СОЗАҚ: ЖУАНТӨБЕ АУЫЛЫНДАҒЫ ИНФРАҚҰРЫЛЫМНЫҢ ДАМУЫ, ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕР МЕН ЖЕТІСТІКТЕР
Биыл Жуантөбе ауылында айрықша өзгерістер орын алып, ауқымды жобалар жүзеге асырылды. Көшелер мен жолдардың келбеті арта түсті. Ауылда жалпы ұзындығы 5,2 шақырымды құрайтын Қазыбек би, Қ. Омарұлы және Ә. Жақсыбайұлы көшелеріне сапалы асфальт жабындысы төселді. Тұрғындардың талап-тілектері орындалып, Қожақ Омарұлы көшесіне жарықшамдар орнатылды. Ауылдың негізгі көшелері мен ішкі автомобиль жолдары 100 пайыз асфальтпен қамтылды. Тұрғындардың көлік қатынасы едәуір жеңілдеп, күнделікті өміріне оң әсерін тигізуде.
Ауыл тазалығын қамтамасыз ету мақсатында қатты тұрмыстық қалдықтарды тастайтын полигон пайдалануға берілді. Бұл бастама экологиялық мәдениетті қалыптастыруға және ауылды таза ұстауға бағытталып отыр.
Ауыл жастарының спортпен шұғылдануына жағдай жасау үшін балалар ойын алаңшасы күрделі жөндеуден өтіп, ауылдық клуб жанында заманауи жаттығу залы ашылды. Жабық футбол алаңының құрылысын жүргізу үшін жобалық-сметалық құжаттамалары әзірленді. Құрылысы келер жылы басталады.
Сонымен қатар, мал дәрілейтін станок пен тоғыту алаңының құрылыс жұмыстары да жалғасуда. Бұл жұмыстар ауыл шаруашылығын дамытуға бағытталып отыр.
Бұл жөнінде бүгін аудан әкімі Мұхит Тұрысбеков Жуантөбе ауылдық округінің тұрғындарымен өткен есептік жиында мәлімдеді. Сондай-ақ аудан көлемінде іске асып жатқан ауқымды жобаларды баяндап, жоспарларымен бөлісті. Тұрғындар өз алғыстарын білдіріп, ұсыныстарын ортаға салды. Аудан басшысы көтерілген сауалдарға жауап беріп, сала мамандарына нақты тапсырмалар жүктеді.
Есептік жиыннан соң тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдады. Кездесу барысында ауыл азаматтары денсаулық сақтау, жайылымдық жер мен әлеуметтік мәселелерге қатысты өтініштерін жеткізді. Аудан басшысы әрбір тұрғынның мәселесін тыңдап, оларды шешуге бағытталған нақты шараларды түсіндірді.
Жуантөбе ауылдық округі былтырғы жылды қалай қортындылады айта кетейік. 2023 жылдың қорытындысымен жалпы бюджет бойынша қаржының игерілуіне келетін болсақ, бюджет бойынша кіріс 72 млн 928 мың теңгені құрап, қаржылар тиісті мақсаттарға жұмсалды. Кірістер бөлігінде жоспар – 72 млн 928 мың теңге болса, орындалуы – 73 млн 178 мың теңге болып, 100,3 пайызға орындалған немесе 250,0 мың теңгеге артық орындалған.
ӘЛЕУМЕТТІК САЛАДАҒЫ СЕРПІЛІС
Ауылдық округ бойынша халық саны 1 қаңтардағы мәлімет бойынша 2 114 адам тіркелген. Оның 1 069 әйелдер, 1 045. Экономикалық тұрғыдан белсенді халық 892. Оның ішінде: жалдамалы қызметкер – 491, өздігінше жұмыспен қамтылғандар – 340, ресми жұмыссыз – 37, жұмыс күші құрамына кірмейтін тұлғалар – 1 222.
