Thursday, December 5

СОЗАҚ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ ҚЫЗЕМШЕК КЕНТІНІҢ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСІП, ҰСЫНЫСТАРЫН ТЫҢДАДЫ

0
8

Созақ ауданының әкімі Мұхит Тұрысбеков Қыземшек кентінің тұрғындарымен кездесті. Тұрғындардың мәселелерін тыңдап, алдағы жоспарлармен бөлісті. Кездесу барысында

биылғы жылы Қыземшек кентінде тұрғындардың сұранысына сәйкес атқарылатын жобаларды таныстырды.

— “Биылғы жылы Қыземшек кентінде бірқатар жұмыстар атқарылды. «Шолаққорған-су» КММ мекемесіне қарасты орталықтандырылған жылу қазандықтарында ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіліп, жылу жүйесі толықтай сұйық отынға ауысты. Бұл әсіресе тұрғындардың жылу мәселесін шешуде үлкен рөл атқарады,”-деді аудан басшысы.

Сондай-ақ Қыземшек кенті мен Тайқоңыр елді мекенінің ішкі көшелеріне жүріп жатқан жөндеу жұмыстарына тоқталды. Осы жылы Тайқоңыр елді мекенінің Тұлпар көшесі мен Қыземшек кентінің атауы жоқ үш көшеге асфальт жабындысы төселуде. Сондай-ақ, Таңбалы тас көшесіне балалар ойын алаңшасы салынып, бұл бағыттағы жұмыстар демеушілер есебінен де жүзеге асуда. Жиында тұрғындар аудан көлемінде атқарылатын жұмыстарды тыңдап, өз ұсыныс-пікірлерін ортаға салды.

— “Біздің басты мақсатымыз — туындаған сұрақтарды ашық түрде талқылап, алдағы атқарылатын жұмыстарды пысықтау,” — деген аудан басшысы Мұхит Сексенбайұлы көтерген мәселелерге назар аударып, қажетті шаралар қабылданатынын айтты. Ол жөнінде жауаптыларға нақты міндеттер жүктеді.

Кездесудің соңында жеке мәселелері бойынша жүгінген тұрғындарды қабылдады. Көтерілген мәселелердің шешу жолдарын жауапты мамандармен бірлесе саралады.

 

Аталмыш ауылдық округте өткен жылы қандай жұмыстар атқарылғандығын жаза кетейік.          Ауыл округі бойынша мүйізді ірі қара 1703 бас,  Қой-ешкі  5608 бас, жылқы 2317 бас, түйе 35 бас, құс 550 басты құрап отыр. Қазіргі таңда Қыземшек кенті бойынша 15 шаруа қожалық жұмыс істеп тұр.  2023 жылы 12 га егістік жер игеру жоспарланса, үй іргелік 12 га  алқапқа егін егу жұмыстарын жүргізіліп, егін егу жоспары  100%  орындалған.

.2023 жылы «Бақытжан» шаруа қожалығы SHANTUI XCMG  маркалы шаруашылық техникасын алып шаруашылық жұмыстарына пайдалануда. Мал басын асылдандыру бойынша «Сыбаға» бағдарламасы жұмыс жасауда. Осы бағдарлама бойынша 2023 жылы «Жахангер-Т» шаруа қожалығы қазақтың ақбас сиыры 1 бас бұқасын алып шаруа қожалығын дамытып отыр. «Жахангер-Т» шаруа қожалығы «Отандық асыл тұқымды қой алуға»  субсидия, «Бақытжан» шаруа қожалығы «Асыл тұқымды қой басын селекциялық және асыл тұқымдандыру» субсидиясын алып шаруа қожалықтарын дамытып отыр.

Ауылдық округ халқының Зейнеткерлер – 165 адам,  Ауған соғысының ардагері – 2, Чернобыль апатына қатысушылар – 1, Тәжік-Ауған шекарашысы – 1, Таулы  Қарабах әскери қақтығыстарына  қатысушы – 1,  Алтын алқа – 16, Күміс алқа- 32, жалғыз  лікті қарттар саны 4 адамды құрайды. Мүгедектер жалпы саны – 80. Жоғарыда  аталған  санаттағы  тұрғындарға  мүмкіндігінше  назардан    тыс  қалдырылмайды.

