

Суармалы жердің көлемін ұлғайту бойынша:

Суармалы жердің көлемі 12,7 гектарға ұлғайтылды.

Тамшылатып суғару әдісі 1,2 гектар жерге енгізіліп, тапсырма 100 %-ға орындалды.

МАЛ БАСЫН АРТТЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ

2023 жылдың қаңтар айына 5774 МІҚ болса, 2024 жылдың қаңтар айына 5900 басты құрап  – 102 %-ға  артқан.

2023 жылдың қаңтар айына 7656  бас жылқы болса, ағымдағы жылдың қаңтар айына 6845 басты құрап, орындалғаны 90%.

2023 жылдың  қаңтар айына 32421 бас майда мал болса, ағымдағы жылдың қаңтар айына 29197 басты құрап, орындалғаны  90 %.

2023 жылдың қаңтар айына 1490 бас түйе болса, ағымдағы жылдың қаңтар айына 1235 басты құрап, орындалғаны 83 %.

2023 жылы  Ауыл аманаты жобасы  негізінде «Созақ арго өнімдері» АШӨК құрылып,  77 азамат 453 млн 500 мың теңге несие алды.

Оның ішінде, «Созақ арго өнімдері» кооперативі 27,600 мың теңгеге ауыл шаруашылық техникаларын алса, 4 азамат өз кәсібін ашуға, 3 азамат балық шаруашылығына, 70 азамат мал басын көбейтуге  қаржыландырылған.

Ағымдағы жылы «Игібай» ауыл шаруашылығы ӨК құрылып, құжаттары тіркетілді. Алайда республикадан қаржы бөлінбеуіне байланысты құжаттар қабылдау тоқтап тұр.

2024 жылдың қаңтар айынан бастап 274 бас  ит пен 21 мысық барлығы 295 ит,мысық жойылды. Барлығына акт жасалып «Беккери» шұңқырына тасталды.

КОММУНАЛДЫҚ ШАРУАШЫЛЫҚ САЛАСЫ БОЙЫНША

ЖОЛДАРДЫ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ

Шолаққорған ауылы округі бойынша 146,7 шақырымды құрайтын, жанама, қуыс көшелерді қоса алғанда барлығы 151 көше бар болса, оның ішінде асфальттанғаны -96,5 шақырымды, тас жолдар-25,3 шақырымды, топырақ жолдар 24,9 шақырымды құрап отыр. Топырақ жолдардың              12 шақырымын Шолаққорған-Жеткеншек аралығындағы жаңадан түсетін үйлердің жолдары құрап отыр.

Ағымдағы жылы «Ауыл-ел бесігі» бағдарламасы аясында Шолаққорған ауылындағы 8 көшеге жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Атап айтқанда З.Темірбекова-1,270 шқ, Қ.Рүстемов-0,350 шқ, А.Мұқанов-0815 шқ, Жамбыл-0,210 шқ, Ш.Қалдаяқов-1,030 шқ, Ү.Тастанов-0,710 шқ, Теріскей-0,300 шқ және Ә.Жынысбаев 0,200 шқ.

Жергілікті бюджет есебінен Жеткеншек елді мекеніндегі атауы жоқ №1 көшесіне тас төселеді жалпы ұзындығы  5,0 шақырым және  Ш.Айманов, Кенесары және Әл-Фараби көшелері жалпы ұзындығы 3,345 шақырым, Шолаққорған ауылының С.Сиязбеков, А.Асқанбеков, атауы жоқ №1, атауы жоқ №2 және І.Кенесбаев жалпы ұзындығы 2,315 шақырым көшелері асфальтталады.

КӨШЕЛЕРДІ ЖАРЫҚТАНДЫРУ

2024 жылы аудандық бюджет есебінен Шолаққорған ауылындағы Ж.Жабаев, Т.Насыров, Ш.Бекжанұлы, Ә.Молдағұлова, Е.Ембергенов, А.Асқанбеков, О.Анарбеков, Ы.Алтынсарин, Қ.Сәтбаев, Б.Момышұлы, Нұрлы жол, Ордабасы және Абай елді мекеніндегі 2-көше, барлығы                   14 көшені жарықтандыру жұмыстары жүргізілді.