Ауылдық округ бойынша 334 тұрғын үй 339 отбасы бар, 2 жалғыз басты қария, 68 мүмкіндігі шектеулі азаматтар, 6 Батыр ана, 25 Алтын алқа, 44 Күміс алқа иегерлері, 1 ауған соғысына қатысушы ардагер, 9 тыл еңбеккерлері бар.
«2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобаны» іске асыруда 12 жас жастар практикасына, 34 жұмыссыз ақылы қоғамдық жұмысқа, 57 адам бос жұмыс орындарымен, 2 адам алғашқы жұмыс орнымен, 1 адам «Күміс жас» және 1 адам мемлекеттік грант, 1 адам шағын несие, «Enbek.Kz» платформасында сұранысқа ие дағдылар бойынша оқудан 3 адам сертификат алған. Қазіргі таңда ресми 37 азамат жұмыс іздеуші болып тіркелген.
Ауылдық округте атаулы әлеуметтік көмек тағайындау жөніндегі комиссия құрылған. 2023 жыл қорытындысы бойынша 8 отбасынан атаулы әлеуметтік көмек тағайындау жөнінде өтініш комиссияда қаралып 8 отбасына оң қорытынды берілген. Оның 7 шартты, 1 шартсыз атаулы әлеуметтік көмек тағайындалған. Жыл басынан қазіргі таңға дейін жалпы 8 аз қамтамасыз етілген отбасыға 3 954 381 теңге көлемінде атаулы әлеуметтік көмек тағайындалған.
Жыл басынан бері ақылы қоғамдық жұмысқа жіберілген 34 адамның, 6-ы мемлекеттік атаулы көмек алатын отбасының жұмыссыз жүрген мүшелері.
Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жоба шеңберінде жастарды шағын несиелеу бағдарламасы аясында 1 жас Қуандықова Жәудір 2,5 пайызбен 5 млн теңге несие алды.
Айта кететін жайт, грант алу үшін ауыл тұрғындары тарапынан 4 азамат өтініш берген, комиссияның қорытындысымен 1 отбасының жобасы мақұлданып, Олжабай Айжан отбасылық дәнекерлеу ісі бойынша 1 млн 380 мың грант алды.
1-наурыз «Алғыс айту күніне» орай әлеуметтік қызметшілер мен жастар маманының ұйымдастыруымен қайырымдылық іс-шаралар өтті.
8-наурыз «Халықаралық әйелдер күні» мерекесіне орай мерекелік концерттік бағдарлама ұйымдастырылып, 80 (сексен)ардақты анағакәсіпкер Тұрғанбайұлы Нұрбақыттың демеушілігімен, сондай-ақ мекеме ұжымдарының ұсынуымен 10 (он) белсенді қыз-қеліншектерге мерекелік сыйлық тарту етілді.
«Қамқорлық» жобасы аясында аз қамтылған 1 отбасыға қиын жағдайдан шығуына ықпал ету мақсатында біршама жұмыстар жүргізіліп, ауыл еріктілерінің бастамасымен баспана сатып алып берілді. Бекітілген мұнай айдау станциясы мекемесі ұжымы азық-түлік себетін беріп келеді.
«Ақдала» кен орнында жұмыс жасайтын ауыл жастарының демеушілігімен 10 отбасының әр қайсысына 30 мың теңге көлемінде бірнеше рет азық-түлікпен қамтамасыз етті.
Сонымен қатар өзге де қайырымдылық шаралары ұйымдастырылып келеді.
АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ АЛДЫҢҒЫ ҚАТАРДА
Ауыл шаруашылығы саласы бойынша «Даму» бағдарламасына сәйкес 2023 жылғы жасалған үш жақты келісім шарт негізінде ЖШС, шаруа немесе фермер қожалықтары мен жеке кәсіпкерлерге жаңа ауыл шаруашылығы техникаларын алу бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді. «Сыбаға» бағдарламасы аясында мүйізді ірі қара аналығын тұқымдық түрлендіруге тарту жоспарға сәйкес 5/125 бас, «Алтын асық» бағдарламасы аясында 1375 қойдың аналық басын тұқымдық түрлендіруге тарту жоспарланған болатын, алайда ниетті шаруалардың болмау есебінен тиісті нәтиже көрсете алмай отырмыз.
