Омар Жәлел лауазымынан айырылды

0
140

Билер алқасы Омар Жәлелді би деп мойындаудан бас тартты. Бұл туралы «Қазақ Билер Алқасының» мүшелері мәлімдеді, деп хабарлайды Infonews.kz сайты. 

“Қазақ Билер Алқасы 2023 жылы 31 шілдеде  өткен онлайн жиында көпшілік дауыспен Омар Жәлел мырзаны Бас би лауазымынан жеке ұстанымына байланысты айырып, Бас би деп мойындаудан бас тартты”, – делінген хабарламада.

Еске салайық, 2022 жылы Омар Жәлел 17 қыркүйекте қазақтың Бас биі болып сайланған болатын. Құрылтай Түркістан облысы, Түлкібас ауданы, Машат ауылындағы «Ақшолпы» деген демалыс орнында өткен.

Leave a reply