Қыземшек кентінде жалпы 13 көше, 25 көпқабатты үй 810 пәтер,                                               265 жеке тұрғын үй бар. 88 жеке тұрғын үй орталықтандырылған жылу қазандығына қосылмаған, қалған үйлер толық орталық жылыту қазандығына қосылған. Ауыз су, кәріз су, жылуды «Шолаққорған-Су» МКК-і қамтамасыз етеді. Ауыз су кент тұрғындарына 24 сағат тоқтаусыз берілуде. Кенттің санитарлық тазалығына жауапты «А-Мансұр» ЖШС-і. Жалпы 16 көшенің 10 көшесі жалпы ұзындығы 11,6 км, оның 7 км асфальт төселген, ал қалған Қыземшек кентінің 3 көшесі және Тайқоңыр елді мекенінің 3 көшесінде шағал тас жалпы ұзындығы  4,6 км. Қыземшек кентінде 10 көшенің барлығы толық көше жарықтарымен қамтылған. Қыземшек кенті, Тайқоңыр елдімекенінде 3 көшенің 1 көшесі ғана Тұлпар көшесі көше жарығымен қамтамасыз етілген, қалған 2 көшесінде Ақбикеш, Ақжайқын  көше жарықтары қойылмаған. 2023 жылы кент көлемінде мекеме және кәсіпорын ұйымдарымен бірлесіп  24 сенбілік өткізіліп көше бойындағы тұрмыстық 180 – тонна күл- қоқыстар шығарылды. Аулаларды, көшелерді тазарту, әктеу, сырлау, қайта қалпына келтіру жұмыстар жүргізілуде. Кентке қарасты кәсіпорындар сенбілік кезінде барлық қажетті техникалармен қамтамасыз етеді. Бүгінгі таңда Қыземшек кенті әкімі аппараты мемлекеттік мекемесімен Орталық саябақ күтіп баптау жұмыстары жүргізілуде. Кенттегі барлық талдар әктеліп, ойын алаңшаларына сырлау жұмыстары жүргізілді.  Қыземшек кенті бойынша Орталық саябаққа және мекемелер алдына  260 түп тал және 340 түп гүл отырғызылды.

2023 жылы аудандық бюджеттен Қыземшек кентіне мал тоқыту және мал өлекселерін тастайтын (Беккери шұңқыры) орынның құрылыс жұмыстары жүргізіліп, пайдалануға берілді. 2023 жылы аудандық бюджет есебінен Қыземшек кенті ішкі көшелеріндегі барлығы 69 жол белгілері ауыстырылып, жаңартылды. 2023 жылы жергілікті бюджеттен Қыземшек кенті Таңбалы тас көшесіне көше жарықтары жалпы ұзындығы 1,45 км-ге құрылыс жұмыстары аяқталып, пайдалануға берілді.

2023 жылы әскерге шақырту жасындағы азаматтардың есебінде                  138 азамат бар. Оның ішінде; отбасылылар – 16. Жоғары, арнаулы орта, орта оқу орындарында оқитындар саны – 83. Дәрігерлік сараптамаға шақыруға жататындар саны – 49. Оның ішінде; уақытша басқа қалаларға жұмыс іздеп кеткендер саны – 11. Д есепте тұратындар саны – 2. 1996-97-98 жылдары туылғандар саны – 8. Күзгі және көктемгі әскерге шақырту жұмыстары барысында                          38 азамат аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөліміне дәрігерлік сараптамаға жеткізіліп, жылдық тапсырыс бойынша 13 азамат әскерге жіберіліп, наряд толықтай орындалды.

 

Биылғы жылдың 6 ай бойынша атқарған жұмыстар төмендегідей.

2024 жылы Кент бюджетінің кірістер жоспары барлығы 94 731,0 мың теңге.        Кент әкімінің қызметін қамтамасыз ету бойынша кент әкімі аппаратының 7 мемлекеттік қызметкерінің, мемлекеттік қызметшілер болып табылмайтын келісім шарт негізінде жұмыс жасайтын 8 техникалық қызметкердің 6 айдағы енбекақы шығыстарына, зейнетақы қорына, табыс салығына, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына қаралған қаржы 2024 жылға 60 575,0 мың теңге жоспарланса, 6 айдың жоспарымен 32 716,9 мың теңге қаржы аударылып, жоспар 99,9%-ға орындалып отыр.