Созақ ауданының 2021 – 2025 ж.ж. арналған әлеуметтік-экономикалық даму бағдарламасының» 2023 жылға жоспарланған даму көрсеткіштері бойынша ауылдық округ көлемінде тиісті жұмыстар атқарылуда.
«Жайылымдық суландыру» бағдарламасы бойынша шаруа қожалықтарға 20 құдық қазылды.
Егістік жер көлемінің игерілуі: ауылдық округі бойынша 18 гектар жерге егін егу жоспарланып, картоп – 1,0 га, көкөніс – 2,5 га, бақша – 4,0 га, жаңа жоңышқа 9,0 га, ескі жоңышқа – 1,0 га, барлығы 17,5 гектар жерге егілді.
2024 жылдың 1 қаңтарына 3 881 мүйізді ірі қара, 18163 майда мал, 2 265 жылқы және 2 730 түйе тіркелген.
Жуантөбе, Созақ ауылдық округтеріне қарасты Шу өзені бойындағы алқаптарда азиялық шегірткелерді жою мақсатында химиялық өңдеу жұмыстары жүргізілді. Химиялық өңдеу жұмыстарына АН-2 ұшағы тартылып, оңтайлы уақытта жоғары биологиялық тиімділікпен жүзеге асырылды.
ВЕТЕРИНАРИЯ САЛАСЫ БАСТЫ НАЗАРДА
Мүйізді ірі қара – 1 820 бас, майда мал – 8 995 бас сырғаланып, жылқы – 1100 бас ауыл шаруашылығы жануарларына алдын ала жұқпалы ауруларға қарсы емдеу шаралары жүргізілді.
2023 жылы ауыл шаруашылығы жануарлары арасында аса қауіпті жұқпалы аурулардың алдын алу мақсатында бекітілген жоспарға сәйкес «Құтыру» ауруына қарсы 563 бас мүйізді ірі қараға, 150 бас итке, «Аусыл» ауруы бойынша 4 500 бас мүйізді ірі қараға, 24 300 бас ұсақ малға, «Сібір жарасы» ауруына қарсы 3 545 бас мүйізді ірі қараға, 18 452 бас ұсақ малға, 1 752 бас жылқыға және 2 470 бас түйеге егілді. «Туберкулез» ауруына қарсы 900 бас мүйізді ірі қара тексерілді.
Жұқпалы ауруларға диагностикалық тексеру іс-шаралары бойынша 2023 жылғы жоспарға сәйкес 2 499 бас мүйізді ірі қарадан, 11 852 бас уақ малдан бруцеллез ауруына қан сынамалары алынып, ветеринариялық зертханаға тексеруге өткізілді.
2023 жылына қаңғыбас ит-мысықты жою 40 басқа жоспарланып, 71 бас ауланып, жойылды. 2023 жылы қазіргі таңға дейін ит-мысықтан зардап көріп жарақаттанған жағдай тіркелмеген. 2023 жылы «құтыру» ауру көрсеткіштері тіркелмеген. 2023 жылы Конго-Қырым қанды қызбасы ауруының алдын алу мақсатында көктем мезгілде 169 729 шаршы метр үй іргелік қора-жайлар мен оған жапсарлас аумақтарын залалсыздандыру жұмыстары жүргізілді.
Сонымен қатар 17 886 бас майда мал тоғыту, 8 616 бас ірі қара мал бүрку, 57 275 шаршы метр буферлік аймақтарға залалсыздандыру жұмыстары жүргізілген. 2023 жылы кене тию күдігі бойынша ешқандай адам тіркелмеген.
