Wednesday, October 30

КЕРЕК ДЕРЕК: РӘМІЗДЕР ЖАЙЛЫ ҚЫЗЫҚТЫ ДЕРЕКТЕР

0
8


1992 жылдың басында Жоғарғы Кеңес президиумының жаңа мемлекеттік символиканы дайындау бойынша жұмыс тобын құру туралы қаулысы шықты. Соған сәйкес арнайы шығармашылық комиссия құрылды. Оның құрамына Салық Зиманов, Ербол Шәймерденов және т.б. сияқты қайраткерлер кірген.
Елтаңба, Ту, Әнұран жобаларын жасау байқауы жарияланып, оған 600-ден астам адам қатысты. Мемлекеттік ту эскиздерінің шығармашылық еңбектері бар барлығы 1200 өтінім берілді. Сондай-ақ болашақ Мемлекеттік Елтаңбаның 245 сурет жобасы мен 67 суреттемесі және Мемлекеттік Әнұранның 750 нұсқасы ұсынылған.
Байқау қатысушыларының алдында күрделі міндет тұрды. Мемлекеттік рәміздер тек эстетикалық талаптарға жауап беріп қоймай, тарихи, саяси, экономикалық символизмге сәйкес келуі тиіс болды. Жас егеменді мемлекеттің саяси мәні мен мақсатын нақтылы түрде көрсететін көркемдік шешім табу қажет болды.
Бұл Шәкен Ниязбеков (Ту авторы), Жандарбек Мәлібеков және Шота Уәлиханов (Елтаңба авторлары), Шәмші Қалдаяқов (Әнұран әуені), Жұмекен Нәжімеденов (Әнұран мәтіні) сияқты шеберлердің қолынан келген іс болды.
Мемлекеттік рәміздерді қабылдау процесінде Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың рөлі ерекше болды. Мемлекеттік Әнұран мәтініне жекелеген түзетулер енгізген Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев біріктірілген авторлық ұждымның құрамына кірді. Мемлекет басшысы сондай-ақ терминдердің қазақ тілінде пайдаланылуына көңіл аударды. Оның бастамасы бойынша «елтаңба», «әнұран», «нышан, рәміз» сияқты ресми терминдер енгізілген.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері 1992 жылдың 4 маусымында қабылданды.
Біздің отандастарымыз Қазақстан Туын әлемдік жарыстар мен олимпиадалардың жеңісті жолдарымен төрт мың рет ұстап жүріп, оны ғаламшардың баруға жолы ең қиын түрлі жерлеріне, ең биік тау шындарына және ғарышқа тікті.
1 шілдеде ғарыш стансасының бортында біздің Мемлекеттік Тудың қасында сөз сөйлеген Талғат Мұсабаевтың ғарышқа ұшқанына 22 жыл толады.
2015 жылы ғарышкер Айдын Айымбетовтің ғарышқа сапары кезінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы Жер шарын 150-ден астам рет айналып ұшты.
2011 жылдың 14 желтоқсанында Оңтүстік Полюске шығудың 100 жылдық мерейтойында Қазақстан Республикасының Туы Антарктидада тігілді.
2015 жылдың 14 сәуірінде қазақстандық шаңғы экспедициясы Қазақстан Республикасының Туын Солтүстік полюс – Арктикада тікті.
1995 жылы Абайдың 150 жылдығына қарсы Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Мемлекеттік Туды Іле Алатауының «Абай» шыңына тікті.
2012 жылдың 23 ақпанында қазақстандық Андрей Гундарев Оңтүстік Африканың ең биік нүктесі – “Охос-дель-Саладо” бағындырды, қазақстандық Ту осылайша әлемдегі ең биік жанартауға тігілген.
2014 жылы қазақстандық альпинист Мақсұт Жұмаев Солтүстік Американың ең биік тауы – «Мак-Кинли» шыңына шығып, онда қазақстандық туды орнатты.
Қазақстанның Туы сондай-ақ Батыс Еуропаның ең биік нүктесі – биіктігі 4 810 метрді құраған «Монбланға» көтерілген.
Еліміздің Мемлекеттік Туы мен Мемлекеттік Әнұраны Азия мен бүкіл әлемнің ең биік шыңдары – Памир тауының «Ленин» шыңына (7 134 метр) және Эвересте (8 800 метр) көтеріліп, шырқалған.
2011 жылы Мақсұт Жұмаев пен Василий Левцов Қазақстанның Туын Азияның ең күрделі тау шыңы – биіктігі 8 611 метр «Қарақорым Чогориге» тікті.

Leave a reply