Ауыл шаруашылығы салаларының негізгі бөлігі мал шаруашылығы болып табылады. Қыземшек кентінде үй іргелік 12 гектар егіс егілген.2024 жылы кентімізде 16  шаруа қожалық тіркеліп жұмыс жасауда. Есепті мерзімде кентте 2107 бас  мүйізді ірі қара, 2358  бас жылқы, 38 бас түйе, 8047 бас қой, 503 бас ешкі, 375 бас құс өсірілуде.

Ауыл шаруашылығы саласындағы бағдарламаларға сәйкес  «Сыбаға»,  «Алтын асық» бағдарламалары жайлы, мемлекет тарапынан берілетін субсидияны алу жолдары және көлемі туралы шаруа қожалықтар мен кент шаруаларына түсіндірме жұмыстары жасалынуда.

Қыземшек кенті аумағында көктемгі залалсыздандыру, Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы ауруына қарсы дезинфекциялау аумағы 25 400 шаршы метр. Залалсыздандыру жұмыстарын жүргізу мақсатында Қыземшек кенті мен Тайқоңыр елді-мекен тұрғындарына дезинфекция жұмысын жасауға қора жайлар мен аумақтарын механикалық тазалау жөніндегі хабарламалар таратылып  хабарландыру жұмыстары жүргізілуде.   Қыземшек  кентінде  Халық  саны –  4847  барлық  отбасы  саны – 1211,    оның  ішінде: еңбекке  қабілеттісі – 2932,  өндіріс пен  қызмет  көрсету  саласында – 1858,  жеке кәсіпкерлер- 65, мемлекеттік  және  әлеуметтік  нысандарда – 351 адам. Зейнеткерлер- 165 адам,  Ауған соғысының ардагері – 2, Чернобыль апатына қатысушылар – 1, Тәжік-Ауған  шекарашысы – 1, Таулы  Қарабах әскери қақтығыстарына  қатысушы – 1, Алтын алқа – 17,  Күміс алқа- 33 адамды құрайды.Мүмкіндігі  шектеулі  азаматтардың   Жалпы саны – 81

 

Жоғарыда  аталған  санаттағы тұрғындарға  мүмкіндігінше назардан  тыс  қалдырған  емеспіз. Айтар  болсақ,  кентіміздің  әкімшілігінде 4 жалғызілікті   қарттар  мен             4 үйден оқытылатын балаларға  әлеуметтік  жағдайларын біліп, тиесілі  көмектерімен қамтамасыз  етіп  отыру  мақсатында  2- әлеуметтік  қызметкер  жұмыс  жасайды. Әлеуметтік  қызметкерлер  Созақ ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі мен Қыземшек кенті әкімдігінің арнайы бекітілген іс-шаралар жоспарына сәйкес бекітілген кесте бойынша жалғызілікті қарттар мен үйден оқытылатын мүмкідігі шектеулі азаматтарға  күнделікті үйлеріне барып белгіленген  сағаттар  бойынша, аптасына екі рет  барып  жағдайларын  біліп, тиесілі  көмектер  көрсетілуде.

Қазіргі  таңда  іс – шараға  байланысты  біршама  жұмыстар атқарылуда. «Оңтүстік тау-химиялық» компаниясы Б/К ЖШС-нің демеушілігімен көрсетілген  көмектер:

8-Наурыз «Халықаралық Әйелдер күні» мерекесіне орай Әкімшіліктің  ұйымдастыруымен  «Алтын-алқа», «Күміс-алқа» иегерлеріне  «Оңтүстік тау-химиялық компаниясы» Б/К  ЖШС-нің  демеушілігімен  көп  балалы 50- анаға  әрқайсына  25,000 теңгеден  қаржылай  сый- сыяпат жасалды. Кентіміздің «Мәдениет» үйінде көп-балалы аналарға концерттік бағдарлама қойылды. Құттықтаулар! таратылып,  50-анаға сый-сыяпат жасалынды.

9-Мамыр  Ұлы Жеңістің  79-жылдық  мерекесіне  орай, «Оңтүстік  тау- химиялық компаниясы» ЖШС-нің демеушілігімен 5-ардагерге әрқайсына 40.000 теңгеден  қаржылай  сый-сыяпат  жасалды.

1-Мамыр «Балаларды қорғау күні» мерекесіне орай «Оңтүстік тау-химиялық компаниясы» Б/К  ЖШС-нің  демеушілігімен 13- бала жастан  мүмкіндігі шектеулі балаларға  50.000 теңгеден  көлемінде қаржылай  сыйлық  берілді. Бала-жастан  мүмкіндігі  шектеулі I- топтағы Бегалы  Гүлайымға  қоларбаға  800.000 теңге көлемінде  қаржылай  сыйлық  берілді. Қазіргі  таңда,  мүмкіндігі  шектеулі  3- адам  Сарыағаш  қаласының  «Ақбұлақ»  шипажайында  демалып  қайтты.

