СОЗАҚ: АУДАН БАСШЫСЫ СОЗАҚ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН ЖҮЗДЕСТІ

0
15

Созақ ауданының әкімі Мұхит Тұрысбеков Созақ ауылдық округінде тұрғындармен кездесті. Кездесу барысында аудан көлемінде биыл атқарылатын жұмыстарды баяндады. Сондай-ақ ауылдық округті кешенді дамытуға бағытталған бірнеше маңызды мәселелер де талқыланды.

 

– «Созақ ауылдық округінде бұған дейін айтылған ұсыныстарыңыз толық назарға алынды. Бірқатар түйткілді мәселелердің шешімі табылып, биылғы жылы Созақ ауылдық округінің әкімшілік ғимаратының құрылысы басталды. Сондай-ақ, жалпы ұзындығы 10,5 шақырымды құрайтын Абдраманов, Абай, Алибаев, Иманов және Ж. Жабаев көшелеріне көше жарықшамдары орнатылды. Жыл соңына дейін Насруллаев көшесі де қамтылады. Облыстық маңызы бар «КХ-2 Уланбел-Созақ-Екпінді» автомобиль жолының құрылысы да толық аяқталды. Созақ және Шақырық елді мекендерінің тұрғындарын тәулігіне 24 сағат ауыз сумен қамту үшін тиісті жұмыстар жүргізілуде. Қосымша ұсыныстарыңыз болса тыңдап, нақты жоспарға сәйкес жұмыс жасаймыз», – деді аудан басшысы.

 

Кездесу барысында бірқатар тұрғындар өз сауалдарын жолдап, жеке мәселелері бойынша өтініштерін жеткізді. Ауыл қариялары атқарылған жұмыстарды жоғары бағалап, алғыстарын білдірді.

 

-«Біз сіздердің пікірлеріңіз бен ұсыныстарыңызды ескере отырып, соған сәйкес жұмыс жоспарын түземіз. Әрбір тұрғынның өмір сүру сапасын арттыру – біздің ортақ мақсатымыз», – деген аудан басшысы көтерілген мәселелердің маңыздылығына тоқталып, шешу жолы жан-жақты талқыланды. Бұл жөнінде жауапты мамандарға нақты тапсырмалар жүктеді.

 

 

Созақ ауылдық округінде 2023  жылы және 2024 жылдың 5 айында қандай жұмыстар атқарылды? Осы жайында жаза кетейік. Жауаптылардың айтуынша 2023 жылы жергілікті бюджетке 44 млн 346 мың теңге қаржы түсіп, жоспар 111 пайызға артық орындалған.  Бюджеттің  шығыс  бөлігі  109 млн. 246 мың теңгені құрап, 100  пайызға  игерілді. 2024 жылдың 5 айында жергілікті бюджетке 42 млн 274 мың 400 теңге қаржы түсіп, жоспар 797,1  пайызға артық орындалған.

 

Ауылдық округте ауыл шаруашылығында алға қарай жылжу бар. Мәселен Созақ ауылдық округі бойынша 196 шаруа қожалық, 4 ЖШС, 4 ӨК жұмыс істеп тұр.  2023 жылы 2295 га егістік жер игеру жоспарланса, шаруалар 2385,05 га алқапқа егін егу жұмыстарын жүргізіліп, егін егу жоспары  104% артығымен орындалды. 2024 жылға жоспар 2379 га болса шаруалар 2459,25 га жерге егіс егіліп жоспар 103 % артығымен орындалды. 2023 жылы Болыс ата, Абдыраманов, Искандер, Сьәді шаруа қожалықтары  бақша өнімін егіп, алған өнімін жергілікті аудан, ауыл халықына нарықтағы бағадан төмен шығарып ұсынды.

 

Ерекше атап айтатын жағдай Съәді шаруа қожалығы 2,5 га егіс алқабына алғаш рет тамшылатып суару жүйесін ендіріп, бұл тәсілдің суару жүйесін аса көп жеңілдететіндігін және сонымен қатар мол өнім беретіндігін ауыл шаруаларына көрсетіп, тиімділігіне көз жеткізді.  2024 жылы 5 га егіс алқабы тамшылытып суғару әдісімен егіс егуде.

 

Ауылшаруашылық техникаларын алу бойынша 2023 жылы “Бибо” кооперативі Беларус МТЗ-892-2 және 1 дана тіркемесін сонымен қатар “Жаңа Қазақ Елі” кооперативі 1 дана Беларус МТЗ-892-2 және 1-дана тиегіш (погрузчик) LG 833 M маркалы шаруашылық техникаларын алып шаруашылық жұмыстарына пайдалануда.

