Wednesday, December 4

ЖАРТЫТӨБЕ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНДЕГІ ӘЛЕУМЕТТІК ЖОБАЛАРДЫҢ ІСКЕ АСЫРЫЛУЫ, АУДАН БАСШЫСЫНЫҢ ХАЛЫҚПЕН КЕЗДЕСУІ

0
11
Созақ ауданының әкімі Мұхит Тұрысбеков Жартытөбе ауылдық округінің тұрғындарымен кездесіп, аудан көлемінде атқарылар жұмыстарды баяндады. Сондай-ақ ауылдық округте жүзеге асырылған жобаларды қамтып, алдағы жоспарларымен бөлісті.
-«Бұған дейін айтылған ұсыныстарыңыз бойынша тиісті жұмыстар атқарылды. Талап-тілектеріңізді ескере отырып, бірнеше жобаларды қолға алдық. Кездесу алдында ауылдық округтегі әлеуметтік жобалардың жүзеге асырылу барысын қарап шықтым. Бүгінде Бабата ауылында демеушілер есбінен жарықшамдар орнатылып, жеке инвестор арқылы 50 орындық балабақшаның құрылысы жүруде. Бұл балабақша заманауи талаптарға сай жабдықталып, бүлдіршіндеріміздің қажеттіліктерін толық қамтамасыз етеді. 10-нан астам азаматтар жұмыспен қамтылады. Бұл жоба ауылдағы әлеуметтік тұрақтылықты арттыруға септігін тигізеді. Біз әруақытта бірге жұмыс істей отырып, ауылымыздың даму жолында ілгерілеуіміз керек. Елді мекендердегі жағдайды жақсартуға бағытталған жұмыстарымызды одан әрі жандандырып, бар күш-жігерімізді жұмсауымыз қажет. Тұрғындарымыздың мүддесі біз үшін маңызды, және біз оларға барлық қажетті қолдауды көрсетуге дайынбыз. Сондықтан, жауаптыларға әрбір істі жіті бақылап, жұмысты жүйелі түрде жүзеге асыруды тапсырдым. Бізге көрсетілген қолдау мен сенімді ақтап, ауданымызды дамытуды жалғастыруымыз керек. Бәріміз бірлесіп, ауылымыздың болашағын жарқын ету үшін еңбек етуіміз қажет. Қосымша ұсыныстарыңыз болса тыңдап, нақты жоспарға сәйкес жұмыс жүргіземіз»,-деді аудан басшысы Мұхит Сексенбайұлы.
Жиын соңында ауыл тұрғындары атқарылған жұмыстарды жоғары бағалап, алғыстарын жеткізді. Бірқатар азаматтар жеке мәселелері бойынша жүгінді. Аудан басшысы тұрғындар тарапынан көтерілген мәселелердің маңыздылығына тоқталып, шешу үшін жауапты мамандарға нақты тапсырмалар жүктеді.

Leave a reply