 

Қыземшек кентінде жалпы 17 көше, 25 көпқабатты үй 853 пәтер,                                               225 жеке тұрғын үй бар. 85 жеке тұрғын үй орталықтандырылған жылу қазандығына қосылмаған, қалған үйлер толық орталық жылыту қазандығына қосылған. Ауыз су, кәріз су, жылуды «Шолаққорған-Су» МКК-і қамтамасыз етеді. Ауыз су кент тұрғындарына 24 сағат тоқтаусыз берілуде.Кенттің санитарлық тазалығына жауапты «А-Мансұр» ЖШС-і. Жалпы 17 көшенің 12 көшесі жалпы ұзындығы 8,8 км толық асфальт төселген, ал қалған Тайқоңыр елді мекенінің 3 көшесінде шағал тас жалпы ұзындығы  2,4 км. Қыземшек кентінде 10 көшенің барлығы толық көше жарықтарымен қамтылған. Қыземшек кенті, Тайқоңыр елдімекенінде 3 көшенің 1 көшесі ғана Тұлпар көшесі көше жарығымен қамтамасыз етілген, қалған 2 көшесінде Ақбикеш, Ақжайқын  көше жарықтары қойылмаған. 2024 жылы кент көлемінде мекеме және кәсіпорын ұйымдарымен бірлесіп 13 сенбілік өткізіліп көше бойындағы тұрмыстық 65 – тонна күл- қоқыстар шығарылды. Аулаларды, көшелерді тазарту, әктеу, сырлау, қайта қалпына келтіру жұмыстар жүргізілуде. Кентке қарасты кәсіпорындар сенбілік кезінде барлық қажетті техникалармен қамтамасыз етеді.

Бүгінгі таңда Қыземшек кенті әкімі аппараты мемлекеттік мекемесімен Орталық саябақ күтіп баптау жұмыстары жүргізілуде. Кенттегі барлық талдар әктеліп, ойын алаңшаларына сырлау жұмыстары ақылы қоғамдық жұмысшылары арқылы жүргізілуде. Қыземшек кенті бойынша Орталық саябаққа және мекемелер алдына 700 түп тал және демеушілер есебінен 300 түп жеміс көшеттері (шие, қарашөрік, алма төрт түрі) Орталық стадион маңайына отрғызылды. Тал егілген стадион маңайы толық қоршалып, қазіргі уақытта уақытылы суарылуда.

2024 жылы алдағы уақытта Қыземшек кенті Таңбалы тас көшесінен балалар ойын алаңшасы құрылысы жүргізу үшін мердігер анықталуда. 2024 жылы «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасымен Қыземшек кенті, Тайқоңыр елді мекеніне медициналық пункт құрылысы жүргізіледі. 2024 жылы «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасымен Қыземшек кентінен 4 көшеге ұзындығы 2,1 шақырым және Тайқоңыр елді мекенінен 1 көшеге 1,4 шақырымға асфальт төсеу жұмыстары жүргізілетін болады. Қыземшек кентінен Көкорай көшесінен балалар ойын алаңшасының орны белгіленіп, қазіргі таңда демеушілер іздестірілуде. Тайқоңыр елді мекенінен «Қазатомөнеркәсіп»ҰАҚ» АҚ демеушілігімен спорт алаңшасы салынады деп күтілуде.

Көктемгі әскерге шақырту жасындағы азаматтардың есебінде 137 азамат бар. Оның ішінде;  отбасылылар – 10.  Жоғары, арнаулы орта, орта оқу орындарында оқитындар саны – 87.  Дәрігерлік сараптамаға шақыруға жататындар саны – 22. Оның ішінде;уақытша басқа қалаларға жұмыс іздеп кеткендер саны – 16. Д есепте тұратындар саны – 2. Көктемгі әскерге шақырту жұмыстары барысында 15 азамат аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөліміне дәрігерлік сараптамаға жеткізіліп, көктемгі тапсырыс бойынша бүгінгі таңда 6 азамат әскерге жіберіліп, наряд 86 пайыз  шамасында орындалды.

Leave a reply