Ағымдағы жылы аудан әкімдігінің құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің тапсырысымен мал өлекселерін тастайтын «Беккери» шұңқыры салынып, облыстық ветеринария басқармасының Созақ аудандық филиалы қабылдап, пайдаланылуда.
Округтің негізгі саласы ауылшаруашылықтың түрі мал шаруашылығы болып есептеледі. Жуантөбе ауылдық округі бойынша жер көлемі – 444 638 га, оның ішінде ауыл шаруашылығы жерлері – 356 804 га, тәліми жер – 289 га, жайылымық жер – 356 472 га, суармалы жер – 43 га.
Қазіргі таңда ауылдағы шаруа қожалықтардың пайдаланып отырғаны жері – 89 273 га жайылымдық жерді құрайды. 2023 жылдың басында конкурс арқылы жер алып, 7 шаруа қожалығы ашылды.
КӘСІПКЕРЛІК САЛАСЫ ҚАНАТ ЖАЙЫП КЕЛЕДІ
Ауылдық округ бойынша тіркелген кәсіпкерлік субъектілері саны – 49. Белсенді жұмыс жасап жатқан шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері – 47. Оның 32-і шаруа қожалықтары, 1 ЖШС, 13 дүкен, 1 дәріхана, 2 монша.
КОММУНАЛДЫҚ ШАРУАШЫЛЫҚ САЛАСЫ КҮНТӘРТІБІНДЕ
Жалпы ауыл көлемінде 9,4 шақырым негізгі ішкі автомобиль жолдары бар. Оның ішінде 4,2 шақырымға жуық асфальт жол, 5,2 шақырымға жуық тас жол. «Ауыл – Ел бесігі» жобасы аясында 2022 жылы орташа жөндеу (қиыршақ тас) төселген көшелерге асфальт төсеу жұмыстары жүргізілетін болады. Атап айтқанда:Қазыбек би көшесіне 2 шақырымға, Қожақ Омарұлы көшесіне 1,55шақырымға, Әжібай Жақсыбайұлы көшесіне 1,65 шақырымға жалпы алғанда 5,2 шақырым жолға асфальт төселеді. Нәтижесінде ауылдағы негізгі көшелердегі топырақ, тас жол жол мәселесі шешіліп, негізгі ішкі автомобиль жолдары 100 пайыз асфальтпен қамтылатын болады.
Ауылдың негізгі ішкі көшелеріне жол белгілері орнатылды.
Көктем-күзгі тазалық айларында апта сайын сенбіліктер ұйымдастырылып, ауылдағы барлық көрнекілік баннерлерді жаңартылды. Сенбіліктерге ауыл көлеміндегі мекемелер белсенді түрде қатысып келеді.
Сонымен қатар ақылы қоғамдық жұмыстағыларға бекітілген жұмыс жоспарына сәйкес күнделікті белгіленген көшелерге тазалық жұмыстары тұрақты жүргізілді.
Биылғы жылы көркейту-көгалдандыру жұмыстары бойынша 270 түп ағаш көшеттері, 100 түп гүл көшеттері егілді.
Облыстық маңызы бар автожолдардың бойындағы аркалар сырланып, баннерлер ретке келтіріліп, жол бойына тазалық жұмыстары жүргізілді.
Сонымен қатар Ж.Қаламбаев көшесіндегі кіші футбол алаңшасына, орталық «Бәйтерек» кешеніне, Қ.Омарұлы көшесіндегі балалар ойын алаңы мен Төле би көшесіндегі демеушілікпен салынған балалар ойын алаңшасына сырлау, шөптерін шабу, тазалық жұмыстары жүргізілді.
«Инвест» бағдарламаға сәйкес 2023-2024 жылғы қысқы маусымға дайындық шаралары барысында Жуантөбе ауылдық округі бойынша 3,9 шақырымға жоғары кернеулі 10 кВт барлығы 87 дана электр бағаналары жаңадан ауыстырылды.