Мал шаруашылығында жүйелі жұмыстар атқарылуда. Айта кетсек, мал басын асылдандыру бойынша «Сыбаға» бағдарламасы бойынша 2023 жылы Ұзынаққан ш/қ 4 бас бұқа, Насыр ш/қ 4 бас бұқа, Жаңабай ш/қ 2 бас бұқа, Шалқар ш/қ 2 бас бұқа сатып алып, жалпы 12 бас бұқа 300 бас сиырды түрлендіруде. «Алтын асық» бағдарламасы бойынша Жаңабай ш/қ 30 бас қошқар, Бағлан ш/қ 20 бас қошқар, Ақан ш/қ 10 қошқар, Көкбұлақ ш/қ 8 қошқар, Нұрдаулет ш/қ 15 бас қошқар барлығы 83 бас қошқар алынып 2075 бас саулық түрлендірілуде.  Ауыл округі бойынша 01.01.2024  жылы мал саны мына төмендегіше болған.  Мүйізді ірі қара 7832 бас,  Қой-ешкі  34300 бас, жылқы 5602 бас, түйе 4276 бас, құс 5950 басты құрап отыр.

«Ауыл аманаты» пилоттық жобасы аясында Созақ ауылдық   округінде біршама жұмыстар атқарылды. Созақ ауылдық округі бойынша несие рәсімдеуге 111 адам құжат өткізіп, оның 15 адамы түрлі себептермен (үй құжаттарының, несие тарихтарының дұрыс болмауына байланысты т.б.) несие алудан өз еркімен бас тартса, 15 адамның құжаты несие комитетінің шешімімен кері қайтарылды. Нәтижесінде “Жаңа Қазақ Елі” атты мүшелігінде 91 адам тіркелген ауылшаруашылық кооперативі құрылып, мүшелігіндегі құжаттары мақұлданған 66 адам, 356 550 000 тг несиесімен қамтылды.  Оның ішінде Атаулы әлеуметтік көмек алушы 4 отбасы несие алған. «Ауыл аманаты» пилоттық жобасы аясында Созақ ауылдық   округінде атқарылған  жұмыстарды тізбектей кетейік.

  1. Қазіргі таңда “Жаңа Қазақ Елі” кооперативі 26 млн теңге

алынған несиеге 1 дана Беларус МТЗ-892-2 және 1-дана тиегіш

(погрузчик) LG 833 M маркалы шаруашылық техникаларын

алынып шаруашылық жұмыстарына пайдалануда.

  1. Мал шаруашылығы бойынша 67 адам -338 100 000 тг
  2. Балық шаруашылығы бойынша 1 адам – 8 300 000 тг
  3. Жеке кәсібін ашу, дамыту бойынша 1 адам – 5 200 000 тг

несиемен қамтылды.

Жалпы  алынған  несие  көлемі:  70 адам  –  377 600  000 тг

 

«Ауыл аманаты» пилоттық жобасы аясында Созақ ауылында жеке кәсіпті дамыту бойынша 5 200 000 теңгеге көрпе көктеу, жүн және мақта түту  станогы алынды.

«Ауыл аманаты» пилоттық жобасы аясында мал бордақылау бағытында кәсіпкерлер өзге облыстардан МІҚ – 279 бас, Жылқы – 245 бас, Қой – 456 бас, Түйе – 42 бас  төрт түлік малдарын алып келген.

Әлеуметтік сала

Ауыл округінде 4 елді мекен болса, 2024 жылғы қаңтардағы жағдай бойынша жалпы халық саны 10 700,  тұрғын үй саны 1628. Оны елді мекендер бойынша бөлгенде:

Созақ елді мекені       _6140_ халық

Шақырық елді мекені __2915_ халық

Көктөбе елді мекені     __905__ халық

Ыбрай елді мекені       __740_ халық

Жалпы зейнеткерлер саны 899.

Ауған соғысының ардагері – 1.

