ТҮРКІСТАН: САЙРАМДА ОТБАСЫЛЫҚ ЖӘНЕ ГЕНДЕРЛІК САЯСАТТЫ ДӘРІПТЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ҰДАЙЫ ЖАЛҒАСАДЫ

0
83

Сайрам ауданындағы «Отбасын қолдау орталығы» — ана мен балаға қолдау, тұрмыстық қиындықтарды жеңу, психологиялық және әлеуметтік көмек, кәсіпке баулу және балаларға арналған ойын-сауық қызметтерін ұсынатын маңызды орын  болып табылады. Бүгінде аудан көлемінде отбасы құндылықтарын сақтау, дәріптеу жөнінде түрлі шаралар қолға алынған. Осы тұста Сайрам аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің «Отбасын қолдау орталығы» КММ-нің қызметкерлері Көлкент ауыл округінде орналасқан “Белсенді ұзақ өмір” КММ-де қария кісілермен отбасы құндылығы жайлы кездесу өткізді. Қоғамның маңызды бөлшегі, ұлт тірегі отбасы құндылығы қашанда алдыңғы орында. Отбасы мемлекет пен қоғамның іргетасы болып табылады. Қашанда тәртіппен заң өзгерсе де отбасылық құндылықтар өзгермейді. Барлық жақсылық атаулы отбасынан бастау алатыны да белгілі.

Өңірде бұл бағытта профилактикалық шаралар да өз деңгейінде жүргізіліп келеді. Қазақстан Республикасының Қылмыстық процесстік Кодексінің 200-бабына сәйкес, яғни қылмыстық құқық бұзушылықтар және басқа да заң бұзушылықтар жасауға ықпал еткен мән-жайларды жою, отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқық бұзушылықтарға жол бермеу мақсатында ағымдағы жылдың жоспарына сәйкес облыс,аудан аумағында «Тұрмыс» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.

Осыған орай, Сайрам аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің «Отбасын қолдау орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен, Қарасу ауылдық округінде,қазіргі таңда белең алып жатқан әйел азаматшалар арасында тұрмыстық зорлық-зомбылық және кәмелетке толмаған жасөспірімдер арасындағы заң бұзушылықтардың алдын алу бойынша ауыл тұрғындарына түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Сайрам ауданында мемлекеттік отбасылық саясатты жүйелі жүргізуге бағытталған әлеуметтік нысандар қатары толыға түсті. Бүгін ауданға қарасты Қарасу ауылында «Сайрам аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Отбасын қолдау орталығы» ашылды.

Бұл коммуналдық мемлекеттік мекеме биылғы жылдың шілде айында мемлекеттік тіркеуден өтіп, орталықта 25 штаттық бірлік бекітілген. Бір қабатты ғимаратта орналасқан мекемеде қазіргі таңда 10 кабинет бар. Қазіргі уақытта Түркістан облысында әйелдердің еңбек нарығына қатысуын арттыру, қыз балалардың білім алу мүмкіндіктерін кеңейту, отбасындағы гендерлік теңдік мәдениетін қалыптастыру, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу және әйел кәсіпкерлігін қолдау бағытында жаңа жобалар жүзеге асып жатыр.

Гендерлік саясаттың мемлекеттік негіздеріне тоқталсақ, елімізде гендерлік теңдікті қамтамасыз ету үшін «Қазақстан Республикасындағы әйелдер мен ерлердің тең құқықтарының және тең мүмкіндіктерінің мемлекеттік кепілдіктері туралы» заң жұмыс істейді. Осыған сәйкес, әр облыста арнайы бағдарламалар әзірленіп, жергілікті деңгейде орындалып отыр. Бұл бағытта Түркістан облысында «Әкелер мектебі» мен «Аналар клубы» жұмыс істейді. Бұл бастамалар отбасында әке мен ананың рөлін тең дәрежеде қалыптастыруға ықпал етеді. Мектептерде «Отбасылық өмір мәдениеті» факультативі енгізіліп, қыз балаларға өзін-өзі бағалау, құқықтық сауаттылық, көшбасшылық дағдылар үйретілуде.

Жуықта Түркістанда «Әйелдер және қоғам» форумы өтіп, оған еліміздің түкпір-түкпірінен 300-ден астам белсенді әйел жиналды. Форумда гендерлік саясаттың жаңа бағыттары талқыланып, әйелдердің саясатқа қатысуын кеңейту ұсынылды. Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу тақырыбы да өңірде өзекті саналады. Түркістан облысында тұрмыстық зорлыққа қарсы түрлі бағдарламалар жүзеге асырылуда.