Ауыл тазалығын ретке келтіру мақсатында қатты тұрмыстық қалдықтар тастайтын полигон құрылысы басталып, жүргізілуде. Жоспарға сәйкес пайдалануға беріледі деп күтілуде.
ІШКІ КӨШЕЛЕРДІ ЖАРЫҚТАНДЫРУ БОЙЫНША ЖҮЙЕЛІ ЖҰМЫСТАР ЖҮРГІЗІЛУДЕ
Энергия үнемдеу мақсатында көше жарықтандыру жүйелері мемлекеттік-жеке меншік әріптестікке өтіп, автоматты түрде жанатын болып, жаңғырту жұмыстары жүргізіліп, жарықтандыру жүйелері тұрақты жанып келеді.
Ағымдағы жылы Қазыбек би көшесіне 1,3 шақырымға (38 бағана) жергілікті бюджет есебінен 5 млн 298,8 мың теңгеге жарықтандыру жұмыстары жүргізіліп, іске қосылды.
Сонымен қатар ауылдағы көше жарықтары бағаналарына ағымдағы жөндеу жұмыстарына – 1 млн 90,2 мың теңге қаралып, ахау келген бағаналар жөнделіп, жанбай тұрған бағаналарға жарықтандыру шамдары орнатылып, барлық бағаналарға сырлау жұмыстары жүргізілді.
БІЛІМ САЛАСЫ БАСТЫ БАҒЫТ
Ауылдық округте 1 білім беретін мектеп, 1 мемлекеттік бөбекжай-балабақша, 2 жекеменшік балабақша жұмыс жасайды. Мектепте жалпы оқушы саны – 548 болса, оның мектеп алды даярлық тобында –50 тәрбиеленуші, 1-11-сынып аралығында 498 оқушы білім алуда.
Мемлекеттік «Ақбота бөбекжай-балабақшасы» 75 орындықты 3 топ, онда 28 адам (26 штат) жұмыспен қамтылған. Ал жекеменшік негіздегі «Алуа» бөбекжай-балабақшасында 30 бала, «Жаннұры балабақшасы» ЖШС 40 баламен, 14 ауыл тұрғыны жұмыспен қамтылған.
ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ САЛАСЫ
Ауылдық округте 1 Жуантөбе дәрігерлік амбулаториясы, 1 ФАП халыққа қызмет көрсетеді.
Денсаулық сақтау саласы бойынша есепті кезеңде ана өлімі, бала өлімі тіркелмеді. Сары аурумен, сарып ауруымен, өкпе ауруы /туберкулез/ ауырғандар тіркелмеген.
Денсаулық саласында жұмыс жасайтындар саны – 30, оның ішінде 2 дәрігер, 13 мед персонал, 15-і техникалық қызмет көрсетушілер.
Халық сұранысына сай ауылдағы дәрігерлік амбулаторияға зертханалық аппарат беріліп, анализ тапсыратын лаборатория ашылды. «103» жедел жәрдем бөлімшесі ашылатын болып, 1 (бір) медициналық жедел жәрдем автокөлігі берілді.
МӘДЕНИЕТ ПЕН СПОРТ ЕГІЗ ҰҒЫМ
Ауылдық округте 1 клуб және 1 кітапхана халыққа мәдени қызмет көрсетеді. Мәдени мекемелерде мәдени-көпшілік іс-шаралар ұйымдастырылып келеді. Ауылдық кітапханадағы кітап қоры 14 017 (2022 ж 13 173) құрайды. 2023 жылы жаңа 844 дана кітаппен толықтырылды.
Ауылдық клубтың жылыту қазандығы мен еденіне ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді.
Ауылымызда бюджет есебінен және өндіріс демеушілігімен салынған 2 жазғы кіші футбол алаңшасы, 1 балалар ойын алаңшасы мен демеушілер есебінен салынған 1 жазғы спорт алаңшасы бар. Қыс мезгілінде мектептің спорт залында бекітілген кестеге сәйкес әр аптаның 3-5 күнінде футболдан жаттығу ойындары өтеді.
