Воскресенье, 20 апреля

Жеңістің 80 жылдығына орай «Қазақстан» телерадиокорпорациясы түсірген «Жабайы алма» телехикаясы эфирге шығады

0
31
«Қазақстан» телерадиокорпорациясы жазушы Сайын Мұратбековтің халық арасында кең танымал «Жабайы алма» повесі негізінде телехикая түсірді.
🎬Телехикая сұрапыл соғыс жылдарын, сол жылдардағы қарапайым қазақ ауылдарының тұрмысын, тылдағы ауыр тіршілікті суреттейді.
Жобаның қоюшы-режиссері – Айдын Сахаман, сценарий авторы – Қанат Рамазан. Актерлік құрамға келсек, басты кейіпкерлер: Қанатты – Заңғар Миятұлы, Бағиланы – Назгүл Қарабалина, Назираны – Жәнел Атамбекова, Рысбекті – Мақсат Рахмет, Нұғман рөлін – Саят Мерекенов, Байдалыны – Омар Қиқым ойнайды.
«Жабайы алма» сериалы – тылда еңбек еткен әйелдердің өмірін арқау еткен алғашқы ауқымды телетуынды.
📌«Телехикаяның ерекшелігі – бірде-бір кейіпкер екіншісіне ұқсамайды. Әрбірінің ішкі психологиясы, трагедиясы бөлек. Бағила – тылда қалған мыңдаған қазақ әйелінің жиынтық образы болса, Рысбек – соғыстың бүкіл қайғысын арқалаған кейіпкер. Әр кейіпкер – шынайы және дара», – дейді сценарий авторы Қанат Рамазан.
📺Тарихи телехикая «Qazaqstan» телеарнасының эфирінен Жеңіс күні мерекесіне орай көрсетіледі.

Leave a reply