СОЗАҚ: АУДАН АРДАГЕРЛЕРІ АРАСЫНДА ӘН БАЙҚАУЫ ӨТТІ

Созақ аудандық «Мыңжылқы» мәдениет үйінде Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығы аясында аудандық ардагерлер кеңесінің ұйымдастыруымен «Ардагерлер ән салады» атты ән байқауы өтті. Шараға аудан ардагерлері белсене қатысып, жеке орындаушылар мен хор ұжымдары өз өнерлерін ортаға салды.
Шараның ашылу салтанатында аудан әкімінің орынбасары Алтын Күнтуқызы құттықтау сөз сөйледі. Байқаудың маңыздылығына тоқталып, қатысушыларға сәттілік тіледі. Сонымен қатар, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Қабылбек Еспенбетов ізгі тілегін білдіріп, өнер көрсетушілерге шығармашылық табыс тіледі.
Патриоттық әндерге негізделген байқауға қатысушылар тыңғылықты дайындықпен келіп, байқау өте тартысты өтті. Қазылар алқасының шешімі бойынша жеңімпаздар келесідей анықталды:
Хор ұжымдары арасында:
• І орын – Қарағұр ауылдық округі
• ІІ орын – Қаратау ауылдық округі
• ІІІ орын – Құмкент ауылдық округі
• «Үздік хор ұжымы» номинациясы – Шолаққорған ауылдық округі
• «Белсенді хор ұжымы» номинациясы – Шу ауылдық округі
Жеке орындаушылар арасында:
• І орын – Әділбекова Роза (Құмкент ауылы)
• ІІ орын – Сәулетова Балшекер (Қарағұр ауылы)
• ІІІ орын – Құлтаев Бауыржан (Қаратау ауылы)
• «Үздік әнші» және «Белсенді әнші» номинациялары – Садуахасов Қошқарбай (Шолаққорған ауылы), Исмайлова Мария (Шу ауылы)
Байқау соңында жеңімпаздар мен жүлдегерлерге арнайы дипломдар мен сый-сияпаттар табысталды. Шара ардагерлердің өнерге деген сүйіспеншілігін, патриоттық рухын паш етіп, көрермендерге керемет әсер сыйлады.