Қосымша Шолаққорған ауылындағы Д.Қонаев, Ә.Оспанов, Қ.Әубәкіров, С.Еспенбетов, Руханият, З.Темірбекова, С.Тоқпанбетов, А.Мырзалиев, Төле би, Т.Тоқбергенов, Әйтеке би, Ә.Зейілбекұлы барлығы   12 көшені жарықтандыруға қаржы бөлініп отыр.

«Инкай» БК» ЖШС демеушілігіне Т.Әубәкіров, Ә.Жангелдин көшелерін жарықтандыру,  Қарабұлақ, Жеткіншек елді мекендеріне және Шолаққорған ауылының Ж.Ерімбетов көшесіне балалар ойын алаңын салуды және Ш.Оқшиев көшесіне аяқ жол салу жұмыстарын ұсынудамыз.

«КАТКО» БК ЖШС демеушілігімен өткен жылы Шолаққорған ауылындағы Қ.Рүстемов, А.Иманов, Әйтеке би  көшелері жарықтандырылып, С.Әбуов, Жібек жолы -2, А.Спатаев көшелеріне балалар ойын алаңдары салынды. Ағымдағы жылы Шолаққорған ауылындағы көшелерді жарықтандыру және балалар ойын алаңын салу жұмыстарын ұсынып отырмыз.

Шолаққорған ауылында жарықтандырылған 56 көшелер бар. Оның ішінде 15 көше  «ТорланСтрой» ЖШС-на мемлекеттік жекеше әріптестік бойынша берілген. Қалған 41 көше жарықтандырулары  Шолаққорған ауылдық округі әкімі аппаратының балансында. Ағымдағы жылы жарықтандырылатын көшелерді қосқанда барлығы 53 көше жарықтандырулары ауылдық округі әкімі аппаратының балансында болады.

Бүгінгі таңда ауылдық округі әкімі аппаратының қарауындағы көше жарықтандыруларын    күтіп ұстау, жөндеу, уақытылы қосып өшіру жұмыстарын жүргізуде қиындықтар туындауда. Себебі көше жарықтандыруларын жөндейтін мамандар, техникалар, құрал-жабдықтар ауылдық округі әкімінің аппаратында қарастырылмаған. Алдағы уақытта автовышка алу жоспарлануда.

АУЫЗ СУМЕН  ҚАМТУ ЖҰМЫСТАРЫ

Балдысу және Қарабұлақ елді мекендеріне ауыз су құбырын жүргізу жұмыстары жүргізілуде 2024 жылдың аяғына дейін аталған елді мекендер халқы ауыз сумен қамту жоспарланған.

Абай елді мекені тұрғындарын ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында А.Иманов жалпы орта мектебіне 25 метр  және елді мекендегі  водозабор ішіне тереңдігі 140 метр болатын ұңғы құдықтар қазылды. «Ақмола» мазараты қасындағы бұлақтан құбырмен ауыз су желісіне су жеткізілді.

Ағымдағы жылы 11,2 шақырымды құрайтын «Біресек» каналының            5,2 шақырымына  ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді.

КӨРКЕЙТУ, КӨГАЛДАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ

Шолаққорған ауылы  5 секторға бөлініп, жауапты  36 мекемеге,         78 көше бекітілген.

Бекітілген мекемелермен ағымдағы жылдың 25 ақпанынан бастап бірнеше сенбіліктер ұйымдастырылып, тазалау жұмыстары жүргізілді. Тұрғындардың көшелерге қоқыстар тастау, үйлерінің сыртындағы құрылыс қоқыстарын алмау,  қоқысқа арнап қазылған шұңқырларды жаппау, ауылдың шетіне қоқыстарын шығару жағдайлары жалғасып, ауыл ішін таза қалпында ұстап тұруға кедергілер жасауда. Жұмыстардың нәтижелілігін арттыру үшін  тұрғындарға түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, ескертулер берілді.  Секторларда атқарылған жұмыстар нәтижесінде ауыл көшелері қоқыстардан тазартылып, жүргізілген түсіндірме жұмыстары  тұрғындардың тазалықты  сақтауына,  жиналған қоқыстарын шығаруына ықпал етуде.

Көктем айларында ұйымдастырылған сенбіліктер барысында ауыл маңындағы «Біресек» каналынан  темір жол көпіріне дейінгі аралық, темір жолдың төменгі жағы полигон маңы, «Достар» стадионының шығыс бөлігінен мұнай айдау станциясына дейінгі аралық, Ә. Жангелдин және А.Спатаев көшелерінің қиылысындағы шоғырланған қоқыстар жинақталып, мал өлекселері арнайы орындарға тасымалданды.