Тыл ардагері – 31

Батыр ана – 36

Алтын алқалы ана – 144

Күміс алқалы ана –  216

Округ бойынша 2023 жылы  мүгедектігі бар 17 азамат (ша) және 59 зейнеткер шипажайға жолдама алған.   (Сарағаш, Таңнұры, Мейір, Ардагерлер үйі)

2024 жылы  мүгедектігі бар 6 азамат (ша) және 27 зейнеткер шипажайға жолдама алды.   (Сарағаш, Таңнұры, Мейір, Ардагерлер үйі)

Құрылыс саласы бойынша

2023 жылы ауылдық округте ірі құрылыс нысандары салынды. Атап айтар болсақ Ыбырай елді мекенінен 200 орындық жаңа мектеп ғимараты және 1000 орындық Созақ ауылында үлкен футбол алаңының құрылысы аяқталып, пайдалануға берілді.

 

Сондай ак жергілікті бюджет есебінен Ыбырай және Көктөбе елді мекендерінде жалпы  ұзындығы 5,6 шақырым көше бойы жарықтандырылды. Сонымен қатар Созақ ауылынан мал өлексесін тастайтын Беккери шұңқырының құрылысы аяқталып, Ыбырай елді мекеніндегі кіші футбол алаңшасының төсеніші (газон)  жаңартылды.

 

Демеушілер есебінен Созақ ауылының Өткелбаев көшесінің бойынан 1000 орындық Мешіт құрылысы, Көктөбе елді мекенінен 100 орындық Мешіт құрылысы салынып пайдалануға берілді.

 

2023 жылы Созақ мектеп гимназиясының 2003 жылы бітірген түлектерінің демеушілігімен Созақ ауылына кіре берісінен Рәміздер аллеясы салынды.

 

2024 жылы Созақ мектеп гимназиясының 2004 жылы бітірген түлектерінің демеушілігімен Созақ ауылына кіре берісінен Созақ ауылының атауын заманауи жаңа үлгіде жазылған қақпа орнатса, Науайы атындағы жалпы орта мектебінің 2004 жылы бітірген түлектерінің демеушілігімен әлеуметтік жағдайы төмен, көп балалы 1 бір отбасына 5 бөлмелі тұрғын үй салып берді.

 

 

Созақ ауылдық округі бойынша барлығы 40 көше жалпы ұзындығы 76,8 шқ оның ішінде: асфальт -55,6 шқ, қиыршақ тас – 15,9 шқ, топырақ 5,3 шқ құрайды.

 

2023 жылы Созақ ауылындағы 5 көшеге 7 шақырым жолға асфальт төселді. Ыбырай елді мекенініне 0,5 шақырым  асфальт төселді.

 

2024 жылға бюджет есебінен Созақ ауылдық округі әкімі аппаратының жаңа ғимаратының құрылысы басталса, ағымдағы жылдың шілде, тамыз айларында Созақ ауылының 5 көшесін жарықтандыру жоспарлануда. Демеуші есебінен Созақ ауылы, Өткелбаев көшесінің бойынан Спорт комплексі ғимаратын салу жоспарлануда. Созақ ауылының тұрғыны жеке кәсіпкер, Жәдігер Әлібеков әлеуметтік жағдайы төмен 1 отбасына берілетін тұрғын үйдің құрылысын жүрізуде.

Көше тазалығы

 

2024 жылдың наурыз-сәуір айлары аралығында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында әр аптаның сенбі күндері мекеме қызметкерлерімен ауыл тұрғындарын ұйымдастырып көше бойларын тазалауға сенбіліктер өткізіліп, тазалық жұмыстары жүргізілді.  Сондай ақ көшелерге, тұрғын үй маңына бей берекет күл қоқыс тастаған тұрғындарғы айып пұл салында.

 

Әскери сала бойынша

 

2023 жылы Созақ  ауылдық  округіне  аудандық әскери комиссориаттан көктемгі және күзгі әскеришақырылымға 40 азаматты әскерге жіберуге жоспарланса, жалпы округ бойынша 47 азамат әскерге жөнелтіліп жоспар артығымен орындалды.

2024 жылы Созақ  ауылдық  округіне  аудандық әскери комиссориаттан көктемгі әскеришақырылымға 20 азаматты әскерге жіберу жоспарланса бүгінгі таңға дейін 22 азамат әскерге жіберіліп жоспар артығымен орындалды.

 

Кәсіпкерлік сала бойынша

 

Қазіргі  таңда  Созақ ауыл  округі  бойынша  44 – дүкен, 6 – жанар жағармай құю бекеті, 3-тойхана, 5 – қоғамдық  монша,  2- жеке меншік  емхана, 5- дәріхана, 5- жекеменшік  бала бақша халыққа қызмет көрсетуде.

 

Leave a reply