Ауылдық округі әкімі аппаратында, сондай-ақ мекемелерде өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы жұмыс жасауда. Ауыл тұрғындары арасында бұл жөнінде хабарланған, ауыл тұрғындарына e.gov электронды порталында қызмет алу ережелерімен таныстырып, қызмет алуды үйретіп келеді.
ТӘРТІПКЕ БАҒЫНҒАН ҚҰЛ БОЛМАС
Округ аумағында 1 полиция тірегі орналасқан, онда 1 компьютер бар. Учаскелік полиция қызметкері автокөлікпен қамтылған.
2023 жылы қылмыс тіркелмеген.
Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мен қылмыстың алдын алу гіт-насихат жұмыстарын жандандыру ұйымдастырыла беретін болады.
Жуантөбе ауылдық округі әкімдігі бойынша запастағы офицерлер саны – 6, әскери міндеттілер саны – 275, 2023 жылы әскерге шақырушылар есебінде – 92 азамат болса, оның ішінде көктемгі әскерге шақырту кезеңінде зерделеуден өткендері – 32, медициналық сараптамадан өткені – 29, көктем және күзгі әскерге жіберуге берілген тапсырма – 10 болса, 2023 жылдың әскерге шақырту жұмыстары барысында тапсырма 100 пайызға орындалды.
Күзгі әскерге жіберуге берілген тапсырма – 5. Күзгі әскерге шақырылушылар есебінде 92 азамат есепте тұрады, күзгі әскерге шақырту кезеңіне зерделеніп берілген әскер қатарына шақырылушылар саны – 16, медициналық сараптамадан өткені – 15, күзгі әскерге жіберуге берілген тапсырма – 5 болса, 2023 жылдың күзгі әскерге шақырту жұмыстары барысында тапсырма 100 пайызға толықтай орындалды.
Ауған соғысы ардагері – 1. 2023 жылы Созақ аудандық Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі қызметкерлерінің қатысуымен әскерге шақырылушы жастармен, келісім-шарт қызметі және әскери оқу орындарын насихаттау мақсатында мерзімді әскери қызметке бару жайлы екі рет түсіндіру жиыны өткізілді.
Алдағы жылдарда ауылдық округ аумағындағы өзекті мәселелерді шешуге бағытталатын шаралар:
2024 жылы атқарылатын және жоспарланған жұмыстар:
Тас жол төселген көшелерге асфальт төсеу жұмыстарын жүргізу;
-Қазыбек би көшесіне 2 шақырымға асфальт;
– Қожақ Омарұлы көшесіне 1,55 шақырымға асфальт;
– Әжібай Жақсыбайұлы көшесіне 1,65 шақырымға асфальт, жалпы алғанда 5,2 шақырым жолға асфальт төсеу.
Қожақ Омарұлы көшесіне жарықтандыру жұмысын жүргізу (1 530 метр),
Қатты тұрмыстық қалдықтар тастайтын полигон құрылысы.
Жабық спорт алаңшасын салу үшін ЖСҚ әзірлеу;
Ауылдағы қажетті электр желілерін жаңарту;
Сметалық құжаттамалары дайын алдағы бюджетті нақтылауға немесе бекітілген өндіріс орындарына ұсынылатын жобалар:
Әжібай Жақсыбайұлы-Батырбек Достайұлы көшесіне аяқ жол/тротуар төсеу (1 100 метр),
Төле би көшесіне аяқ жол/тротуар төсеу
Төле би көшесіндегі шағын футбол алаңшасына ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу,
Ауыл ішіндегі негізгі мәселелерді де дәстүрге айналған мерейтойлық кездесу ұйымдастыратын мектеп бітіруші түлектердің демеушілігімен де шешу жұмыстарын жалғастыру;