Созақ аудандық мәслихатының 2022 жылғы 23 қарашадағы «Созақ ауданы бойынша халық үшін тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға,  тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтерді бекіту туралы» №140 шешімі қабылданған.

Бүгінгі таңда тұрғындар «Созақ сәулет» МКК мен жеке келісім шартқа тұру арқылы жинақталған қоқыстарын шығара алады. Бұл жөнінде  тұрғындарға түсіндіру жұмыстары жүргізілген. Алайда, кейбір тұрғындар қоқыстарын шығаруға салғырттық танытып, ауыл ішіне белгіленбеген орындарға тастап кетуде.  Аталған жағдайлар көбіне түнгі мезгілде орын алатындықтан  құқық бұзушылықты дер кезінде анықтап, әкімшілік шаралар көру мүмкіндігі болмауда.

Дегенмен тұрғындарға ауыл тазалығын  сақтау бойынша түсіндіру жұмыстары  жүргізілуде. Алдағы уақытта ақпараттық хат басшылыққа алынып, тазалықты сақтау бойынша жұмыстар нақты жұмыстар жоспарланып, орындалатын болады.

Шолаққорған ауылындағы қатты тұрмыстық қалдықтарды тастауға арналған полигон «Созақ сәулет» МКК балансында.   Қатты тұрмыстық қалдықтар полигоны толуға жақындаған. Жыл сайын арнайы техникалар көмегімен, айналасындағы қоқыстарды сырып, жинақтау жұмыстары ұйымдастырылады.  Аталған жұмыстар ағымдағы жылы да ұйымдастырылды.

Сонымен қатар, Шолаққорған ауылындағы аурухана жанындағы шұңқырға тасталған қоқыстар демеушілер есебінен жіберілген арнайы техника көмегімен тегістеу жұмыстары жүргізілген. Ағымдағы жылы толықтай тегістеліп бітеді.

Бүгінгі таңда Шолаққорған ауылынан құрылыс қалдықтарын тастау орнына 1 гектар, қатты тұрмыстық қалдықтар тастау орнынан 9 гектар барлығы 10 гектар жер учаскелері бөлінді.  Созақ ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімімен жаңа полигон құрылысын жүргізуге жобалау-сметалық құжаттамалар жасалатын болады.

ЖОЛДАРДЫ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ

Сонымен қатар аудан орталығы Шолаққорған ауылдық округінде жолдарды жөндеу жұмыстары жолға қойылған. Өткен жылғы мәлімет бойынша ауылдық округ бойынша 146,7 шақырымды құрайтын, жанама, қуыс көшелерді қоса алғанда барлығы 151 көше бар болса, оның ішінде асфальттанғаны -96,5 шақырымды, тас жолдар-25,3 шақырымды, топырақ жолдар 24,9 шақырымды құрап отыр. Топырақ жолдардың              12 шақырымын Шолаққорған-Жеткеншек аралығындағы жаңадан түсетін үйлердің жолдары құрап отыр. Ағымдағы жылы «Ауыл-ел бесігі» бағдарламасы аясында Шолаққорған ауылындағы 8 көшеге жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Атап айтқанда З.Темірбекова-1,270 шқ, Қ.Рүстемов-0,350 шқ, А.Мұқанов-0815 шқ, Жамбыл-0,210 шқ, Ш.Қалдаяқов-1,030 шқ, Ү.Тастанов-0,710 шқ, Теріскей-0,300 шқ және Ә.Жынысбаев 0,200 шқ.

Жергілікті бюджет есебінен Жеткеншек елді мекеніндегі атауы жоқ №1 көшесіне тас төселеді жалпы ұзындығы  5,0 шақырым және  Ш.Айманов, Кенесары және Әл-Фараби көшелері жалпы ұзындығы 3,345 шақырым, Шолаққорған ауылының С.Сиязбеков, А.Асқанбеков, атауы жоқ №1, атауы жоқ №2 және І.Кенесбаев жалпы ұзындығы 2,315 шақырым көшелері асфальтталады.

Сондай ақ биыл аудандық бюджет есебінен Шолаққорған ауылындағы Ж.Жабаев, Т.Насыров, Ш.Бекжанұлы, Ә.Молдағұлова, Е.Ембергенов, А.Асқанбеков, О.Анарбеков, Ы.Алтынсарин, Қ.Сәтбаев, Б.Момышұлы, Нұрлы жол, Ордабасы және Абай елді мекеніндегі 2-көше, барлығы                   14 көшені жарықтандыру жұмыстары жүргізілді.