Отбасылық және гендерлік саясат тұжырымдамасында: «Мемлекеттік саяси қызметшілер құрамында әйелдердің өкілдік етуі саласында оң серпін жоқ. Жұмыс істейтін 728 мемлекеттік саяси қызметшінің 65-і немесе 8,9 %-ы әйелдер.17 өңірде әйел әкім орынбасарларының үлесі 9,3 %-ды құрайды. Облыстар, астана, республикалық маңызы бар қалалар әкімдерінің және олардың бірінші орынбасарларының жалпы құрамында әйелдер 9,5 %-ды құрап отыр. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша мемлекет қатысатын компаниялардың басшы органдарында әйелдер үлесін кезең-кезеңімен 30 %-ға дейін арттыру бойынша жұмыс жүргізіліп жатқанын атап өткен жөн.

Облыста отбасылық құндылықтарды дәріптеу, жанұяның беріктігін сақтау, ажырасудың алдын ала бағытында түрлі жобалар ұайымдастырылуда. Атап айтсақ, «Отбасы бақыт мекені», «Тәрбиенің ең тамаша мектебі – отбасы», «Жас отбасындағы қақтығыстар», «Жанұя – бақыт тілегі», «Тәрби тал бесіктен басталады», «Ұлттық құндылық – отбасы тәрбиесінде», «Тәртіп-тәрбие бастауы», «Отбасы ең үлкен құндылық» тақырыптарында отбасыларға 10 психо-профилактикалық жұмыстар жүргізіліп, 500-ге жуық отбасы қамтылды. Соның аясында Түркістан облысы әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссиясы, Түркістан облысы Полиция департаментінің жергілікті полиция қызметі басқармасы, Түркістан облысы әйелдерді қолдау үкіметтік емес ұйымдарының бірлескен жоспары бекітілген. Осы жоспар аясында комиссия тарапынан отбасылық-тұрмыстыұ қатынастар саласында әйелдер мен балалардың құқықтарын өорғау бойынша оң жұмыстар атқарылған. Комиссия зорлық-зомбылық көрген әйелдерге медициналық және психологиялық көмек көрсетеді. Әйелдерге жасалатын зорлық-зомбылықтың алдын алу мақсатында мүдделі органдарымен, үкіметтік емес ұйымдармен және қоғамдық кеңестермен бірлескен жұмыс атқарылуда. Комиссия мемлекеттік органдармен, үкіметтік және үкіметтік емес қоғамдық бірлестіктерімен, «Қазақстан іскер әйелдер ассоциациясы» ҚБ Түркістан облысының филиалы, «Сана сезім» Әйелдер бастамаларының құқықтық орталығы» ҚБ және «Сенім-Ай» ҚБ-нің «Көмек» дағдарыс орталығымен тығыз байланыстығын арттыру мақсатында жиі кездесу ұйымдастырылып, пікірі алмасады. Жәбір көрген қыз-келіншектерге көмек көрсетіліп, зорлық-зомбылықтың түрін талдап, категориясын анықтап, медициналық және психологиялық кеңестер беріледі.

Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылық миллиондаған адамдарға әсер ететін жаhандық мәселеге айналған. Дегенмен, дүние жүзінде зардап шеккендерге көмек пен қолдау көрсетуге дайын ұйымдар мен бастамалар көбейіп келеді. Бұл жұмыстаы басты рөл зорлық-зомбылық құрбаны болған әйелдерге жан-жақты көмект көрсететін мамандандырылған орталықтарға тиесілі.
Ал әйелдерге көмек көрсету орталықтары мәселенің барлық аспектілерін ескеретін кешенді әдісті қолданады. Бұл жай ғана жедел жәрдем емес, физикалық және писхологиялық денсаулықты қалпына келтіруге көмектесетін маңызды қолдау жүйесі. Өңірде әйелдерді қолдау және қорғау мақсатында жұмыс істеп жатқан орталықардың басты мақсаты да осы.

Өңірде ана мен бала өлімінің алдын алуда мемлекеттік органдардың жұмыс тиімділігін арттыру мәселесі де назардан тыс қалмаған. Сонымен бірге демография, ана мен бала денсаулығына қатысты түйткілдер де кезең-кезеңімен шешіліп келеді.

Leave a reply