Понедельник, 3 марта

ТҮРКІСТАН: ТӨЛЕБИДЕ ТҰРҒЫНДАРДЫҢ ҰСЫНЫСЫМЕН ШАХМАТ ОЙНАУ ЗАЛЫ АШЫЛДЫ

0
28
✅Төлеби ауданының әкімі Еркеғали Әлімқұловтың өткен аптадағы жеке қабыладуына келген Киелітас ауылдық округ тұрғыны Құрбанәлі Ағаділов бастаған тұрғындар ауданда мектеп оқушылары арасында шахмат ойынын дамыту мақсатында арнайы үйірме ашуды ұсынған болатын. Осы ретте аудан басшысы тұрғындар өтінішін назарға алып, Ленгір қаласында шахмат ойнау залы ашылды. Ашылу рәсіміне орай, жарыс ұйымдастырылды.
📌Салтанатты шараға орай өткізілген спорт жарысына 27 оқушы қатысып, өзара бақ сынады. Залдың ресми ашылуына аудан әкімі Еркеғали Әлімқұлов қатысып, шахмат – ақыл-ой мен танымдық қабілеттерді дамытудың қуатты құралы саналатын ойын түрі екенін айтып, алдағы уақытта облыстық сайыс ұйымдастыру жоспарланып отырғанын жеткізді.
🔹Шахмат – әртүрлі жастағы және әртүрлі мәдениеттегі адамдарды біріктіретін ойын. Ойын залында мектеп оқушылармен қатар, зейнет жасындағы қариялар шахмат ойынан сайысқа түсті.
✔️Сайыс қорытындысы бойынша жеңімпаздар Диплом мен арнайы сыйлықтармен марапатталды.

Leave a reply