Четверг, 6 марта

КЕЛЕС: «АБАЙ» ӨНДІРІСТІК ПАРКІ ҚҰРЫЛАДЫ

0
19
Келес ауданы — аграрлық және кәсіпкерлік салалары бойынша облыстағы дамып келе жатқан ауданның бірі. Мұндағы халықтың дені ауылшарушалығы саласында еңбектенеді. Өткен жылы өңірдегі ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 70 076,0 млн.тг құрады. Бұл көрсеткіш тиісті кезеңмен салыстырғанда 2 942,5 млн.тг артық орындалған. Бұл туралы аудандық кәсіпкерлік және ауылшаруашылығы бөлімінің уақытша міндетін атқарушы Еркебулан Ыбрахымұлы аудандық мәслихаттың сессиясында мәлімдеді.
Бөлім басшысының мәліметіне сүйенсек ауыл шаруашылығы негізгі капиталына 18 681,4 млн.тг инвестиция тартылған. Оның ішінде 762,5 млн.тг тамақ өнімдерінің негізгі капиталына инвестиция енгізілген. Өткен жылы Келес ауданы бойынша жалпы 22 871,5 га егіс егілді. Оның ішінде, 12 350 га аумаққа көкөністермен бақша дақылдары, тамыр жемістілер және түйнек жемістілер. Бүгінде Алпамыс батыр, Бірлесу және Ұшқын ауылдық округтеріндегі 55 шаруа
173,5 га аумақта құлпынай өнімін егуде. Жалпы ауданы аумағында 201 дана агроқұрылымдарда 52 га
жылыжай алқаптары орналасқан.
Түркістан облысы әкімдігінің қаулысы негізінде 300 гектар болатын «Келес»
индустриалды аймағын 20 жыл мерзімге құру тапсырмасына сәйкес Ақтөбе ауылдық округі аумағынан 300
гектар жер учаскесі «Turkistan» индустриалды аймақтардың
басқарушы компаниясына» ЖШС пайдалануына беру туралы
Келес аудан әкімдігінің «Turkistan»
индустриалды аймақтардың басқарушы компаниясына» ЖШС жер учаскесін беруді мақұлдау туралы қаулысы қабылданды.
Қазіргі таңда индустриалды аймақтың жер учаскесін елді мекен шегіне енгізу бойынша жұмыстар жүргізілуде.
Абай ауылы аумағынан «Абай» өндіріс паркі құрылысы үшін «Түркістан» әлеметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» акционерлік қоғамына 10,0 га жер учаскесін беру бойынша жұмыстар
жүргізілуде. «Абай» өндіріс паркі аумағында 15 бірлік «Brownfield»
үлгісіндегі өндірістік ғимарат салынуы жоспарлануда. Өндіріс
паркі құрылысы ауданның өнеркәсіп саласының дамуна зор үлес
қосады деп күтілуде.
Аудандық мәслихаттың сессиясында аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі мен Біртілек ауылдық округінде атқарылған жұмыстар мен алдағы міндеттер айтылды. Баяндамашыларға мәслихат депутаттары сұрақ қойып, тиісті жауаптары берілді.

Leave a reply