Қосымша Шолаққорған ауылындағы Д.Қонаев, Ә.Оспанов, Қ.Әубәкіров, С.Еспенбетов, Руханият, З.Темірбекова, С.Тоқпанбетов, А.Мырзалиев, Төле би, Т.Тоқбергенов, Әйтеке би, Ә.Зейілбекұлы барлығы   12 көшені жарықтандыруға қаржы бөлініп отыр.

«Инкай» БК» ЖШС демеушілігіне Т.Әубәкіров, Ә.Жангелдин көшелерін жарықтандыру,  Қарабұлақ, Жеткіншек елді мекендеріне және Шолаққорған ауылының Ж.Ерімбетов көшесіне балалар ойын алаңын салуды және Ш.Оқшиев көшесіне аяқ жол салу жұмыстарын ұсынудамыз.

«КАТКО» БК ЖШС демеушілігімен өткен жылы Шолаққорған ауылындағы Қ.Рүстемов, А.Иманов, Әйтеке би  көшелері жарықтандырылып, С.Әбуов, Жібек жолы -2, А.Спатаев көшелеріне балалар ойын алаңдары салынды. Ағымдағы жылы Шолаққорған ауылындағы көшелерді жарықтандыру және балалар ойын алаңын салу жұмыстарын ұсынып отырмыз.

Шолаққорған ауылында жарықтандырылған 56 көшелер бар. Оның ішінде 15 көше  «ТорланСтрой» ЖШС-на мемлекеттік жекеше әріптестік бойынша берілген. Қалған 41 көше жарықтандырулары  Шолаққорған ауылдық округі әкімі аппаратының балансында. Ағымдағы жылы жарықтандырылатын көшелерді қосқанда барлығы 53 көше жарықтандырулары ауылдық округі әкімі аппаратының балансында болады.

Бүгінгі таңда ауылдық округі әкімі аппаратының қарауындағы көше жарықтандыруларын    күтіп ұстау, жөндеу, уақытылы қосып өшіру жұмыстарын жүргізуде қиындықтар туындауда. Себебі көше жарықтандыруларын жөндейтін мамандар, техникалар, құрал-жабдықтар ауылдық округі әкімінің аппаратында қарастырылмаған. Алдағы уақытта автовышка алу жоспарлануда.

Ал ауылды ауыз сумен қамту мәселесі ауданда күнтәртібінен тсүкен емес. Балдысу және Қарабұлақ елді мекендеріне ауыз су құбырын жүргізу жұмыстары жүргізілуде 2024 жылдың аяғына дейін аталған елді мекендер халқы ауыз сумен қамту жоспарланған. Абай елді мекені тұрғындарын ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында А.Иманов жалпы орта мектебіне 25 метр  және елді мекендегі  водозабор ішіне тереңдігі 140 метр болатын ұңғы құдықтар қазылды. «Ақмола» мазараты қасындағы бұлақтан құбырмен ауыз су желісіне су жеткізілді. Ағымдағы жылы 11,2 шақырымды құрайтын «Біресек» каналының            5,2 шақырымына  ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Көгалдандыруға келсек. Шолаққорған ауылы  5 секторға бөлініп, жауапты  36 мекемеге,         78 көше бекітілген.Бекітілген мекемелермен ағымдағы жылдың 25 ақпанынан бастап бірнеше сенбіліктер ұйымдастырылып, тазалау жұмыстары жүргізілді. Тұрғындардың көшелерге қоқыстар тастау, үйлерінің сыртындағы құрылыс қоқыстарын алмау,  қоқысқа арнап қазылған шұңқырларды жаппау, ауылдың шетіне қоқыстарын шығару жағдайлары жалғасып, ауыл ішін таза қалпында ұстап тұруға кедергілер жасауда. Жұмыстардың нәтижелілігін арттыру үшін  тұрғындарға түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, ескертулер берілді.  Секторларда атқарылған жұмыстар нәтижесінде ауыл көшелері қоқыстардан тазартылып, жүргізілген түсіндірме жұмыстары  тұрғындардың тазалықты  сақтауына,  жиналған қоқыстарын шығаруына ықпал етуде.

Leave a reply