«Зорлық – зомбылықсыз 16 күн»
«AMANAT» партиясы Сайрам аудандық филиалының мәжіліс залында 25 қараша -10 желтоқсан аралығында республика көлемінде өтіп жатқан «Зорлық – зомбылықсыз 16 күн» акциясы аясында, әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықты болдырмауға және жолын кесуге, ана мен баланы қорғауға, қоғамдағы отбасының ішінде әйел-ананың рөлін нығайтуға, сондай ақ, отбасылық құндылықтарды насихаттауға бағытталған, мемлекеттің қабылдап жатқан шаралары туралы аудан тұрғындарына кеңінен түсіндру үшін бірлескен жоспар негізінде дөңгелек үстел өтті.
Кездесуге «Қоғамдық келісім» КММ-нің Сайрам аудандық филиалының басшысы Б.Айтбаев, аудандық мәслихат депутаттары, құқық қорғау органдарының қызметкерлері, «Отбасын қолдау орталығы» КММ-нің қызметкерлері, Іскер әйелдер кеңесінің төрайымы Ш.Бекзатова, сот орындаушылар және этнос жастары қатысты.
Базарбай Мамадиярұлы: Тұрмыстық зорлық-зомбылық, ерте жүктілік пен аутодеструктивті мінез-құлық (суицид) тақырыптары бойынша 17 іс-шара өткізіліп, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың құрбандарына 45 азаматқа психологиялық, 67 азаматқа құқықтық көмек көрсетілгенін, 10 ай көлемінде аудандағы «Отбасын қолдау орталығы» КММ-нің Консультациялар беру және кешенді сүйемелдеу бөлімшесіне жалпы 343 азамат көмекке мұқтаж болып келгенін. Суицидтің алдын алу мақсатында 2024-2025 оқу жылында мектептерде төрт критерий бойынша атап айтқанда физиологиялық, әлеуметтік, оқу-педагогикалық, мінез-құлық тәуекел топтарына оқушылар алынған.
Жоғарыда көрсетілген оқушылармен және олардың ата-аналарымен Қазақстан халқы Ассамблеясының жанындағы аудандық Ақсақалдар және Аналар кеңесінің «Адал азамат» және «Салауатты сана» жобасы аясында ақпараттық – насихат топтарының жүйелі жұмыстары оң нәтиже беріп жатқаны туралы баяндама жасады.
Басқосу барысында жоғарыда аталған тақырыптар төңірегінде ой қозғалып, ұсыныс-пікірлер тыңдалды. Сондай-ақ жиналған жұртшылық өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, жауаптар алды.