КЕЛЕС АУДАНЫНДА «ӨЗ АҒАШЫҢДЫ ОТЫРҒЫЗ» АКЦИЯСЫ АЯСЫНДА 3 МЫҢНАН АСТАМ ТАЛ ЕГІЛДІ

Келес ауданында «Өз ағашыңды отырғыз» акциясы аясында ауқымды тазалық жұмыстары жүргізілді. Бұл іс-шара облыс әкімінің тапсырмасымен бекітілген «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында іске асқан. Келес ауданына қарасты 12 ауыл округтерде өткен сенбілікке 8 мыңнан астам адам қатысқан. Шараға жергілікті тұрғындар, еріктілер, ауыл ақсақалдары, мекеме қызметкерлері мен ауылдық округ әкімдіктерінің мамандары белсене атсалысты.
Акция аясында жалпы саны 3 200 түп ағаш көшеті отырғызылды. Олардың қатарында 500 түп қарағаш, 500 түп сән ағашы, 800 түп өрік, 100 түп сәмбі тал, 700 түп үйеңкі және 600 түп алхоры ағаштары бар. Бұл көшеттер ауыл ішіндегі көшелерге, қоғамдық орындарға және тұрғын үйлер маңына отырғызылып, көгалдандыруға үлкен үлес қосты.
Сенбілік кезінде тазалық пен көгалдандыру жұмыстарына техникалар да тартылды. Атап айтқанда, 15 дана трактор, 3 су құйғыш техника және 1 жүк көлігі жұмылдырылып, ағаш отырғызу мен аумақты ретке келтіру шараларына жұмылдырылды.